Материалдар / Сыныптан тыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдерінің жаңашыл әрекеттері Математика пәні мұғалімдерінің жаңашыл әрекеттері Математика пәні мұғалімдерінің жаңашыл әрекеттері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2021
680
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Талантыңмен таныл» 

Мақсаты: 

1. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін  дамыту.

2. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3. Оқушылардың мақсаттарына жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: математикалық сайыс.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бүктеме қағаздар, слайд, шар.

Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: 
Психологиялық дайындық. 

Мұғалім сөзі:

Сынып іші тып- тыныш,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Ғылымдардың патшасы,

Математика ғылымы жайында,

Ойынымызды бастаймыз!

- Қайырлы күн қымбатты қонақтар, қатысушылар! «Талантыңмен таныл» сыныптан тыс ашық сабаққа қош келдіңіздер!

Математика сырлары, 
Қызықтырды біздерді. 
Ойынға бірге қатысуға, 
Шақырамыз сіздерді- демекші, біздің сыныптан тыс сабағымыздың басты мақсатымыз оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін  дамыту. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру. «Адамның ақыл - ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді» О.А. Жәутіков.

Бүгінгі сабағымызды топтық сайыс түрінде өтеді. Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жарысқа  4«а» сынып оқушыларынан құралған 2 топ болып бөлініп қатысады. Ол үшін қорапшаның ішіндегі екі түсті стикерлерді алу арқылы бөлінеді. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын ойлап табады.

Ал, қанеки сайысты біз бастайық,

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

 І топ: «_____»    Ұраны:  

ІІ топ: «______»  Ұраны: 


Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- дей отыра әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейін.


Мұғалім сөзі:
Ал, келіңдер, келіңдер, 
Біріңе – бірің еріңдер. 
Біліміңді тексеріп, 
Сынға түсіп көріңдер. 
Бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І кезең: Жедел жауап.

ІІ кезең: Сиқырлы сандар.

ІІI кезең: Сөз тапқанға асық.

ІV кезең: Ұшқыр ой.

V кезең: Жұлдызды сәт.

Мұғалім сөзі:
Сайысымызды бастай отырып, қатысушыларға сәттілік тілейміз. 

І кезең:

Жедел жауап.

Ойын шарты: әр топқа 10 сұрақтан беріледі, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. Егер топ мүшелері жауап бере алмаса, қарсылас топқа жауап беруге болады.

I-топқа: толағай тобы

1. 4 сынып Математика кітабының авторлары? (Ә.Б.Ақпаева, Л.А. Лебедева)

2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

3. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)

4. 461 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)

5. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

6. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?  (13)

7. Бөлмеде  2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады?  (20)

8. Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық)

9. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме?  ( 201 см)

10. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)

II-топқа: болашақ тобы

1. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

2. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?  ( 33 адам және 43 адам)

3. 1 тонна темір ауыр ма,1 тонна мақта ауыр ма? ( тең)

4. 2 таяқтың 4 ұшы бар,13 жарым таяқтың неше ұшы бар? ( 28)

5. Ең үлкен төрт таңбалы санды ата? (9999)

6. Бірдей 6 жәшікте 72кг алма бар.Осындай 5 жәшікте неше кг алма бар? (60)

7. Біз күніне үш рет тамақтанамыз.Аптасына неше рет тамақтанамыз? (21)

8. Қосарласқан үш ат 1 сағатта 24 км жүріп өтті. Әр ат қанша километр жүрді? ( 24км)

9. Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып, ұрылар келеді.

Кемпір: - Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен бұларды алдайын деп ойлайды. Сөйтіп бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтады:

«Сапырып-сапырып, Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер.

Есіктегі екеуге бер.

Өзің іште маған бер» - деген екен. Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз жарамас, бекер екен. Бұл үй-толы кісі екен, әрі бір адамға бізден артық екен, кетейік», – деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.

Сұрақ: Сонда үйдегі адам нешеу? Ұрылар нешеу? (6 адам, 5 ұры)

10. Не ұзағырақ созылады? 1 тәулік немесе 1000 минут па? (1тәулікте 1440 минут).

ІІ кезең:

Сиқырлы сандар.

Ойын шарты: әр топқа 9 ұяшық беріледі. Бірінші бағандағы сұрақтар 1 ұпайға ие болады. Екінші бағандағы сұрақтарға 2 ұпай, үшінші бағандағы сұрақтарға 3 ұпай беріледі.

I-топқа: толағай

1-1: Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ) 
1-2: Бір тал кессең, ... тал ек. (он)

1-3: Бес бұтақты ағашта, 
Бұтақ сайын бір алма 
Біреуін бер Маратқа 
Сонда қалмақ неше алма (4) 


2-1: Үш қайнаса .....          (сорпасы қосылмайды)

2-2: 1 ц  неше  кг тең  (100 кг)

2-3: Шеңбер  сызу  құралы ? (циркуль)


1:Үш  түйеқұс  ұшып  келе  жатқанда  біреуін  аңшы  атып  алды.Неше  түйе  құс  қалды? (түйеқұс  ұшпайды)

3-2: Үстел  үстінде  5  стақан   сүт  тұр  еді,  Әсем  1 стақан  сүтті  ішіп, стақанды  үстелге  қайта  қойды. Үстел  үстінде  неше  стақан  қалды?  (5)

3-3: Тауық бір аяқпен  тұрғанда  5 кг, ал  үш  аяқпен  тұрса  не  кг  болады? (тауықта  үш  аяқ  болмайды.)


II-топқа: болашақ

1-1:Үшеуі қызыл, үшеуі ақ 
Оң қолымда неше алма? 
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ 
Сол қолымда неше алма? (6 және 8) 
1-2: 3 сағ + 18 мин. дегеніміз неше минутқа тең? 198
1-3: Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? 2сағат 


2-1: Ер кезегі .......             (үшке дейін)

2-2: .Екі  нүкте  арасынан  қосқанда  не  пайда  болады? (кесінді)

2-3: Масса  бірліктерін  ата (г.кг,ц,т)


3-1: Қайыңда  бес  алма өсіп  тұр. Оның  екеуін Шыңғыс үзіп  жеді. Қайыңда  неше  алма  қалды? (қайыңда  алма  өспейді)

3-2: Оңынан да,  солынан  да  жазылғанда өзгермейтін  сандар (33,11,22,44,69,88,101,99)

3-3: Дайындауға болады, бірақ жеуге  болмайды. Ол не? (сабақ)


Сергіту сәті: іс- қимылмен. (бейнероликке қарап орындалады)


ІIІ кезең:

Сөз тапқанға асық.

Шарты: қойылған сұраққа, тақтадағы М,Б,Е,О әріптерінен басталатын сөздер арқылы жауап береді. Әр ұтымды жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

I-топқа: толағай тобы

1.”Математиканы білмесең дұрыс өмір сүрмейсің”-деген пікірге не айтасыз?

2. Математиканы меңгеру үшін адамға не қажет?

3. Интернет желісіне қалай қосыласыз?

4. Сенің жақын құрбыңның әжесінің жасы нешеде?

5. Дүкенге барған кезде неше теңгеге сауда жасайсыз?

II-топқа: болашақ тобы

Шарты: қойылған сұраққа, тақтадағы Т,Қ,Ж,П әріптерінен басталатын сөздер арқылы жауап береді. Әр ұтымды жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

1.“Математика-ғылымдар патшасы”дегенді қалай түсінесіз?

2.Математикадағы қасиетті сандар туралы не ойлайсыз?

3.Геометриялық фигуралардың бірін ата?

4.Компьютерде жұмыс жасай аласыңба?

5.Сенің ойынша ең үлкен қай сан?


ІV кезең:

Ұшқыр ой.

Ойын шарты: Қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған қағазға 1 - ден, 9 ға дейінгі сандар жазылып тұр. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығыңдар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады. Әр амалға 5 ұпайдан беріледі.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+2+3+4+5+67+8+9=99


V кезең:

Жұлдызды сәт.

Шарты: әр топ өнерін ортаға салады. Ең жоға

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!