Сыныптан тыс жұмыс "Қызықты елді мекен-МИФ"10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Қызықты елді мекен-МИФ"10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс математика,информатика және физика пәнін 10-11 сыныптарда оқытатын мұғалімдер пайдалануға болады.Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын оятады. Қызықты мәліметтер пайдаланылды..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызықты елді мекен -МИФ

1:Армысыздар құрметті жас саяхатшылар, қызықты елді мекен -МИФ ке қош келдіңіздер!

2: Сіздердің бүгінгі саяхаттарыңыз қызықты әрі танымды түрде өтеді.

Сіздерге бұл саяхатта 3 досыңыз Білім, Сәттілік және Ұйымшылдық көмек береді.

Сайыс ережелері: Тәртіп, ұйымшылдық, мағынаны ашу.

1: Бұл саяхатта Физика әлемінің 6 қақпасынан өтесіздер.
1.Таныстыру (аты, ұраны, таңбасы)
2. Қызық екен (ғалымдар өмірінен)
3. “ КІМ? НЕ? ҚАЙДА?”(сұрақтар)
4. Бұл фокус емес, бұл Физика(тәжірибе)

5.Озық ойлы көшбасшы(викториналық сұрақтар)

6. Тылсым құбылыстар
7. Алтын қақпа

Әділ – қазылар алқасымен танысайық:

1.

2.

3.

2: Армысыздар, қымбатты төрешілер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер-

Енді саяхатшылар МИФ әлемінің 1 қақпасы " Таныстыру"- дан өтесіздер

Бұл өткелден өту шарты: топтың атын құру, ұраны мен көшбасшы тағайындау.

Және сіздердің топтарыңыздын аты мен ұранында өзіндік ерекшелігі болуы қажет.

1: Сіздердің топтарыңыздың ұйымшылдығының арқасында 1 қақпадан сәтті өттіңіздер. Бір бірімізге қошемет көрсетейік!!!

2: 2 қақпа МИФ-тің құпия сөздігінің сырын ашу үшін сіздер берілген кілт сөздерді қолданып, құпия сөздердің жиынтығын табуларыңыз керек.

Яғни, парақшада жазылған әріптердің құпиясын ашатын тақырыптық сөздер жазыңдар. Әр сөздің мағынасын ашып айтса ұпай саны артады.

1:Саяхатшылар МИФ әлемінің күрделі 3-ші қақпасына да келіп жеттік, 3-ші қақпа сұрақ-жауап сайысы КІМ? НЕ? ҚАЙДА?”. Бұл кезеңде әр топ өзіне ұяшық таңдайды, берілген логикалық сұрақтарға топпен бірлесіп 1-2 минут ішінде жауап беруі тиіс.

Сұрақ 1:Неге 1960 жылы төрешілер қысқа қашықтықта жүгіруде белгі ретінде флэш шам жарық беретін тапанша пайдалануды ұйғарды?

Себебі: Дыбыс 100 м қашықтықта 0,02 с жетеді. Сонда жүгірушілер жүгіріп кетеді, ал мәредегі хрономолистристар секундомерді қосып үлгермейді.

Сұрақ 2: “Байқаңыз үзілген жапырақтар” неге трамвай жолына жақын “Осторожно, листопад” атты жол белгісі тұрады?

Себебі: Жолға түскен жапырақтар трамвай дөңгелегін баскан кезде жапырақтардан бөлінетін сұйықтықтың әсерінен үйкеліс азаяды. Дөңгелек тайғанап, жолдан шыгып кетуі ықтимал.

Сұрақ 3: Неліктен керосин шамын пайдаланғанда, бөлме төбесінде қара дақ пайда болады. Және электр лампалы шамында да қара күйе пайда болады. Мұны қалай түсіндіруге болады?

Себебі: Электр шамы ауаны қыздырып, нәтижесінде конвекциялық ағын пайда болады да, ауадағы шаң түйіршіктерімен бірге төбеге жабысып қалады. Сондықтан шамның төбесінде қара күйе қалады.

Сұрақ 4:Неліктен аязды күндері ағаштар сықырлайды?

Себебі: Қатты суықта ағаш құрамындағы шырындар қатқан кезде, су тәрізді ұлғаяды да, ағаштың сыртындағы қабығын жарады. Нәтижесінде сықыр пайда болады.

Сұрақ 5:Неге ауа шарларын көтеруші куш күндіз көбірек әсер етеді?

Себебі: Күндіз күн сәулелері стратостаттағы газды жақсы қыздырып, шар көлемі ұлғаяды. Яғни, көтеруші күш артады.

Сұрақ 6:Неліктен Эйфель мұнарасының биіктігін нақты анықтауға болмайды.

Себебі: Ыстық күнде, суық күнге қарағанда мұнара биіктігі артады. Темір ыстықта созылады.

Сұрақ 7:Неліктен суық кундері адамның шашында, кірпігінде, қасында қырау пайда болады?

Себебі: Адам демалғанда шығатын бу суық затпен жанасқанда қырауға айналады.

Сұрақ 8:Неліктен өзен суының терең жерлерінде су деңгейі шамалы көтеріледі?

Себебі: Судың терең жерлерінде ағыс жылдамдығы азаяды. Бернулли заңы бойынша жылдамдық азайса, қысым артады. Сол себепті су деңгейі шамалы көтеріледі.

Сұрақ 9:Неліктен біз дыбысты күндізге қарағанда түнде жақсы естиміз?

Себебі: Күндіз Күн жер бетін біркелкі қыздыра алмайды.

Сұрақ 10:Бізге аспан көк болып, Айдағы бақылаушыға аспан қара болып, Марстағы бақылаушыға қызғылт болып көрінеді екен, неліктен?

Себебі:Күннен келген жарықты әр ғаламшар әр түрлі шағылдырады. Жер көк сәулелерді, Ай барлық сәулелерді жұтады, аз шағылдырады, ал Марс қызғылт сәулелерді шағылдырып, қалғанын жұтады деп түсіндіреміз

Сұрақ 11: Артиллеристтерде қарудан ату кезінде ауызды ашып тұру керек деген ережелері бар. Бұл ережені олар неге қолданады?

Себебі: Ату кезінде ауа толқындары қатты тербеледі және құлақ жарғақшасына үлкен күш түсіреді. Күштің әсерінен құлақ жарғақшасын жыртылып кетуі мүмкін және адам соның әсерінен саңырау болып қалады.Ал егер сол кезде ауызды ашып тұрса, ауа түтікше арқылы кіші құлаққа кіреді. Құлаққа іштен және сырттан күш бірдей әсер етеді, сонда құлақ жарғақшасы жарылмайды.

Сұрақ 12: Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия 

2: Суреттерге зер салып,

Сұрақтарға зейін қоя қараңдар,

Бар суретке тереңірек мән беріп,

Білімділер ой толғайды жараңдар

Алдыңғы кезеңде сіздердің логикалық ойлау қабілеттеріңіз бағаланды. Ал келесі “Ғажайып суреттер сыры” өткелінде сіздердің практика мен теорияны қалай байланыстыра алатындарыңыз сыналады. Бұл кезеңнің ерекшелігі сіздердің назарларыңызға суреттер және сол суретке қатысты шағын ертегі беріледі. Ертегідегі жұмбақты сіздер МИФ тілінде түсіндірулеріңіз керек. Ал іске сәт!

1-ші ертегі.Ата мен әже өздерімен-өзі өмір сүріп жатты. Олардың тауығы болды. Осы тауығы алтын жұмыртқа әкелді. Атасы ұрып көрді жарылмады, әжесі ұрды жарылмады. Бір кезде бір бұрыштан тышқан шыға келіп құйрығымен жұмыртқаны қағып кетті ме екен, әйтеуір әлгі жұмыртқа жарылып қалды. Атасы мен әжесі жұмыртқаның жарылып қалғаның көріп жылап жібереді, сонда тауығы: «Ата, әже сіздер жыламаңыздар мен сіздерге енді алтын емес кәдімгі жұмыртқа тауып беремін», - дейді. Сонда жұмыртқаны кім сындырған?

Жауабы: Жұмыртқаны кім көрді немесе қозғады сол сындырды: атасы ма, әжесі ма немесе тауық па? Тынышта тұрған кезде жұмыртқада(қарт кісілермен салыстырғанда олар еденнен биікте орналасқан орындықта отыр ғой) потециялық энергия болады, оны көтере бастаған кезде потенциялық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бұл жағдайда тышқан құйрығымен іліп жұмыртқаны қозғалысқа түсіреді. Соқтығысу кезінде(тышқанның кинетикалық энергиясы) кинетикалық энергия әсерінен жұмыртқаның пішіні деформацияланып (сынып), яғни жарылады.

2-ші ертегі. Аю балды өте жақсы көреді.Аралар орналасқан ағашқа жоғарғы жағынан жіпке ағаш цилиндр байлап қояды. Аю ағашқа өрмелеп жіпке байланған кесек ағашты итеріп, ара ұясына жетпек болады. Ал кесек ағаш маятник немесе әткеншек сияқты қозғалып, қайта аюға соғады, осылайша қозғалыс бірнеше рет қайталанады, аюды соғып тастайды. Бір кезде аю құлап қалады. Аюды құлатқан кім?

Жауабы: Аюды құлатқан өзі. Бұл жұмыс аюдың өзінің энергиясы есебінен жасалды. Аюды қатты итеріп жіберген ағашы біршама биіктікке көтеріледі. Осы кезде потенциялық энергия ( аюдың потенциялық энергиясы) ағаштың кинетикалық энергиясына айналып, қайта аюға соғады, осылайша жалғаса береді. Ызаланған аю ағашты одан сайын бар күшімен итереді, кесек ағаш болса өзіне қайта соға береді, сөйтіп аю күшінен айырылып, шаршап, оның үстіне кесек ағаш соғып әбден шаршап, құлап қалады. Сөйтіп ол өзін-өзі құлатады.

3. Ертеде бір Шал мен Кемпір бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Бір кезде оған Қоян жолығып:

-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

Бір кезде Аю жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-  Жолмен домалап барамын.

-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

-  Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.Бұл ертегіде қандай алгоритм орындалды?

Жауабы: циклдік

1: Сіздер білетіндей әр ортаның өзіндік ерекше құбылыстары болады, сол сияқты біздің МИФ әлемінің де ғажайып құбылыстары бар. “МИФ әлемінің тылсым құбылыстары” кезеңінде әр топқа жасырын тапсырмалар беріледі.Тапсырманы орындау дәрежесі адамның актерлық шеберлігіне байланысты. Кезеңнің шарты: Берілген тапсырманы топ мүшелері сахынаға шығып көрсетулері қажет, ал қарсылас топ көрсетілген құбылыстың жауабын табады.


2: Бәрінің бағынары ғылым ғой

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын егер еңбегің еш.

Негізі бар ғылымның МИФ деген

Жалықпай оқып үйрен тек қана,

Білімнің есігін ашты көзін тауып,

Ньютон, Ада Лавлейс, Пифагор ғалымдары

6- қақпа "Ғалымдар өмірінен...". Әр топқа МИФ-қа байланысты бір тұлға беріледі, сол тұлғаның өмірі мен МИФ-қа қосқан үлесі туралы постер қорғайсыздар. Интернет қолдануға болады. Саяхатшылар постерларын жасап болғанша біз көрермендермен сергіту сәтін өткізейік

Көрермендеге арналған сұрақтар:

1.«Физика» гректің қандай сөзінен алынған, мағынасы. (фюзис-табиғат)

2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

3.  Бірінші ұстаз кім?(Аристотель)

4. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша /меңзер/

5. И.Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

6. Атмосфералық қысымды немен өлшейді?(барометр)

7.  Компьютерлердің негізгі құрылғыларын ата? /жүйелік блок, монитор, пернетақта/

8. Балқу температурасы жоғары металл   (Вольфрам)

9. Принтердің неше түрі бар ? /3/ 

10.Автобус кілт тоқтағанда қандай қозғалысқа түсесің? Неге? (еңкейеміз, инерция құбылысына байланысты)

11Вектор дегеніміз не? (сәуле, түзу, бағытталған кесінді)

12. Ең бірінші программа құрған оқымысты........... (Ада Лавлейс)

13. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі қалай аталады? (Конвекция)

14. Аксиома дегеніміз не? (дәлелді қажет етеді, анықтама бойынша, дәлелді қажет етпейді)

15. Екі жағы шектелген түзу (кесінді)

16.  Қарапайым графикалық редактор (Paint)
15. Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымды немен өлшейді? (манометр)

18. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Компьютер қосылған кезде бірге жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын бағдарлама)

19. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?  (Буланады)

20. Алгоритмнің неше түрі бар? Оларды ата.(Сызықтық, тармақталған циклдік)

1: Сіздердің ғалымдар жайлы білетіндеріңіз аңық болды. Өте тамаша! МИФ қиындығы мен қызығы қатар жүретін сала, және де, бұл - фокус емес, бұл – МИФ. Алдымызда 7 – ші қақпамыз іс-тәжірибелер сайысы:“Бұл фокус емес, бұл МИФ”. Кезеңнің шарты бойынша сіздерге белгілі бір физикалық құралдар беріледі, солардың көмегімен іс- тәжірибе жүргізесіздер.

2: Бүгінгі ұзақ та, қызықты саяхатымыздың мәресіне бір қадам жақын қалдық. Мәреге жету жолында, біз сіздермен таныстық, құпия сөздер аштық, сұрақтардың жауабын таптық, ертегі де тыңдадық, тылсым құбылыстармен қатар белгілі адамдармен де танысқан болатынбыз, ал енді шешуші қорытынды кезең: “МИФ әлемінің ғажайыптарын зерттейік”

1: Бұл кезеңде әр топқа сөздер беріледі, сол сөздерді зерттеп, бүгінгі күндегі маңызы туралы пікіріңіз. Ал ендеше бастайық!

Енді көңілімізді бір көтерейік! Тамашалаңыздар алдарыңызда Жидебаева Бопаш.


Біздің саяхатымыз сәтті аяқталды, сол себепті саяхат туралы пікірлерін тыңдау үшін сөзімізді әділ – қазы алқаларына берейік.

1:

2:

3:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
815
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі