Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Құстардың пайдасы

Сыныптан тыс жұмыс. Құстардың пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сыныптас тыс шара ретінде қолдануға болады. Жас ұстаздар тәжірибе ретінде қолдана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
1246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Құстар - біздің досымызМақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.Көрнекіліктер: Альбом, суреттер, плакаттар.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөліміМұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар !Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Міне, көктем жыршысы құстар келе бастады.Құстар біздің досымызБіз қамқоршы боламызҚұстарға ұя саламызЖем су беріп жаз бойыБалапанын бағамыз.Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты сыныптан тыс сағатымызды бастаймыз. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. Оқушылар, қандай жыл құстарын білесіңдер? (Барқылдақ, торғай, бозторғай, қарлығаш, шымшық, көкек, қара торғай т. б. )Оларды не үшін жыл құстары дейміз?(Олар алысқа ұша алады. Суық түсісімен алыс жақтарға ұшып кетеді де көктемде біздің жаққа тіршілік етуге қайтып оралып, ұя салады, балапан шығарады)Қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме?(ұзақ қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық, көгершін)- Дұрыс. Олар ешқайда кетпейді. Жыл бойы біздің жақта тіршілік етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз болса да өз қоректерін тауып жейді екен.Үй құстарын білесіңдер ме?( тауық, үй қазы, күркетауық, үйрек)Біздің Казталов елді мекенінде қандай құстар бар?Мұғалім: Ал, балалар, сіздердің білімдеріңізді сынау үшін сайыс өткізіп көрелік. Құстардың суреті бойынша Қане, 3 топқа бөлініп отыра қоялық.Сайыстың шарттары:1.Таныстыру2.Мақал- мәтел3. Сұрақ - жауап4. Жұмбақ5. Құстардың дауысын салу немесе құсқа байланысты болжамдар айт.6. Кім көп біледі?7. «Қанатты достарымыз» Тақтаға аққу, үкі, қарға, торғай, қарлығаш, көгершін, суреті ілінеді. Балалар таңдаған құсы туралы әңгіме құрастырады. 8.Сауысқан мен көкек ертегісі. Жоспары: 1.Сауысқан мен көкектің әңгімесі. 2.Құстар ұясы. 1.Көкектің әлі күнге дейін өзімдігі дейтін ұясы жоқ. 2.Сауысқан қандай құс? 3.Көкек қандай құс? І.Әр топ өздерін таныстырсын.ІІ. Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері қаншама десеңші! Мақал - мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы. Сол мақал – мәтелдерді айтып жарысайық. Әр топ өз білгендерінше мақал айтады.1 - оқушы: Ақсұңқар - құстың баласы алдына қоймай жем жемес.2 - оқушы: Аққу құссыз - көл жетім, айтылмаған сөз жетім.3 - оқушы: Өлеңге енсе - сөз сұлу, аққу жүзсе - көл сұлу.4 - оқушы: Қарға баптанып, сұңқар болмас, Есек мақтанып, тұлпар болмас.5 - оқушы: Бұлбұлға бау жақсы,Кекілікке тау жақсы.Ер жігітке бәрінен,Туып - өскен ел жақсы.Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес.Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты»т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.- Енді балалар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік. Әр топ бес сұраққа жауап береді.1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(Бүркіт)2. Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)3. Қандай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)4. Бейбітшілік құсы қай құс? (Көгершін) 5. Құстар балапандарын қайда өсіреді? (ұяда)6.Киелі құс?(аққу)7.Қандай құстың құйрығы айыр?(қарылғаш)8.Түнде ұшатын құсты ата? (жарғанат)9. Орман дәрігері?(тоқылдақ)10. Өз атын өзі шақыратын құс?(көкек)11. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)12. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)13. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)14.15. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)ІҮ.Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрелік. Әр топ бес бетен жұмбақ шешеді.1.Туысы дейді құстардыңІнісі дейді тышқанныңТышқан да емес, құс та емесЕкеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)2.Қызығып әр адамҰстап ап даладанЖүнімен жұлып апБесікке қадағанБұл қай құс? (үкі)3.Қашаудай мықты тұмсығымБәсеке тігем бұл шынымҚұрт, қоңыз, аулап жарысамОрман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)4.Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандайҰшса оқтай зулайдыКөктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш)5.Биікке салған ағаш үйСол ғой оның мекеніЖаздай сайран салып апҚыста алысқа кетеді (Қараторғай)6. Он екі айдың біреуіСірә оның атындаӨзге ұяға із тастапМен деп жар сап жүреді (Көкек)7.Сайрайды бір талмайды, Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл) 8. Қараңғыда ұшады, құбылады.Жарық көрсе қашады, тығылады.        (жарқанат)9. Шарлап келіп даланы, Үйіне үй салады.   (қарлығаш)10.Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандай.Ұшса оқтай зулайдыКөктем жұлдыз қаққандай.   (қарлығаш) 11.Орман іші солқылдап,Жаңғырықты түнімен.Ұрды ағашты тоқылдап,Тұмсығының түбімен.        (тоқылдақ)12.Тоқылдатып манағы ап, Ағаштарды тазалап. Ормандарды емдейді, Зиян кесте жазалап. (Тоқылдақ) 13. Туысы дейді құстардың Інісі дейді тышқанның Тышқан да емес, құс та емес Екеуінен де тыс қалдым 14. Биіктікті сүйедіЖыланға жаудай тиедіКесірткені де іледіТышқанды да бүредіАйтындаршы қанекиБұл құсты кімдер біледі. (Бүркіт)15.Ұшадықара қанаты бар үйдің айналасындажүреді. (Қарға)Y.Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.· Қарға қарқылдаса - қар жауадыҮІ.Кім көп біледі? Құс аттарын параққа жазу.Мұғалім: Оянып бар табиғат ұйқысынан,Жадырап құтылғандай құс қамынан.Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.Міне, құрметті қонақтар осымен құстарға арналған “ Құстар – біздің досымыз“ атты сыныптан тыс сағатымыз аяқталды. Қымбатты құстарға қамқор болайық.







































Тақырыбы: Құстар-біздің досымыз. Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстар туралы білімдерін тереңдету, толықтыру; Құстарға деген қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту;Туған жер табиғатын аялауға, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.Түрі: сынып сағатыӘдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап ойын. Көрнекілігі: Құстар суреті, «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстартуралы буклет. Барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу ,оқушыларды түгелдеу.Оқушылар назарын аудару. Ой шақыру : 1.Қандай құстарды білесіңдер? 2.Жабайы құстарды білесің бе? 3.Үй құстарын атап бер? 4.Құстар көктемде қандай келеді? 5.Ең алдымен қандай құс келеді? Мұғалім : Құстардың түрі өте көп. Олардың біз үлкен екі топқа бөлеміз?ҚұстарЖабайы құстар Үй құстары.Жабайы құстар –табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олардың бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.Барлық құстарға ортақ қасиет :ұшады,қанаттары , мамықтары, тұмсықтары болады.Олар жұмыртқалайды ,балапан басады. Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай түрліше болады.Мысалы :бүркіттің тұмсығы өткір,қатты болады. Себебі, олар түрлі тышқандар мен ұсақ жануарлармен қоректенеді.Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған.Құстар көктемде жылы жақтан келеді. Жылы жақ Африка, Оңтүстік. Ең алдымен тырна келеді. Сосын су құстары, қарлығаш. Оларды жыл құстары дейміз. Бұлардың көктемгі тіршілігіндегі ерекшелігі туған жерге оралуы, ұрпақ қамы, ұя салуы, жұмыртқа салып, балапан шығаруы. Үй құстары – тауық, күрке тауық, үйрек, қаз. Бұлардың бәрі де қорегін тұмсығымен шоқып жүріп жейді. 1. Жұмбақ шешу ойыны. 1.Үй маңына үйір, адамға жақын, ел тыныштығының белгісі қандай құс? (Ақ көгершін) 2.Тоқылдатып манағы ап, Ағаштарды тазалап. Ормандарды емдейді, Зиян кесте жазалап.(Тоқылдақ) 3.Қызығып әр адам, Ұстап ап даладан. Жүнімді жұлып ап, Бесікке қадаған. Бұл қандай құс? (Үкі) 1. «Қанатты достарға қамқорлық» ойыны. 2. Құстардың дыбыстауы ойыны. Кім тапқыр. А) кө-кек Б) ку-ка-ре-ку В) чик-чик Ойын «Қанатты достарымыз» Тақтаға аққу, үкі, қарға, торғай, қарлығаш, көгершін, суреті ілінеді. Балалар таңдаған құсы туралы әңгіме құрастырады. Қорыту. Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді. Қазақ халқы шебер әншіні «бұлбұлға», ардақты ер азаматын «лашынға», «сұңқарға», керемет сұлуын «аққуға», кішкентай баласын «балапанға» теңеген. Құссыз әлем бос қаңырап қалар еді. Сауысқан мен көкек ертегісі. Жоспары: 1.Сауысқан мен көкектің әңгімесі. 2.Құстар ұясы. 1.Көкектің әлі күнге дейін өзімдігі дейтін ұясы жоқ. 2.Сауысқан қандай құс? 3.Көкек қандай құс? Жұмбақ Қайталап атымды, Ән салып аламын, Кез-келген ұяға, Жұмыртқа саламын (Көкек) (Көкектің ұясыз қалуына еріншектік, жалқаулығы әсер етті.) Тиым сөздер 1.Құстың ұясын бұзба, Жұмыртқасын жарма. 2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба. 3.Аққуды атпа.Қорытынды.Оқушылар өздерінің құстар туралы білімдерін толықтырып, сабаққа белсенен ат салысып, жұмбақтар шешіп, ойын ойнап, тиым сөздерді оқып, құстарға қамқор болу керектігін ұқты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ