Материалдар / Сыныптан тыс сабақ. "Ғажайыптар әлемі" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ. "Ғажайыптар әлемі" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биологиядан 6 сыныптарда гүлді өсімдіктер тарауын аяқтағанда қайталау кезінде өткізілетін сыныптан тыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
974
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ғажайыптар әлемі.

Мақсаты: Гүлді өсімдіктер тақырыптарын қайталауда 7-сынып оқушылары арасында тақырып бойынша алған білімдерін тексеру, біліктілігін, тапқырлығын, ойлампаздығын шыңдау, дүниетанымын кеңейту мақсатында «Ғажайыптар әлемі» атты сыныптан тыс жұмыс өткіздім.

Оқушылар «Табиғат» және «Өсімдік» топтарына бөлініп, қазылар алқасы тағайындалады.


Мұғалім: Ойынның шартымен таныстырып өтейін.

  1. Кезең. «Таныстыру»

  2. Кезең. «Ғажайыптар әлемі» ойыны

  3. Кезең. «Орман алқабы» ойыны

  4. Кезең. «Топбасшылар сайысы»

  5. Кезең. «Іздеу ұйымы»

  6. Кезең. «Сөзжұмбақ шешу»

  7. Кезең. «Сыр сандық»

  8. Кезең. «Өсімдіктер эстафетасы»


Мұғалім: I кезең. «Таныстыру». Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырады.


Мұғалім: II кезең. «Ғажайыптар әлемі» ойыны деп аталады. II кезеңнің тапсырмасына назар аударыңыздар. Бұл кезеңде сіздерге бір өсімдікке сипаттама беріледі, өсімдіктің атын табуларыңыз керек.

«Табиғат» тобына: биіктігі 1м. дейін жететін бұтақталған өсімдікпін. Мені мал жемейді. Тікенектерімді жұмсарту арқылы адамдарға жауын жауатынын алдын ала хабарлаймын. Жемісім жабысқақ, тікенді болғандықтан, мал мен адамға жабысып, алысқа таратып, көбеюіме септігін тигізеді. Сөлімді өкпе демікпесін емдеуге пайдаланады. Сонда мен қай өсімдікпін? (Ошаған)

«Өсімдік» тобына: Мен көпжылдық өсімдікпін. Қыркүйек, мамыр айларында гүлдеймін. Жапырағымды, тамырымды жұрт дәрі ретінде пайдаланады. Негізгі өсетін жерім-жол жиегі. Менің қан тоқтатуға, іріңді жараның жарылуын тездетуге қолданады. Сонда мен қай өсімдікпін? (Жолжелкен)

«Табиғат» тобына: Мен екі жылдық, көкөністік дақылдардың маңыздыларының бірімін. Сыртқы келбетім қабыршақты құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті болып келеді. Мені шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады. Аршыған кезде көзді ашытып,жылатады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданады. (Пияз)

«Өсімдік» тобына: Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақылмын. Мені дәнді ботқа, палау жасауға пайдаланады. Қайнатпам- асқазан ауруына қөолданылатын тамаша дәрі. Мені өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев. Сонда мен қандай өсімдікпін? (Күріш)

Мұғалім: III кезең. «Орман алқабы» ойыны. Бұл кезеңде ағаштың, көлдің суреті салынған плакат болады. Сіздер құс, гүл, балық, жапырақ суреті


салынған үлестірмелерді таңдау арқылы сұраққа жауап бересіз. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда қолындағы гүлдің суретін ағаш түбіне, балықтың суретін көлге, құс, жеміс-жидек, жапырақтың суретін суретін ағашқа ретімен орналастыру керек. Сұраққа жауап бермесеңіз 1 ұпайдан айырыласыз.


Жапырақ суреті салынған үлестірме:

«Табиғат» тобына: Жапырағы тікенге айналған өсімдік? (сексеуіл, кактус)

«Өсімдік» тобына: Қандай ботаник ғалымдарды білесіз? (Ж.Кудерин, К.Тимирязев)


Гүлдің суреті салынған үлестірме:

«Табиғат» тобына: Гүлдің құрылысын атап беріңіз? (тостағанша, күлте жапырақша, аналық, аталық)

«Өсімдік» тобына: Жауқазын қанадай тұқымдасқа жатады? (лалагүлділер тұқымдасына)


Көбелектің суреті салынған үлестірме:

«Өсімдік» тобына: Тозаңдану дегеніміз не?

«Табиғат» тобына: Лалагүлділер тұқымдас өсімдіктер не арқылы тозаңданады? (бунақденелілер арқылы)


Балықтың суреті салынған үлестірме:

«Табиғат» тобына: Қызғалдақ гүлінің формуласы?

«Өсімдік» тобына: Әрі техникалық, әрі тағамдық дақылды атаңыз? (картоп)


Құстың суреті салынған үлестірме:

«Өсімдік» тобына: Картоптың шыққан отаны? (Оңтүстік Америка)

«Табиғат» тобына: Күн гүлі деп аталатын өсімдік? (Күнбағыс)

Мұғалім: IV кезең «Топбасшылар» сайысы. Бұл кезде топбасшыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

«Табиғат» тобының топбасшысына-1 минутта аяға гүлге аяқталатын 20қыздың есімдерін атауы керек.(Нұргүл, Айгүл,Жангүл,Назгүл)

«Өсімдік» тобының топбасшысына-1 минут ішінде басы гүлден басталатын 20 қыздың есімдерін атау керек. (Гүлнұр, Гүлзада, Гүлжан,Гүлден,Гүлдархан)

Мұғалім: V кезең «Іздеу ұйымы» деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топқа жеке конверт беріледі. Конверт ішінде өсімдіктің тамыры, сабағы, гүлі берілген. Осы мүшелерді дұрыс құрастырып, өсімдіктің атын, пайдасы мен зиянын айту керек.

Мұғалім: VI кезең «Сөзжұмбақ шешу». Топтар өздері дайындап келген сөзжұмбақтарын алмастырады.

Мұғалім: VII кезең «Сыр сандық». Бұл кезеңде жасырын жәшік қойылады. Сіздерге дәнді-дақылдардың, көкөністердің сипаттамасы


оқылады. Сіздер сол көкөністің атауын атауларыңыз керек.

Мұғалім: VIII кезең «Өсімдіктер эстафетасы». Ойынның шарты: бірінші топ бір өсімдіктің атын атайды, екінші топ сол өсімдіктің соңғы әрпінен басталатын өсімдікті тез атауы керек. Мысалы: Алоэ-эвкалипт-терек-күріш-шие т.б.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!