Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс «Тапқыр информатик» сайысы

Сыныптан тыс жұмыс «Тапқыр информатик» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тапқыр информатик» сайысы5-9 сыныптарға арналғанМақсаты:1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақЖабдықтар: Интерактивті тақта, Activ Inspire тапсырмалары.Қатысушылар: 5,6,7,8,9 сынып оқушылары.Әділқазылар мүшелері: Математика, физика пән мұғалімдерінен құралған мүше.Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Тапқыр информатик» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ойын толқын, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда, жат дауыста.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқын жатқанда асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушыларды екі тоқа бөлу. 1-топ «Интернет», 2-топ «Ақпарат».Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырамыз (Слайд шоу)Сайыс кезеңдері.1-кезең. “Таныстыру2-кезең. “Бәйге!”3-кезең. “Полиглот”4-кезең. “Адасқан әріптер”5-кезең. “Ойлан, тап!”6-кезең. “Ғажайып сурет7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”Көрермен жиналған бұл тамашаға ,Құр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емесСоқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.I-кезең. Таныстыру (5 ұпай)Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.2 - кезең. ”Бәйге” . Бұл кезеңде әр топқа 12 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз сұрақтарына жауап береді. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.«Интернет» тобының сұрақтары
  • 1 байт неше биттен тұрады? 8
  • Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу
  • Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
  • Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock
  • Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
  • Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды 1946 жылы
  • Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина
  • Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау
  •  Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер
  • Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал
  • Windows - тің негізгі экраны жұмыс үстелі
  • Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады
«Ақпарат» тобының сұрақтары:
  • Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ қалып күй жолы
  • Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе
  • Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе
  • Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар
  • Жою пернесі Delete
  • Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады корзина
  • Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы модем
  • Принтер құрылғысының түрлері лазерлік, матрицалық, бүріккіш
  • Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус
  • Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі операциялық жүйе
  • Алғашқы есептеу құрылғысы /саусақ/
  • Бүкіл әлемдік желі /интернет/
3-кезең. Полиглот . Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша, орысша, ағылшынша). (5,10,15 ұпай)1-топ. Интернет1) ...кеме  білім теңіз?/мектеп, школа, school/2) Өнер алды қызыл .../тіл, язык, landuade/3) Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/4) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/2-топ. Ақпарат1) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка,  mouse/2) Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/3) Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/4) Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/4-кезең «Адасқан әріптер». Бұл кезеңде әріптерді  өз орнына қою керек.(5 ұпай)Мәңгі бақи есте қалар,Ғажайып бір кеш болсын.Білімдірек шәкірт озарҚиынырақ сұрақ болсын.5-кезең «Ойлан, тап!» Төменде тапсырмалар берілген. Әр топқа 9 сұрақтан беріледі. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады. (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан).Айналайын алға ұмтылған дарындар!Айналайын жеңіс құшқан қырандар,Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.6-кезең. “Ғажайып сурет”. Бұл кезеңде компьютер құрылғыларының суреттері көрсетіледі, құрылғылардың атауын және атқаратын қызметін айту қажет. (5,10 ұпай).7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”.Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.Жетпесіне жеткізген,Қызықты уақыт өткізген.Бар ғылымды сыйдырып,Білетіні көп бізденЖаңалықтың жаршысыЖұртты елең еткізгенИнформатикаға-мың алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.Қорытындылау!Жүрекке адалдықтың ескен гүлінҒажайып келешектің төккен үнінАрдақты ұстаздарға шын көңілденЖолдаймыз біз алғыс бүгінКөңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ