Сыныптан тыс жұмыс "Спорт - менің досым" 1-2 сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Спорт - менің досым" 1-2 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық күніне арналған Көңілді старт атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Өткізілу мақсаты денсаулық - зор байлық демекші денсаулықты күту үшін спортпен айналысудың маңыздылығы туралы мәлімметтер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көңілді старт

Тақырыбы: Спорт – менің досым

Мақсаты:

1. Оқушылардың деңсаулығын, жылдамдығын, төзімділігін нығайту;

2. Қимыл – қозғалысты эстафета ойындарымен таныстыру, ысқырықты тыңдап тапсырмаларды орындауға үйрету;

3. Өзін-өзі дұрыс ұстау, тәртібін тәрбиелеу; адамгершгершілікке, қамқорлыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Секіртпелер, доптар, шеңберлер (обручтар), кегли, қаптар, шелектер, бүктетілген қағаздар.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сапқа тұрғызу, топқа бөлу.


ІІ Топтармен танысу

1 топ – 1 «А» 2 топ – 2 «А»

а) топтың аты

ә) топтың ұраны


ІІІ Негізгі бөлімі

а ) Көңілді старт «Спорт – менің досым»


  1. «Доппен секіру»

Допты екі аяқтың арасына қойып секіреді белгілі жерге дейін барып, мәреге қайтып жүгіріп келеді де келесі балаға береді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.


  1. «Кезектесіп кегли жина»

Белгілі орында әр топта шеңбер (обруч) жатады. Сол шеңберге (обручқа) әр топ алдарында берілген кегли таяғын апарып жинайды. Ол белгілі жерге жиналғаннан кейін қалған оқушылар сол сол кеглилерді қайтадан орнына бір – бірден тасуы керек. Қай топ бірінші болып келсе, сол топ жеңіске жетеді.


  1. «Шаян артқа шегінеді»

Әр топтан ойыншылар теріс айналып арқаларымен жалаушаға дейін жүгіреді, жалаушаны айналып жүгіріп қайта тобына келеді, келесі ойыншы шығады.


  1. «Қаппен секіру»

Ойыншылар қапты екі жақтан ұстап әр баладан қаппен мәреге дейін секіреді, қайта солай секіріп топқа келеді, келесі бала шығады. Қай топ бірінші озып келсе, сол топ жеңіске жетеді.


  1. «Шапшаң бол»

Әр топтан бір бала шығады, жүгіріп обручты айналадыда, таяқшаны алып қайта обручты айналып таяқшаны топтағы келесі балаға тапсырады.


  1. «Шар тенисі»

Әр топтан бір оқушы шарды белгілі бір орынға дейін тақтайшамен қағып апарып, шарды қолына ұстап мәреге жүгіріп келеді де келесі ойыншыға береді. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді.


  1. «Дәл тигіз»

Әр топтан бір оқушы жүгіріп барып алдындағы шеңберді (обруч) үстінен асыра тастап, жұмсақ матрастан домалап өтіп, алдында тұрған дөңгелек бүктетілген қағаздарды шелекке дәлдеп салуы керек. Қайта айналып жүгіріп келіп келесі балаға жол береді. Қай топ озса, сол топ жеңіске жетеді.


  1. «Кім жылдам»

Әр топтан екі оқышы жарысып барып орындықта тұрған кәмпитті бірінші болып алуы керек, қайта артқа жүгіріп келіп келесі оқушыға жол береді. Қай топ көп кәмпит жинаса, сол топ жеңіске жетеді.


IV Қорытынды

а) Әділ қазылар алқасының бағасы

ә ) Марапаттау

І орын

ІІ орын


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
854
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі