сыныптан тыс жұмыс "Қыз еркем, анасымен көркем" 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс "Қыз еркем, анасымен көркем" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс жұмыс ұстаздарға керек. Әсіресе мектептегі жас мамандарға пайдасы болар деген мақсатпен жазып отырмын. Өз басым осы сайттан өзіме керекті материалдарды керек кезінде жүктеп аламын.Сондықтан да осы сайттың ұжымына алғысым шексіз. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілеймін.Келген жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ит жылы бәрімізге құт-береке әкелсін!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: слайд, ақпараттық технология

Барысы:


Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған  Қыз еркем анасымен көркем ” атты сайысқа қош келдіңіздер!

жүргізуші


Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды  шақырамыз. (әсем әуенмен)

1-Жауқазын тобы

2-Раушан тобы

3-Қызғалдақ тобы

4-Бәйшешек тобы

5-Сарғалдақ тобы


-жүргізуші

Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алайық

Әділқазылар   алқасы:

1--------------------------------------------------

2---------------------------------------------------

3----------------------------------------------------

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.


  1. «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру

  2. «Өнерлі өрге жүзер» Қыздарымыздың өнерін тамашалайық! Аналарымыздың хоббиін тамашалайық

  3. «Бәйге» /сұрақ – жауап

  4. Ас адамның арқауы- салат жасау

5. Сұлулық сыры - киім үлгісі

1-жүргізуші

Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық! — деп,  сайысымыздың  бірінші бөлімін бастайық.



1-Бөлім  Сәлем - сөздің анасы Әр отбасы өздерін таныстырады.

2 – бөлім. Өнерлі өрге жүреді


1. Қыздар өз өнерлерін көрсетеді

2. Аналар хоббиі


3- бөлім «Бәйге»

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

Әр топқа 2 -сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

3 – бөлім

Ас- адамның арқауы. Салат жасап қорғайды

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз


4-бөлім Сән үлгісі-2017


7.Қорытынды.

 жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

 

      Марапаттау. Сыйлықтар тарату. І, ІІ, ІІІ орын және 5 номинация



































«Қыз еркем , анасымен көркем»

(жарыс)

2Б сынып





Сегизбаева К









2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.01.2018
674
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі