Сыныптан тыс сабақ Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімді ұрпақ болуын талап ету, пәндер бойынша алған білімдерін ортаға салу,білімдерін кеңейту. Зерттеу мен шығармашылық зейіндерін қалыптастыру, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиеле
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 2

Күні: 29.11.2013ж

Мұғалімі: Сулейменова А.С

Сыныпта тыс сабақ


Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

(Ғарыш әлеміна саяхат)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімді ұрпақ болуын талап ету, пәндер

бойынша алған білімдерін ортаға салу,білімдерін кеңейту.

Зерттеу мен шығармашылық зейіндерін қалыптастыру,

ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: интелектуалды жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, проэктормен, бейнетаспамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, үлестірмелі қағаздар, проэктор, интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану, логика.

Сабақтың жоспары: Кіріспе бөлім:

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Саяхаттау

Негізгі бөлім:

Интелектуалды жарыс

Қорытынды бөлім:

Мұғалім сөзі

Бағалау, марапаттау


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі өткізгелі тұрған сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Елбасының жолдауы - егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу. Иә, осынау көкірегіңе болашаққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі жолдау бағалы байлық.

ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін.

Сендер, келешек ұрпақ, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектеріңді осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдеріңді осы ойын арқылы өрнектеп ортаға салыңдар.

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.


Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Зерек балалар ортаға шықсын,

Қол соғып, күтіп алыңдар!


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік.

Жеткізер сіздей өренді

Білімдінің сырына!

Қадамдарың оң болсын,

Сәт-сапар енді тілейін!

Әрқашан сәтті жол болсын!


1. Меркурийдің тапсырмасы


І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 6 оқушыдан қатысады)


1-топ «Балдырған»

Ұраны:

Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста

Алғырлықпен аламыз.


Сәлемдесуі:

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз


2-топ. «Күншуақ»

Ұраны:

Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады


Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.


Оқушылар бүгінгі сабағымыз өте ерекше, саяхат сабқ. Бүгін біз саяхатымызды ғарыш әлеміне жасаймыз.

Бейнетаспа. Зымыранға мініп, ұшу

Слайд-шоу. "Ғарыш әлеміне сапар"


Аспан әлеміне де ұшып келдік


2. Шолпан планетасының тапсырмасы:


І тапсырма: Аспанда көптеген жұлдыздар бар.

1. Математика пәнінен жұлдызшаға жазылған есептерді шығару.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6



8+3=11 7+8=15 7+5=12 9+4=13 6+9=15

Shape7 Shape8 Shape9 Shape10 Shape11 Shape12



15-6=9 14-8=6 16-7=9 12-8=4 11-6=5

ІІ тапсырма: Мәселе есеп


Қайсар 10 жұлдызшаның суретін салды. Арман оған қарағанда 3 жұлдызшаның суретін артық салды. Арман неше жалаушаның суретін салды?

Маржан 8 ақ раушан гүлін әкелді. Ақ раушанға қарағанда 5 қызыл раушан гүлін кем әкелді. Неше қызыл раушан гүлін әкелді?


ІІІ тапсырма: Логикалық есептер.
1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
2. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
3. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
4. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
5. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
6. Түйеқұс 2 аяғымен тұрса, 30 кг ал 1 аяғымен тұрса неше кг тартады?
7. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
8. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
9. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

10. Екі сиырдың мүйізі қанша?

11. Бір мысықтың аяғы қанша?  

12. Бес қойдың басы нешеу?

13. Үш адамның қолы нешеу?


3.Марстың тапсырмасы


ІҮ тапсырма: Қазақ тілі пәні бойынша

1. Ішіне-сыртына әдісімен у дыбысының дауысты немесе дауыссыз болтынын анықтау.


2. Сөйлем түрлерін сатылай кешенді талдау


3. "Түртіп алу" әдісі: Мәтінді бөліктерге бөлу


4. Юпитердің тапсырмасы:
Ү тапсырма: Әдебиеттік оқу пәні бойынша

1. "Рөлдік ойын" ойындар

Қожанасыр мен Алдаркөсе

Кімнің мекені жақсы? ІІІ бөлім


ҮІ. Жалғасын тап және авторы мен тақырыбын айт

1.Қорасында маңыраған,....

(Бұл қандай жырдың үзіндісі)


2. Бәйтеректің басына сен шықтың ба?,....

(К. Ахметова "Астана")


3. Саған білім жемісін,

Оқулығың береді......

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

(Несіпбек Айтов "Оқулық")


4. Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,

Не бар, не жоқты да сезбейсің......

Көктемде шығып,

Күз болса бұғып.

(Асқар Тоқмағамбетов "Бидай мен Қаңбақ")


Концептуалды кесте (кейіпкерлерді бағалау)


5. Сатурнның тапсырмасы

Сергіту сәтін жасаймыз


ҮІІ тапсырма Дүниетану пәні бойынша


6. Уранның тапсырмасы

1. Зерттханалық жұмыс

Ортаға екі топтан екі оқушы келеді, стол үстіндегі заттарға қарап, нені зерттеу керектігін табады. Сол затты бір-екі тәжірбиеден өткізіп, зерттейді.


7. Нептунның тапсырмасы

Тест тапсырмалары


8. Плутонның тапсырмасы

Ойын ойнау (Жер, аспан, күн, түн, ауа, теңіз, құстар, балықтар, өмімдік, оңтүстік, сқлтүстік, батыс, шығыс )


9. Жердің тапсырмасы


ҮІІІ тапсырма

Топ басшыларына сұрақ. Зымыран 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру


1. Қосылғыштардың орны ауысқанмен несі өзгермейді? (мәні)

2. Сан мен әріптен құрылған өрнекті ата (әріпті өрнек)

3. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем (хабарлы)

4. Көкқұтанның мекені қай жер? (шалшық)

5. Өлеңді аяқта Неткен сұлу, неткен көркем, (Осы менің туған өлкем)

6. Мұғалімнің орысша аудармасы (учитель)

7. Сенің жасың қаншада? орысша аудармасы (Сколько тебе лет?)

8. Судың үш күйі (су, бу, мұз)

9. Сұлба деген не? (Бір заттың үстінен қарағандағы көрінісі)

10. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік (көкжиек)

11. 7 мен 8-дің қосындысы қаншаға тең? (15)

12. Мемлекетіміздің президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)


1. Есептің несі болады? (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы)

2. Құрамында белгісіз саны бар есеп қалай аталады? (теңдеу)

3. Сұраулық шылауларды ата (ма, ме, ба, бе, па, пе)

4. Ми қайнатар жер ненің мекені (бозторғайдың)

5. Өлеңді аяқта Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған ... (Бәрі маған Отан деп жыбырлаған)

6. Класс сөзінің орысша аудармасы (сынып)

7. Сен қайда тұрасың? орысша аудармасы (Где ты живеш?

8. Адамға керек бес қажеттілік? (ауа, су, тамақ, жарық, жылу)

9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (тұсбағар)

10. Топырақтың бойында не бар? (ауа, су, құм, саз, шірінді)

11. 9 бен 5 - тің қосындысы қаншаға тең? (14)

12. Тараз қаласы қай облысқа жатады? (Жамбыл)




Бекіту:


Ойын толқып жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Сайыстан озып келер жүзден жүйрік
Мыңнан тұлпар болады білім тізген
Ал, халайық қарсы алып тамашалап
Өнерін балалардың өрге жүзген


Марапаттау, бағалау










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі