Сыныптан тыс сабақ "Білім патшалығына саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Білім патшалығына саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды «Білім патшалығына саяхат» атты сахналық көрініс жасау арқылы, әр пән туралы білімдерін ортаға салу. Білім біліктерін жетік көрсете білуге білімдерін жан-жақты кеңейту. Рөлдерге салып ойнау. Ойындар ойнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 21. 11. 2018 ж

Мектеп: №60 орта мектеп

Сынып: 0-2

Сабақ түрі

Сыныптан тыс сабақ


Жауапты мұғалімдер

Тлепова А, Борасова Ш, Сулейменова Ж,

Беспаева Д, Сулейменова А, Абдықадырова А

Қойылым

«Білім патшалығына саяхат»

Салтанатты мереке

Бастауыш сынып бірлестігінің ашылуы

Сабақ мақсаты

Оқушыларды «Білім патшалығына саяхат» атты сахналық көрініс жасау арқылы, әр пән туралы білімдерін ортаға салу. Білім біліктерін жетік көрсете білуге білімдерін жан-жақты кеңейту. Рөлдерге салып ойнау. Ойындар ойнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тілдік мақсат

Мектеп, ұстаз, білім туралы тереңірек білу, айту.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Білім, мектеп, ұстаз, оқушы

Қойылымдағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша

Талқылауға арналған сұрақтар: әр пән бойынша, сөзжұмбақ, логикалық сұрақтар, суретпен жұмыс, т.б

Құндылықтарды дарыту

Қарым-қатынас жасайды, бірін-бірі сыйлайды, бір-біріне құрмет көрсетеді. Сахналық көріністі рөлге салып ойнайды.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану, көркем еңбек, дүниетану, музыка, хоерография, т.б

АКТ

Аудио, бейнетаспа, проектор, бейнежазба.

Бастапқы оқу:

Әр пән бойынша білімдерін ортаға салу.

Сабақтың барысы

Жоспарлан

ған уақыт есебі

Жоспар

ресурстар


Басы



Ортаға жүргізушілер келеді.

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Артқа тастап, тағы бір жас өстік біз,

Ақылымыз толды міне, еселі.


Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң,

Үйренерсің іздеп көрсең қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме? Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Білім негізі бастауышта демекші, бүгін 21–қараша мен 30-қараша аралығында бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі басталмақ.

2-жүргізуші:

Осы он күн бойына барлық сыныптарда ашық сабақтар, тәрбие сағаттар өткізіледі. Ендеше, осы онкүндікке бір кісідей ат салысайық, балалар. Ал, қазір бастауыш сынып бірлестігінің ашылу салтанатты мерекесі болады. Мереке құтты болсын!

(Ортаға үш оқушы келеді)

1-оқушы Екатерина:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Сіздерді бүгінгі ашылу

салтанатты мерекесімен құттықтаймыз!

2-оқушы

Дорогие родителей, учителя, ученики. Поздравляем вас с открытием декады начальных классов.

3-оқушы Дарын:

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз сіздерге «Білім патшалығына саяхат» атты ертегі қойылымымызды ұсынамыз. Жақсылап тыңдаңыздар.

1-жүргізуші:

Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, әлемді таң қалдырған «Орда» болыпты. Оны білімді де, ақылды Білім патшасы басқарыпты. Білім патшасы өз ордасына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбепті. Ол ордаға білім іздеп келгендерді білімді етіп жібереді екен. Осы ордаға бір күні білім іздеп бір кішкентай бала келіпті. Өзі ештеңе білмейтін болған соң, оны балалар «Дымбілмес» деп атапты. Енді балалар осы Дымбілместің басынан кешкен оқиғаны көріп, тамашалайық.

Безендірілген зал. Тақырып, шарлар, гүлдер.

Ширма, көрнекіліктер.

















Жүргізушілер ханшайым киімінде.



















Патша, уәзір, Дымбілмес кастюмін киген оқушылар.

Негізгі бөлім














Қойылым:

Хан:

  • Уәзір, сарайымыз неге жайнап кеткен?

Уәзір:

  • Дұрыс айтасыз хан ием, бүгін мұнда үлкен мереке болмақ.

Сіздің білім патшалығыңыздағы бастауыш бірлестігі той жасамақ.

Хан:

  • Өте жақсы, ендеше той болсын

Уәзір:

(қол шапалақтап, тойды бастаңдар дейді бұйрығымен)

Ортада шығыс биі


(Осы кезде бір кішкентай бала сарайға келеді)

Дымбілмес:

  • Мен қайда келдім? Бұл қандай жер?

Уәзір:

Бұл үлкен патшалық, Білім ордасы

Дымбілмес:

  • Білім ордасында не істейді?

Уәзір:

  • Ананы қара өзің сияқты кішкентай балалар, осы білім ордасынан

білім алып жүрген балалар.

Дымбілмес:

  • Олар қалай білім алады?

Уәзір:

  • Оқу оқып, жазу жазады.

Дымбілмес:

Оқу деген немене?

Уәзір:

Оқу білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы.

Дымбілмес:

Адамға азық болса, өмірдің сәні болса, маған да білім алу керек қой я? Ол үшін не істеуім керек?

Уәзір:

Білімді үйрену үшін еңбек құмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің керек. Бүгін бізде қонақта болсаң, көп біліммен танысасың. Қане, балалардың қасына отырып, тамашала.

Дымбілмес: Жарайды (деп кетіп қалады)

2-жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ән: «Мектебім» орындайтын 1-сынып оқушысы Жолдас Мерей

Әрбір көрініс музыкамен көркемделіп отырды.


1-жүргізуші:

«Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас, біле берсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда»- деп Міржақып ақын айтпақшы,осы оқып, біліп, үйренген сүйікті пәндеріміз туралы өлеңдеріміз бен қара сөздерімізді қабыл алыңыздар.

Уәзір:

  • Хан ием, бүгін мерекемізге «Әдебиет» әлемінен «әдебиеттік

оқу» оқулығы қонаққа келді.Рұқсат берсеңіз, қарсы алайық!

Хан: келсін

(Ортаға әдебиеттік оқу оқулығы келді, 2 «Ә» сынып оқушылары)

1-оқушы:

Сәлеметсізбе? Білім патшалығы, сәлеметсіңдер ме? балалар. «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін өзінің әдебиетін сыйламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» - деген Мұхтар Әуезов атамыз.

2-оқушы:

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

Әдебиетті оқимын,

Ерекше зор құрметпен.

3-оқушы:

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

4-оқушы:

Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттатырған сана тілім.

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі-ана тілі.

1-жүргізуші:

2 «Ә» сынып оқушыларының орындауында: рөлдік ойын

Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен Қаңбақ» мысалы, орындайтындар: Мұрат Назым, Тулеубай Ернұр, Жақсылық Жансая.

2-жүргізуші: 2 «Ә» сынып оқушыларының орындауында: рөлдік ойын. Асқар Тоқмағамбетовтың «Құлақ пен Тымақ» мысалы, орындайтындар: Алибекұлы Нұрали, Ақылбек Салих, Кенжебек Анара.

1-жүргізуші:

Таңдайынан бал тама,

Жырлап берер алқаға.

Әнші жігітті құрметпен,

Шақырайық ортаға.

Ән: «Туған жер» орындайтын: 2 «Б» сынып оқушысы: Сұлтанбеков Дарын

Әр пән оқулығы болған оқушылар, бастарына тәж киді.


1-жүргізуші:

Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

Жиһанкез желмаялы Асан қайғы,

Жер-жерге баға берген сынды тілім.

2-жүргізуші:

Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік, азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім-қазақ тілім.

Уәзір:

  • Хан ием, бүгін мерекемізге «Қазақ тілі» әлемінен «қазақ тілі»

оқулығы қонаққа келді. Рұқсат берсеңіз, қарсы алайық!

Хан:

  • Әрине, тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз, қарсы алайық!

(Ортаға қазақ тілі оқулығы болып, 1- сынып оқушылары келеді)

Сәлеметсіздер ме? Білім патшалығы, ұстаздар, оқушылар.

1-оқушы:

Мен қазақ тілімін,

Оқулықтың біріиін.

Жас жеткіншек балғынға,

Бергені мол білімім.

2-оқушы:

Сан ғасырлар халқыммен,

Бірге жасап келемін.

Қаншама ұрпақ жаңарып,

Сөйледі қазақ тілімен.

3-оқушы:

Анашың асыл тілі деп,

Құрметпен қазақ баласы.

Әнге қосты ұлдары,

Жырға қосты қыздары.

4-оқушы:

Атадан қалған асыл тіл,

Шұрайлы, тәтті жасын тіл.

Құрметте мәңгі жас ұлан,

Қадірле оның парқын біл!

5-оқушы: Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз»

6-оқушы: Балалар, біз сендермен қызықты ойын ойнағалы тұрмыз. Мына суретте қай мақал-мәтел айтылған, қане, табыңдаршы?

(мақал-мәтелдерді сурет арқылы жасыру)

2-жүргізуші:

Қазақ тілі пәні, сауат ашу, әліппеден бастау алған, 1-сынып оқушыларының орындауында: «Алфавит» әні.

Әр пән оқулығы болған оқушылар, бастарына тәж киді.


1-жүргізуші:

Математика ойды да, сөзді де жүйеге келтіре қоймайды, шешендікке де, тиянақтылыққа да, сөзділікке де үйретеді.

2-жүргізуші:

Математика дегеніміз Жер шары, ал оның амалы бүкіл Галактика.

1-жүргізуші:

Математика сабақталған ине сияқты, барлық басын қосып біріктіріп тігуге үлкен көмек жасайды. Келешекте адамдардың ұғысатын ең қысқа тілі математика болады.

2-жүргізуші:

Математика адам сенімін арттыра түсетін ғылым. Математиктер аз сөйлеп, көп ойлайтын адамдар, сөзге сараң болғанмен, ойға жомарт.

Уәзір:

  • Хан ием, бүгін мерекемізге «Математика» әлемінен«математика»

оқулығы қонаққа келді. Рұқсат берсеңіз, қарсы алайық!

Хан:

Математика білім саласының ең жоғарғысы, келсін мерекеге.

(Ортаға математика оқулығы, 2 «Б» сыныбы келеді)

Математика оқулығы:

1-оқушы:

Сәлеметсіздер ме? Білім патшалығы, ұстаздар, оқушылар.

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламын.

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.

2-оқушы:

Математикалық мақал-мәтелдер:

Алты жасар бала атқа мінсе,

Алпыстағы қария.

Алдынан шығып сәлем береді.

Жақсы әке, жаман балаға,

Қырық жылғы ризық.

3-оқушы:

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

4-оқушы:

Атты күнде мінсең-тулақ,

Аптада мінсең-қунақ.

Айында мінсең – ат,

Жылында мінсең-тұлпар.

5-оқушы: Математикалық жұмбақтар

Алпыс төрт бөлмеде,

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғындар.

Ханы үшін де, жаны үшін де,

Бермейді олар намысын. (шахмат)

6-оқушы:

Бір көлден он екіден қаз ойнайды,

Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.

Келгенде жақындасып, қожаңдасып,

Бір-бірін алмасына еш қоймайды. (дойбы)

7-оқушы:

Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағыбар.

Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара. (жыл, он екі ай)

1-жүргізуші:

2 «Б» сынып оқушыларының орындауында: «Санау» әні

Әр пән оқулығы болған оқушылар, бастарына тәж киді.


1-жүргізуші:

Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғатта оған тәуелді, табиғат адамды тудырған болса, адам табиғатты жаңғыртады.

2-жүргізуші:

Ел мен жер оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқар таулары біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа, адам бала-

сының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына.

Уәзір:

  • Хан ием, бүгін мерекемізге «Дүниетану» әлемінен«дүниетану»

оқулығы қонаққа келді. Рұқсат берсеңіз, қарсы алайық!

Хан:

  • Иә, білем, дүниені танытқан дүниетану оқулығы ма? Қарсы

алайық.

(Ортаға дүниетану оқулығы келеді, 2 «А» сынып оқушылары)

Дүниетану оқулығы 1-оқушы:

Сәлеметсіздер ме? Білім патшалығы, ұстаздар, оқушылар

Ой жіберсек мәніне,

Жаратылыс пәні де.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бәрі де.

2-оқушы:

Табиғаттың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік.

Білген сайын сырын оның жүреміз,

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.

3-оқушы:

Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ,

Досың жер, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

4-оқушы:

Жер ешкімге жазбайды деп арызын,

Барын сарқып ала беру парыз ба?

Жоқ, замандас, әр ұрпаққа туған жер,

Не берсе де, беретіні қарызға.

5-оқушы:

Табиғат, таң қаламын тамашаңа,

Өзіңсің жасыл қорған барша адамға.

Саяңда ләззат алып демаламын,

Қамқор боп жүрсем саған әрқашанда.

Дүниетану сұрақ-жауап қойылады.

2-жүргізуші:

Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

Қыздардың биін көріңдер,

Өнерге баға беріңдер.

Би: «Жаңбыр» орындайтын: 2 «А» сынып оқушылары

Әр пән оқулығы болған оқушылар, бастарына тәж киді.


Ортаға Дымбілмес шығады.

  • Ал, бұл білімді балаларға кім үйретті?

Уәзір:

  • Ұстаз!

Дымбілмес:

  • Ұстаз деген кім?

Уәзір:

  • Ұстаз оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан

да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.

Дымбілмес:

  • Ендеше, мен сіздердің білім ордаларыңда қалып, ұстаздан білім

алуыма бола ма?

Уәзір:

  • Әрине болады.

1-жүргізуші:

Ұстаз болу жүректің батырлығы,

Ұстаз - болу сезімнің ақындығы.

Ұстаз - болу мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

2-жүргізуші:

Ұстаз деген - сөзде бар ғой үлкен мән.

Ұстаз деген - сөзде жатыр ғажап ән,

Ұстаз деген - әр баланың сырласы,

Ұстаз деген - әр баланың жан досы.

1-жүргізуші: Ән: «Ардақты ұстазым» орындайтын: мектебіміздің кіп-кішкентай шәкірттері даярлық сынып оқушылары.

1-жүргізуші:

«Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы»

Әдеби монтаж: «Білім керек бәріне» кішкентай даярлық сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Ұрпақпенен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ән: «Оқуда озат боламын» орындайтындар: 2 «Ә» сынып

оқушылары.

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй. – деп Абай атамыз айтқандай, тағы да бір жақсы әнге кезек берейік.

Ән: «Ұстаз бен шәкірт» орындайтындар: Ұстаз Айнұр Сәдірқызы және шәкірттері: Қылышбек Дана, Жақсылық Жансая


Соңы

2-жүргізуші:

Көгілдір аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарқыраған шаттық болсын.

Төгілген мейірім мен шапағатқа,

Біліммен биіктерге шырқар болсын.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әр әулетке таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Қонақтарға сөз кезегін беру.




































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
701
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі