ШҚО ББ « №3 арнайы
мектеп-интернат» КММ
Сыныптан тыс
жұмыс
Тақырыбы: Қазақтың байырғы
өлшем бірліктері
Дөңгелек
стол
9а,10а
сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың
байырғы өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты: Логикалық
ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетімен
еңбектенуге тәрбиелеу;
Байырғы өлшемдердің математика
курсында алатын орнын анықтау;
Тақырыпқа сәйкес өлшемдерді
іріктеу және оларды қарастыру;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
1.Еліміздің әрбір парасатты
азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет,
себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де
сыйлай алады. Туған тілінің асыл қазынасының тұнығынан тұшынып іше
білген, оның інжу- маржанын мөлдіретіп тізіп ала білген ұрпақ қана
халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды.Байтақ далада сан ғасыр көші
- қонды күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін өлең – жырымен
ағытқан, ақыл мен ойдың кені даналық сөз өнерінде деп қадірлеген,
қылпылдап тұрған қылышқа қыңбаса да, жүйелі сөзге жүгінген. Сөз
асылы жыраудан – жыршыға, атадан – балаға ұласып, тот баспай,
ғасырлар аттап, біздің дәуірімізге жеткен.
Байырғы қазақ өлшемдері –
өлшем-мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ.
Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымдық пішіні, мөлшері бар.
Өлшем – өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа
қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші,оның ұзындық,
қалыңдық, көлемдік, қашықтық мөлшері бар.Ертеде дәлдік өлшем
аспаптары жоқ кезде қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи
заттардың бүтіні немесе бөлігі сандық және салыстырмалы түрде,
сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған.Қазақ даласының ерте
дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атауы бізге жат
естіліп, ұғымымызға жатпауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол
–тарихи тәлім, өнеге.
Халық тұрмыста қазақтың
байырғы өлшемдерін қолданған. Кейде адамдардың іс-әрекетін,
қадір-қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда « бес саусақ бірдей
емес» деген сөзді мәтел есебінде айтады. Ендеше бізге қажет болатын
байырғы өлшем бірліктерді қарастырайық.
2.Саусақпен өлшенетін
ұзындық өлшемдері:
№
|
Өлшемі
|
Түсінік
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
|
Елі
Сүйем
сын
сүйем
қарыс
сүйем
сере
қарыс
кере
қарыс Қарыс
Сүйем
Елі
|
-саусақтың көлденең қалыңдығы,
тұтам-5 еліге тең
- бас бармақ пен сұқ саусақтың
арасы
-сұқ саусақтың буыны бүгіліп
барып белгіленетін өлшем
-бас бармақ пен орта саусақтың
аралығы
-сұқ саусақ пен шынашақтың
кере созылған арасы
-бас бармақ пен шынашақтың
кере созылғандағы аралығы
– толық жазғандағы бас бармақ
пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19-20 см)
бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыста пайдаланылған. Мысалы киіз үйдің
уығы 12-16 қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі –
сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына
тең.(шамамен 17-18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың
арасына тең өлшемді сынық сүйем
дейді.
– шамамен аршының ширегіне
(төрттен бір бөлігіне) тең
-сұқ саусақтың еніне тең
ұзындық бірлігі(шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің
мөлшері, т.б елімен өлшенеді.
|
3. Қолмен өлшенетін ұзындық
өлшемдер: Қазақ халқының ауыз
әдебиетінде ұзындық өлшеміндегі өлшем сөздер кез, аршын, сүйем,
құлаш, тұтам, шынтақ, қарыс, елі, табан, т. б. түрінде кездеседі.
Кез – көне өлшем бірлік сөзі. Шамамен 70 – 80 см - ге тең ( дәлірек
айтқанда 71, 12 см-ге) ұзындық өлшемі. Мысалы, « әлгі құлын алты
айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты »
4.
Саусақпен өлшенетін сыйымдық
өлшемдер:
5.Қашықтық
өлшемі
Сергіту сәті: Көзге арналған
жаттығулар және логикалық сұрақтар: