сыныптан тыс жұмыс"Білгірлер бәйгесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс"Білгірлер бәйгесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәні мұғалімдері үшін әдістемелік көмек ретінде қажет болар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білгірлер бәйгесі» сыныптан тыс жұмыс

Мақсаты:

1.Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып,маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

2.Алған білімдерін дамыту,тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

3.Оқушыларды адамгершілікке,эстетика мен этикаға, шеберлікке,сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сайыстың жоспары:

  • Білімді мыңды жығады,білекті бірді жығады”

  • Полиглот

  • Ойлы болсаң,шешіп көр!

  • Есептер сыры

Жүргізуші:Армысыздар, бүгінгі кешті көретіндер

Химия десе жанын беретіндер

Химия кереметін жыр ғып айтам

Сөзіме сенетіндер,көнетіндер.!

Көруге химия кешін жиылғандар

Менделеев кестесін ұғынғандар

Хош келдіңдер бүгінгі ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар!

Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.

1 бөлім бойынша әр түрлі тақырыптағы сұрақтарды әр топ өздері таңдайды

  • Өсімдік жапырақтарына түс беретін элемент .магнии

  • Бірінші буыны-көп емес

Екінші буыны-тілсіз жау

Ауаның құрамдас бөлігі

Бұл қандай элемент? Аз-от

Бірінші буыны-тасқын су

  • Екінші буыны -мал құлағына салынатын белгі.

  • Бұл қандай элемент? Сел-ен

  • Орынбасу реакциясы дегеніміз не?

  • Химиялық реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ өздері жұмсалмайтын заттар

  • Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?

  • ... болашақ периодтық заңның күйреуіне әкелмейді, тек қосымша толықтырулар мен даму күтіп тұр...”деп айтқан кім? Д.И.Менделеев

  • Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі. Ж.Пруст

  • Универсалды тұрақты- идеал газдың 1 моліндегі молекула санын ашқан

итальяндық ғалым .А.Авогадро

  • Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді?

  • Бұл заттың 0,9 % ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады,адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Бұл қандай ерітінді?

  • Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады.Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?

2 бөлім «Полиглот» жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту

  • Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.

Жауабы: Алюминий, алюмениум.

  • Иісі, түсі, өңі жоқ

Табиғатта онсыз өмір жоқ

Өсімдіктен аламын

Өміріме нәр қыламын.

. Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум

  • Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық

Буланбас қайнатсаңда отынды үріп,

Көрсететін суықты , жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып

Жауабы: Сынап, ртуть, гидраргениум

  • Алтын .......тас екен.

Арпа бидай ас екен.

Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум.

3 бөлім «Танымдық сұрақтар»

Париждің даңқын асқақтатып тұрған- Эйфель мұнарасы.300 метрлік болат қаңқалы бұл мұнараның құрылысы таза болат және әр түрлі қоспалардан тұрады. Оның басты ауруы – болат қаңқаларының уақыт өткен сайын бүлінуі. Бұл аурумен күресу үшін үздіксіз химиятерапияның пайдасы мол.Бұл мұнараны 18 рет сырлады. Соның салдарынан оның массасы 9000 тоннага жетіп отыр. Әр сырланған сайын оның массасы 70 тоннаға артып отырады екен.
Ғалымдар бұл бүлінудің салдарын тотығу-тотықсыздану процесстерінің әсері деп есептейді. Бірақ нақты қандай процесс?

  • Бірде үйді ағартпақшы болған Айша апай базардан ақбалшық сатып әкелді де, тор қалтаға салып, гаражға іліп қойды. Бірнеше күн өткен соң қараса,тор қалта тесілген,бос тұр, жерде ағарған топырақ қана қалған.Апайды таң қалдырған қандай реакция? Қалай түсіндірер едің?

  • Біз ағайынды бес жігітпіз,бесеуіміз де өткір,кез келген адаммен оңай араластыратын ашық,жарқын жігіттерміз.Кейбір көре алмаған жігіттер жүрген жерін бүлдіреді,тындырады деп өсек айтады.Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтінЛатиф деген ағам азулы қызға үйленді.Ал ағам Нартайдың істемеген жұмысы жоқ:аспаз да болды,шыны да жасады.Қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор.Менің өзім ауылшаруашылығында,оның ішінде егін жағында істеймін.Екі інім Рәнтай мен Сартай жігітім дей берсең,тұтана кетеді.Қып-қызыл ақымақ.Өзі автоматты сигнал беру жағында істейді.Мен және менің ағайындыларым кімдер? Жауабы:сілтілік металдар: литий,натрий,калий,рубидий,цезий.

  • Біз негізі үш егіз жігітпіз:Мен Ақбаймын.Қарабай,Қазбек дегенағаларым бар.Түріміз де,мінезіміз де ұқсамайды.Менің мінезім нашар ,тез тұтанып шыға келемін,өзім улы заттар қоймасында істеймін.Ағаларым маған қарағанда момын,Қарабай әскери адам,түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді.Ал Қазбек сіріңке зауытының директоры.Мен және менің ағаларым кімдер? Жауабы:ақ, қара, қызыл фосфор

4-бөлім «Есептер сыры»

  • 1. Олимпиада тарихындағы ең қымбат медаль Лондон олимпиадасының медальдары.Әрбір медальдің салмағы 400 грамм. Алтын медальдің құрамында 6г алтын болса,оның массалық үлесі қандай болғаны?

2. Күміс медаль құрамы:Ag-92,5%, Cu-4,5%,Zn-2,5%,Sn-0,5% болса, ондағы әрбір металдың массасын есептеңдер.

  • 1. w%(Au)= 6г/400г×100%=1,5 %

  • 2.m(Ag)=92,5%×400г/100%=370г

  • m(Cu)=4,5%× 400г/100%=18г

  • m(Zn)=2,5% × 400г/100%=10г

  • m(Sn)=0,5 % × 400г/100%=2г

Әділ қазылар алқасының шешімін тыңдау.

Жүргізуші:

Химияны оқу парыз әркімге

Оқиды оны барлық елде,әр тілде

Химияның оқыңдар әр бөлімін

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Күшейтеміз химияның сапасын

Берер бізге болашақ ақ батасын

Ғылымдардың негізгі бір саласы

Химиямыз мәңгі бақи жасасын.









































Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы











«Білгірлер бәйгесі»

Химия пәні бойынша 9кластар арасында

өткізілген сыныптан тыс жұмыс













Химия пәні мұғалімдері: Керімбай Б.Ә.

Әбдіғалиева Қ.Н.

Таңжарова Ж.И.







2016-17 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
841
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі