Күні: 02.02.2018ж Сыныбы: 1 «Ә»
Тақырыбы: Дыбыстар
айтысы
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың жарты жылдықта
алған білімдерін тиянақтау, сауат ашу оқулығына деген сүйіспеншілік
сезімін тудыру, өздерінің сауатын ашқан кітабына байланысты өлең,
тақпақтарын мәнерлеп айтуға, білімін кеңейту. Өнерге,білімге,ұлттық
салт-дәстүрге,әдет-ғұрыпқа деген сезімдерін арттыру, жиырма бірінші
ғасырдың ұрпақтары-білімді ұрпақ екенін білуге ой-өрісін, тіл
байлығын дамыту. Туған жерді, елді, Отанды сүюге, қорғауға,
адамгершілікке тәрбиелеу, мерекеде ән шырқап,би билеуге, көрініс
көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Суретті плакаттар, нақыл
сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, көркемделген
сахна Сабақтың
әдісі: Сұрақ-жауап, көрініс, ойын
ойнату, ән айту, би билеу, өлең оқу
Сабақтың пәнаралық
байланысы: Дүниетану, музыка,
хореография, театрланған сабақ.
Барысы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте. Оқимыз қазір ертекті. Үйреткен оны
әліппе.
Енді біз жаза білеміз, Әріпті
қосып әріпке. Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің
әліппе.
Оқуды көп ойладық, Қызығына
тоймадық, Әріптерді үйреніп, Сауат аштық
тойладық.
Үйретті бізді әліппе, 42
дербес әріпке. Сөз, сөйлем құрап әріптен Лайық болдық
дәріпке.
«Ғажайыпстанға
саяхат»
1-жүргізуші:
Ахметдияр Ассалаумағалейкум, еңселі
елім, Сәлем беру салты ғой ежелгі елдің. Бүгінгі күн алдыңызға
шыққалы тұр, Ар намысты ұл мен қыз ертеңгі
елдің.
2-жүргізуші:
Дана Иіліп сәлем берем баршаңызға,
Үлкенге құрмет, кішіге ізет санамызда. Бүлдіршіндердің бүгінгі бұл
тойында, Тайсалмай біз бар өнерге саламыз
да.
1-жүргізуші:
Ахметдияр Тәртіпті де,тәлімді пәк
баламыз, Біз енді саналы оқушы боп саналамыз. Сапалы білім берген
жас буынға, Алпысынші мектеп деп
мақтанамыз.
2-жүргізуші:
Дана Қош, келіпсіз әкелер мен
аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында жауказындай
құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты
балалар.
1-жүргізуші:
Дана Құрметті ұстаздар, ата-аналар
және бүлдіршіндер! Бүгін 1 «Ә» сыныбында өткелі отырған «Әріптер
айтысы» атты сыныптан тыс сабағымызға қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Ахметдияр «Сауат ашу» оқулығы - алдағы
өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол
белестердің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той сізде мен біздер
үшін ортақ та салтанатты мереке.
Бейнебаян: «Білім
әлемі»
Бейнебаян: «Сауат ашу
әлеміне саяхат»
2- жүргізуші:
Дана Жақсы достар келіңдер,
Тамашаны көріндер. Төрімізден орын бар, Құтты мейман
болыңдар.
Ән: «Менің атым-Әліппе»
орындайтын: Тулеубай Ернұр
1-жүргізуші:
Ахметдияр Ал,енді біз сіздерге арнап,
әріптер туралы ертегі айтып береміз.
Ертегіші:
Кәусар
Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні
бөртеде. Әлемді таң қалдырған Орта болыпты. Ол Орданы білімді патша
басқарыпты. Әліппе өз Ордасына жалқаулар мен түк білмейтіндерді
кіргізбейді екен. Оның 4 уәзірі мен 42 әскері болыпты. Ол әскерін
екі топқа бөліпті. Оң қанатым-дауысты дыбыстар, сол қанатым-
дауыссыз дыбыстар депті. Ертегіні ары қарай көріп
тамашалаңыздар.
(Ортаға Білім хандығы
келеді)
Оң қанатым-дауысты дыбыстар
келіндер ортаға, -дейді.
А дыбысы келеді.
Айдана
– Дауысты дыбыстар! Менің
бұйрығымды тыңдаңдар! Сап түзендер! 1,2,3 жүріңдер. Дауысты
дыбыстар! Түзу тұрыңдар! Өлеңдерімізді бастайық. А-А дегенің ана
ғой, Ана деген дана ғой.
Бекболат
Ә-Әжем әнге басады, Әтеш ұйқы
ашады.
Гүлшат
Е-Елге есті ер керек, Ер жет
өсіп ертерек.
Ернұр
О-озат болып оқындар, Ойға
білім тоқындар.
Мақпал
Ө –Өсті,міне,бойларын, Өсті
ақыл, ойларың.
Мақсат
Ұ –Ұлы тауға Ұшығыпты,
Төбесінде ү шынықты.
Арнұр
І –інісіне бағалы, Іңкәр ішік
алғанды.
Елдар
Ы –Ыдысты саздан жасаған,
Ықылас біздің жас маман.
Асылай
Я-Мен Я-ең соңғы әріп, Менен
әрі барып көр, Даурықпандар әріптер, Я- ны жұрт
дәріптер.
Білім
хандығы: Сол қанатым-дауыссыз
дыбыстар келіңдер ортаға.
Т дыбысы келеді.
Алуа
–Дауыссыз дыбыстар, бізде қарап
тұрмайық, білім хандығына бізде барайық.
1,2,3 жүріндер. - Қане, біз де
өлеңдерімізді айтайық .
Т-Тырау,тырау,тырналар, Тамаша
әнін тындап ал.
Рамазан
Б-дегенің бала ғой, Жұмсаса
апаң бара ғой.
Айсұлтан
Ғ –Ғалым,ғылым,ғасырды, Ғ
білімге асырды.
Дарын
Қ –Қартқа қол бер, Жасқа жол
бер.
Анар
М –Мектеп берген біліммен,
Марқаясың жас ұлан!
Жансезім
С –Сыйламаған жолдасын, Сыйлай
алмас өз басын.
Салих
Н – Президент аты –Нұрсұлтан,
Нұрлы болып атар таң.
Нұрали
Ж –Жатырқама кісіні,
Жатсынбайды түсінген. Жәбірлеме кісіні, Жақсылығың
ісіңмен.
Жақсылық
Г – Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Абылай
Л –Лашын биік самғайды, Лашын
көкті шарлайды.
(Сол кезде А дыбысы шығып,
айтысады)
А –Мына, біздер тұрғанда,
дауыссыз дыбыстарға не жоқ?
Т –Бізде Білім хандығының
әскеріміз, сондықтан келдік.
А –Достар, дауыссыздырдың
бізсіз күні бар ма?
Дыбыстар:
Жоқ
Т –Ей дауысты дыбыстар,
сендердіңде бізсіз күндерің нашар.
А –Сендердей емес, біз жалғыз
тұрыпта буын бола аламыз, ал сендер,буын жасай
алмайсыңдар.
Білімгер
патша: Уа, әріптер даурықпандар, әне,
тағы бір дыбысым келеді.
(Ортаға У дыбысы келеді)
Нұртас
1-жүргізуші:
Каусар - Сіз қай топтың
мүшесісіз?
У
Нұртас –Мен дауысты да, дауыссыз да
бола аламын.
1-жүргізуші:
Каусар Онда біз сені топқа жіберсек
екен? Дауыстыға ма, жоқ әлде, дауыссызға
ма?
А
–У менің қасыма тұршы. Екеуміз
қосылып қандай сөз құрайды екенбіз.
Қане, оқышы. «Ау» Ау деген сөз
шықты. Адамға ең қажетті балық аулайтын еңбек құралы болдық.
Ендеше, У біздің топқа мүше.
Т
–Бәрекелді, енді У-ды менімен
қосып оқышы қандай сөз құрайды екенбіз? «Ту» деген сөз шықты.
Көрдің бе,егеменді елміздің көк байрағы болдық. Ендеше, У біздің
топқа мүше. (Екеуі таласады)
Білім хандығы
Марлен: Уа әріптер, даурықпандар,
үшеуің қосылып қандай сөз құрайды екенсіңдер? Қане,оқышы,
«Тау»
У –
Нұртас
Ендеше балалар, Таудай биік
Таудай берік Таудай азамат болайық.
Білімгер
патша:
Бәрекелді, бұларың
дұрыс-ақ.
Нұртас Барлық әріп бағалы, Айттық
әділ бағаны. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз толмайды, Адам барлық
әріпті, Ардақтайды, қолдайды.
Бейнебаян: «Әліппе» хормен
қосылып айту
Ойын: «Кім жүйрік?»
ата-аналармен ойналады. Қатысушылар екі топқа
бөлінеді.
1-жарыс: Шарды мәреге апарып
қайту.
2-жарыс: Баласы мен анасы
мәреге барып, есеп шығарады.
3-жарыс: Баласы мен анасы
мәреге барып, дыбыстық талдау жасау.
Би: «Мектебім» орындайтын
қыздар тобы
Ән: «Әліппе» орындайтын
хор
Мұғалім:
Қорыту
Жақсы- білім- көрімдік, Болсын
сізге халайық. Не үйреніп,не білдік, Қане, ортаға
салайық!
Сұрақ-жауап:
-
Қазақ тілінде неше әріп
бар?
-
Нешеуі
дауысты?
-
Нешеуі
дауыссыз?
-
Дыбыстардан не
құраймыз?
-
Буындардан не
құраймыз?
-
Сөздерден не
құраймыз?
-
Сөйлемнен не
құраймыз?
-
Дауысты дыбыс
нешеу?
-
Дауыссыз дыбыс
нешеу?
-
Дауысты дыбысты сатылай
кешенді талда
-
Дауыссыз дыбысты сатылай
кешенді талда
Ұшып келем ентелеп, Мына нұрлы
сарайға. Қарлығашым бұл мектеп, Білім берген
талайға
Қанаттанды мектептен, Папаң
менен мамаң да. Ғылым үшін тер төккен, Тәтең менен ағаң
да.
Құрметті ата-аналар,
оқушылар, бүгінгі «Әріптер айтысы» атты сыныптан тыс сабағымыз
осымен аяқталды. Алдағы демалыста жақсылап демалуларыңызға
тілектеспіз!
Сөз сөйлеймін деген
ата-аналар болса, сөз кезегін береміз.