Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Әдебиет
әлемінде
(Қазақ әдебиетінен сыныптан тыс іс -
шарасы)
Мақсаты: Оқушылардың оқырмандық талғамын
қалыптастыру. Танымдық іс - әрекетттерінің белсенділігін дамыту.
Рухани жан - дүниесін
байыту.
Керекті құрал - жабдықтар: кітаптар көрмесі,
музыкалық орталық, кітапқұмардың кітабы,
сандық.
Жүргізуші:
(Н. Тілендиевтің «Аққу» әуені) Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Әдебиет сүйер қауым! «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы – кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай рухани қазынамыз, қайнар бұлағымыз әдебиет әлемінің парақтарына үңілмекпіз. «Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс іс - шарамызға қош келіпсіздер! (Мақсатын айту).
Жүргізуші:
Ал тапсырмалардың орындалуына байланысты әділқазылар бағалап отырады (Осы жерде әділқазыларды таныстырып өту.)
Әділқазылар алқасын
таныстыру.
Директордың әдістеме бірлестік орынбасары –
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі-
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі-
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
I кезең – Белгілі тұлғалар
Әр топқа белгілі ақын-жазушылардың суреті көрсетіледі .Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталу керек.
II кезең – Ақындарша жырлаймын...
Әр топқа слайдтан қай ақынның өлеңі екенін табу. Сол өлеңнің авторы кім және өлеңнің екі-үш шумағын жатқа айту.
III кезең -Ойлан, тап!
Әр топқа әдеби шығармадан
үзінді беріледі.
Үзінді қай шығармадан, авторы кім екенін
айту.
IV кезең - Әдебиет
терминдері
Әдебиет пәнінде кездесетін терминдерге түсінік беру.
V кезең –
«Білімді мыңды жығады». Бұл кезеңде әр топқа
6 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен
бағаланады.
Ал, құрметті достар, іске сәт! Кітапты ашпас
бұрын қазір топтар өздерін таныстырып
өтсін.
Топтарды
таныстыру.
1 топ –«Абай»
тобы
«Абай» тобынан жалынды сәлем, сәлем,
сәлем!
Ұранымыз:
Абай жақын
қазаққа,
Орысқа да,
түрікке.
Абай – қазақ
баласы,
Абай – ақын
данасы.
2 топ – «Шоқан»
тобы
Баршаңызға сәлем
берді,
«Шоқан» атты
тобымыз!
Ұранымыз:
Алғыр
жүрек,
Алмас
ой,
Арыс
кеуде,
Уәлиханов Шоқандай боламыз
біз!
3-топ
Жүргізуші:
Халықтың көкірегінде мәңгілікке ұялап қалатын
адам деген ардақты есімнің ең биіктерден асқақтап салтанат
құратынын білеміз. Қазақ даласында туған жарық жұлдыздар бар. Олар
– Шоқан, Абай, Ыбырай. Осы қазақтың өлмес, өшпес асыл тұлғалары
қалдырған мұраларына басымызды иіп, көкірегімізді кере мақтаныш
етеміз. Олардың әрбір жақсы сөзін жанымызға терең қабылдап,
істерінен үлгі аламыз.
1 кітап парағы – «Белгілер тұлғалар» айдары. Белгілі ақын- жазушылардың портреті көрсетіліп, солардың өмірбаянына, шығармашылығына тоқталу.Әрбір ақын-жазушының портретін тауып,өмірбаяны мен шығармашылығына 10 ұпай беріледі.
(Ахмет Байтұрсынов.)
(5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым, ақын - аудармашы. Қазақ әдебиетіндегі бес арыстың бірі. «Тіл - құрал», «Әліппе» деген оқулықтар жазған. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», Крыловтың «Аққу, шортан Һәм Шаян», «Қарға мен түлкі» және т. б шығармаларын аударған.
(Бауыржан Момышұлы)
2. (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, Ұлы Отан соғысына қатысып, Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры - жазушы. Соғыста генерал Панфиловтың полкында дивизия командирі болған. «Офицердің күнделігі» атты жинағы бар. Өзінің отбасы мен балалық шағы туралы «Ұшқан ұя» романын жазған.
(Ыбырай
Алтынсарин)
3. Ыбырай
Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) —
қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф,
фольклоршы, қоғам қайраткері
Қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол балаларға
арнап мектептер ашқан. Өзі мектепте мұғалім болады. «Қазақ
хрестоматиясы» деген кітап жазған. Балаларға арналған «Кел балалар
оқылық», «Өзен» және т. б. өлеңдері, «Бай баласы мен жарлы баласы»
т. б. көптеген әңгімелері
бар.
4. Мүсірепов Ғабит (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
«Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Үздіксіз өсу», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз», Жеңілген Есрафил» тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
(Ғабит Мүсірепов)
5.Дулат Исабеков 1942 жылы 20
желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған.
Жазушы, драматург. Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты
жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал»
(1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік»
(1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы
басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық
көрді.
етіледі
(Дулат
Исабеков)
6. Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданында дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке қашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.[1]
Оның қалыптасуына әкесі Асқардың, анасы Бапаның үлкен әсері болған. Қарағанды жұмысшы табының қалыптасуы жайындағы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладалардың, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллалардың авторы. «Менің құрдастарым» романында (1939 жылы жарияланған, 1957 жылы орыс тіліне аударылған) Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны кұрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді. Қарағандының бір көшесіне Ерубаевтің есімі берілген.
(Саттар Ерубаев)
Жүргізуші:
Өлең - сөздің патшасы, сөз
сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер
данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы
тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін
айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз
арасы,
Ол – ақынның білімсіз
бейшарасы...
Өлеңге әркімнің - ақ бар
таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы» деп Абай
айтқандай кітаптың екінші парағы –
Ақындарша
жырлаймын... Әрбір ақынның өлеңінің дұрыс жауабын тапса -5
ұпай,өлеңін айтып берсе 10 ұпай
беріледі.
- Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.
1.М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
2.А.Құнанбаев «Сенбе
жұртқа,тұрса да қанша мақтап»
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша
мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
3.С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
Шығамын тірі болсам
адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толғанайдай балкып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
4.М.Дулатов
«Жастарға»
Найзаменен түртсе де,
Жатырмын,қазақ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге,ой,Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл
жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа,жастар,басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
5.С.Сейфуллин «Көкшетау» өлеңі
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп
Жүреді біліп кетіп есен-сауын
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек қанша жұтсаң - тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарғайы
Қасында көк желекті әппақ қайың
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мас қылады иіс майың
6.Саттар Ерубаев «Достық жыры» өлеңі
Мен білмеймін шекарасын
Солтүстік пен түстіктің.
Мен білмеймін шекарасын
Жолдастық пен достықтың
Сеніменен саясатта
Тетелеспін ,құрдаспын,
Мүмкін ,содан достықта да
Жеке өмір құрмаспын
Сен шөлдесең ішетұғын
Достың суы-қаным бар
Жүрегімде сен деп соғар
Бір өзгеше тамыр
бар
3 кезең – «Ойлан, тап!
» Әр топқа әдеби шығармадан үзінді

көрсету. Әрбір шығармаға 10 ұпай
беріледі.
1. Оны қанша тәрбиелесе де ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады.Біресе өздері беріп тұрып: «Же» дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездер алдына дайындап қойған тамақты да жемей,көзінің астымен жалт-жалт қарап қалушы еді.
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
2.Содан бері,
міне жиырма жыл өтті.Мен
ауруханаға он алты рет жатып
шықтым.Арқамды он алты рет жаматтым. Бір
елдің бедерлі географиясын арқалап
жүре беру ауыр болды. Жапон географиясының
бір беті ұлы Мұхит
теңізі, бір беті жЖапон теңізі
ғой.Сол теңіздер сияқты менің денемде
де сау жер қалыпты.Содан тілдіріп
алам да жаматам...
Ғ.Мүсіреповтың «Жапон балладасы» әңгімесіндегі айконың сөзі. (Арқаның)
3. Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңіәрегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, арқасына асынған шиті мылтығы түспейтін адам.
С.Мұқановтың «Өмір мектебі» романындағы саятшы Ораз бейнесі.
4. Лұқпан хакімнен сұрапты:
-Әдепті кімнен үйрендің?
Жауап беріпті:
-Әдепсізден үйрендім.Олардың өзін-өзі ұстауына қарап,қайсысы көңіліме жақпаса,сол әдеттен бездім.
Сәйф Сараи. «Түркіше Гүлстан» үзінді
5...Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді.Қазір басында желегі бар жас келіншек қалың қонақ ортасында,Абай қасында отыр.Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.Ол –өңшең қыз келіншек пен бозбала.Жиын бастығыАбай болып қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді.Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ тәрізді.
«Абай жолы» романынан үзінді Біржан сал Абай ауылында
6. Шырт ұйқының құшағында жатқан .Бас жағынан дарылдай сөйлеген әкесінің даусы оятып жіберді.
-Әй ,Сатай ,тұр, балам,барып шананы алып қайт,-деді.Сатай көзін сығырайтты.Үйдің іші әлі қараңғы екен.Терезеден бұлыңғыр ғана жарық түсіп тұр.Түн ортасынан жаңа ғана ауған мезгіл сияқты.нағыз тәтті ұйқының шағы да.Бүкіл тұла бойы маужырап ұйып,дәл осы күйде талықсып ұйықтап жата бергісі келеді.
Сайын Мұратбеков «Қылау»
әңгімесі.
4 кезең.
«Әдебиет терминдері»
1.Метафора –грек.ауыстыру,құбылтудың бір түрі.Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты балау.
2.Пейзаж-шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі мен көркем бейнесі.
3.Символ- бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей ,оны астарлап ,немес ұқсас бірнәрсеге байланыстырып түсіндіру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс сабақ жоспары

шағым қалдыра аласыз