Сыныптан тыс жұмыс. "Наурыз аруы" сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. "Наурыз аруы" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне орай өткізілген арулардың сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Наурыз аруы» сайысы


1-Жүргізуші: Заңғар. 

Құрметтіата-аналар, қонақтар, балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын!


2-Жүргізуші:Дильназ

Ұлыс бақты болсын.

Әркүніміз жақсы болсын

Достығымыз берік болсын.

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын.

Ұлыс береке берсін.

Пәле-жала жерге енсін.      

Қайғы-уайым жоқ болсын.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!


1-оқушы: Нұрасыл

Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылған

Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.

Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген

Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.


2-оқушы:  Камила

Көктем тойы – әніміз,

Көркем өнер сәніміз

Өлең-әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, наурыз, дәстүрлі.


4-оқушы: Диана

Наурызда күлімдеп

Күн нұры төгілді

Өзгеше бүгін леп

Желпітер көңілді.


5-оқушы:  Айым

Наурызды халқымыз

Жыл басы санайды.

Көнермес салтымыз

Көктемдей арайлы.


6-оқушы:Алинұр Қ.

Әнім де саған, білім де,

Құт қонақ өзің үйім де

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде

7-оқушы: Еркеназ

Наурыз – гүл көктем

Сәнді еді арайлы

Күлімдеп күн көктем

Нұр шашып қарайды.

Бусанып жерім бай

Төсінде қалқып ән

Наурыз көңілді ән

Шаттығы шалқыған.



1-Жүргізуші:Заңғар. 

Уа, халайық, халайық, 
Мұнда назар салайық. 
«Наурыз ару» сайысын 
Рұқсат болса бастайық. 



2-Жүргізуші:

Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе,

Кімде болса бас иеді мойындап,

Қарсы алдында қазақ қызы келгенде – дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортаға шақырамыз


Алинұр М. таныстырады.

1 ару. Айша

Бұлбұл құстай сайраған

Әнімен бойлды жайлаған

Сыныптағы әнші Айша

Жұлдыздай боп жайнаған



2. ару. Зарина

Көңілінде шуағы бар көктемнің

Заринадан естімейміз өктем үн

Көкірегінде көзі барлар біледі

Заринаның инабатты екенін


3 ару. Саяжан

Қорғасынджай мінезі бар салмақты,

Бар жұмыстың жайын білер жан-жақты

Аз сөйлеп -ақ, көптеген іс тындырар,

Саяжан қыз сыныптағы ардақты



4 ару. Адина

Еңбексүйгіш, ерінгенге жаны қас

Бір жұмысты екі істеп сабылмас

Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,

Адинадай ер жүрек қыз табылмас



1-Жүргізуші:Заңғар. 

Бүгінгі біздің сайысымызды тамашалап, бағалайтын әділ қазылар: Қарлығаш Қапанқызы, бастауыш сынып мұғалімі. т.б. 

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші 
Аруы деп сыныптың жүрейікші 
Әділқазыларға тек әділдікті, 
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші! 



2- жүргізуші:

Сайысымыздыңкезеңдеріментанысболыңыздар.
1.    Өзін -өзітаныстыру.
2.    Өзөнерінкөрсету
3.    Мақал- мәтел сайысы

4.    «Үй тапсырмасы»
5.    Сән үлгісі

1-Жүргізуші:Заңғар. 

I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.- деп аруларымыздың өзін- өзі таныстыруына рұқсат етейік

1 ару. Айша

2. ару. Зарина

3 ару. Саяжан

4 ару. Адина

Қазылар алқасынан 1 кезеңнің бағасын сұраймыз

1 ару. Айшаның бағасы

2. ару. Заринаның бағасы

3 ару. Саяжанның бағасы

4 ару. Адинаның бағасы


2-жүргізуші: Дильназ

II кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

1 ару. Айша

2. ару. Зарина

3 ару. Саяжан

4 ару.Адина

Қазылар алқасынан 2 кезеңнің бағасын сұраймыз

1 ару. Айшаның бағасы

2. ару. Заринаның бағасы

3 ару. Саяжанның бағасы

4 ару.Адинаның бағасы

 

1-жүргізуші: Заңғар

3кезең. «Мақал-мәтел сайысы»
Сымбатынасән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнерінесәнісай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.- демекші, бұл кезең шарты бойынша аруларымыз ана, оқу -білім жайлы мақал-мәтел айтып жарысады.

Аруларымызды қошеметпен ортаға шақырайық

Қазылар алқасынан 3 кезеңнің бағасын сұраймыз

1 ару. Айшаның бағасы

2. ару. Заринаның бағасы

3 ару. Саяжанның бағасы

4 ару. Адинаның бағасы


2-жүргізуші:Дильназ

4  кезең. Үй тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйде өз қолдарымен жасап келген бұйымын баршаға тарту етеді.

1 ару. Айша

2. ару. Зарина

3 ару. Саяжан

4 ару. Адина

Қазылар алқасынан 4 кезеңнің бағасын сұраймыз

1 ару. Айшаның бағасы

2. ару. Заринаның бағасы

3 ару. Саяжанның бағасы

4 ару.Адинаның бағасы


Қыздарымыз келесі кезеңге дайын болғанша сыныбымыздың бишілері қалалық, облыстық спорттық би сайыстарының жүлдегері Алима мен Исминаны қарсы алыңыздар



1-жүргізуші:Заңғар

V кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

1 ару. Айша

2. ару. Зарина

3 ару. Саяжан

4 ару.Адина


Қазылар алқасынан 5 кезеңнің бағасын сұраймыз

1 ару. Айшаның бағасы

2. ару. Заринаның бағасы

3 ару. Саяжанның бағасы

4 ару.Шырынның бағасы

5 ару. Адинаның бағасы



2-жүргізуші: Дильназ

Міне, сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сыныбымыздың оқушылары шетінен өнерлі. Оқушыларымыздың орындауында «Наурыз» әнін қарсы алыңыздар.


Қазылар алқасының қорытындысын тыңдасақ.


1-Жүргізуші: Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт–береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
838
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі