Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Сыныптан тыс сабақ «Көңілді тапқырлар» сайысы
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды топтық жұмысқа бейімдеу, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың белсенділіктерін арттыра отырып шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
763
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді тапқырлар» сайысыСабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Математикалық білім қабілеттерін , алған білімдерін пысықтау; 2) Дамытушылығы: Мақал-мәтелдер, ребустар, қызықты логикалық есептер шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; 3) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Топтың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар, стикер,плакат, сөзжұмбақтар; Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау,
Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру, әділқазы алқасымен таныстыру, ойын шарттарымен таныстыру, қорытындылау. Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Көңілді тапқырлар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Қас-қағым сәт» ойынының ережесін қолданамыз, яғни берілген сұраққа жылдам және дұрыс жауап берген оқушы сайысқа қатысу мүмкіндігін алады. Оқушылар жасыл және сары түстер таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.Сабақтың барысы: І. Сәлемдесу. Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;ІІ. Бәйге кезеңі. ( капитандар жарысады )ІІІ. Мақал-мәтелдер сайысы. ІV. «Ғажайып үштік» V. «Миға шабуыл» сөзжұмбақты шешу.VI. «Бақытты кезең» сайысы.І. Сәлемдесу. «Парасат» тобы:Ұраны: Жарыс десе жанамыз, бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз.«Сарын» тобы:Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске.ІІ. Бәйге кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. 2 минут уақыт беріледі. Әр сұраққа дұрыс берілген жауап 1 ұпаймен есептеледі.«Парасат» тобы:
«Сарын» тобы:
ІІІ. Мақал-мәтелдер сайысы. Мақал-мәтелдің бір бөлігін бастап, екінші бөлігін оқушылар жалғастырады. Әр топқа 9 мақал-мәтел оқылады. Дұрыс берілген жауап 1 ұпаймен есептелінеді. Бізге бүгін достық,өзара көмек және білім көмектеседі. «П» тобы:
V. «Миға шабуыл» сөзжұмбақты шешу. Екі топтан топ басшысы шығып, тапсырмаларыңызды алыңыздар.1-кезең: «Сиқырлы әріптер»Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі, 2-минут.
Периметр, куб, шеңбер, бір, екі, сан,он,бұрыш, қосу, бөлшек, аудан, аралас сан, өрнек, квадрат, т.б.Егер болсаңыздар әділ қазылар мүшелеріне апарып беріңіздер.
2-кезең: Сөзжұмбақты шеш:
3- кезең: Логикалық тапсырма:1. Мына текше төбелеріндегі әріптерді төмендегі сандармен алмастыру керек. 5,6,7,8,9,10,11,12. Сонда A+B+C+D= K+E+M+F= A+D+ F+K= B+C+M+E= A+B+E+K= D+C+M+F теңдіктері орындалатын болсын. Жауабы: 34
2. Мына суреттегі 9 дөңгелекке 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын орналастыру керек, сонда ABC, MKD, TEL, BDT, CDL, ATM, KBE үшбұрыштарының төбелеріндегі сандарының қосындылары бірдей болсын. Жауабы: 15
Егер болсаңыздар әділ қазылар мүшелеріне апарып беріңіздер.
VI. «Бақытты кезең» сайысы. Бұл кезеңде әр топқа математикалық терминдер беріледі. Оқушылар «П» әрпінен және «С» әрпінен басталатын математикалық терминдер атауын жазады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.«Парасат» тобы:
Рефлексия: Сайыс қорытындысын шығарғанға дейін оқушылардың алдына стикерлер ұсынылады. Әр оқушы алма тәріздес үлгіге бүгінгі өткен сабақ бойынша ойларын, ал жүрек тәріздес үлгіге бір-бірлеріне тілектерін жазып оқиды да, тоғай салынған плакатка жабыстырады.Қорытындылау. Әділқазы мүшелері ұпай сандарын есептеп, сайыс соңын қорытындылайды. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталады. «Көңілді тапқырлар» сайысында жеңімпаз топты анықтап мадақтама беріледі, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені» КММ
Тақырыбы: «Қазіргі заманғы оқыту технологияларына менің көзқарасым»Орындаған: А.Н.Тайшигирова
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру, әділқазы алқасымен таныстыру, ойын шарттарымен таныстыру, қорытындылау. Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Көңілді тапқырлар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Қас-қағым сәт» ойынының ережесін қолданамыз, яғни берілген сұраққа жылдам және дұрыс жауап берген оқушы сайысқа қатысу мүмкіндігін алады. Оқушылар жасыл және сары түстер таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.Сабақтың барысы: І. Сәлемдесу. Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;ІІ. Бәйге кезеңі. ( капитандар жарысады )ІІІ. Мақал-мәтелдер сайысы. ІV. «Ғажайып үштік» V. «Миға шабуыл» сөзжұмбақты шешу.VI. «Бақытты кезең» сайысы.І. Сәлемдесу. «Парасат» тобы:Ұраны: Жарыс десе жанамыз, бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз.«Сарын» тобы:Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске.ІІ. Бәйге кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. 2 минут уақыт беріледі. Әр сұраққа дұрыс берілген жауап 1 ұпаймен есептеледі.«Парасат» тобы:
- 100 жылдың басқа атауы (1 ғасыр)
- Градустық шамасы 900 –қа тең бұрышытың түрі.( тік бұрыш)
- Ноль сөзінің аудармасы ( лат. Мисса-ешқандай,ештеңе емес)
- Ең кіші үш таңбалы сан (100)
- 5 санына кері сан (1/5)
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
- Натурал санның мағынасы («табиғи сан»)
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)
- 15 құрама сан ба, жай сан ба? (құрама сан)
- 12-нің квадраты? (144)
«Сарын» тобы:
- 24 сағаттың басқа атауы ( 1 тәулік)
- Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)
- Градустық шамасы 180 0 –қа тең бұрышытың түрі.( жазыңқы бұрыш)
- Ең алғашқы әйел математик ( С.Ковалевская)
- Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
- 9-ға кері сан? 1/9
- Үш кесіндіден құралған фигура?( үшбұрыш)
- Алымы бөлімінен кіші бөлшек? (дұрыс бөлшек)
- 7 құрама сан ба, жай сан ба? (жай сан)
- 13-тің квадраты? (169)
ІІІ. Мақал-мәтелдер сайысы. Мақал-мәтелдің бір бөлігін бастап, екінші бөлігін оқушылар жалғастырады. Әр топқа 9 мақал-мәтел оқылады. Дұрыс берілген жауап 1 ұпаймен есептелінеді. Бізге бүгін достық,өзара көмек және білім көмектеседі. «П» тобы:
- Бір түйір дәнде, бәр тамшы тер бар.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
- Екі жақсы қос болмас, екі жаман дос болмас.
- Бес бармақ жиылса, жұдырық болады.
- Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.
- Досыңның мың болғанына мақтан, дұшпаның жалғыз болсада сақтан.
- Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
- Дос егіз болса, дұшпан сегіз.
- Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
- Бермегенге бесеу де көп, алғанға он болса да аз.
- Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
- Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
- Жалқаудың екі досы бар: бірі-ұйқы, бірі-күлкі.
- Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
- Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
- Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болар.
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
- Жігітке жеті өнер де аз.
Қазақ тілі | 10 | 20 | 30 |
Руский язык | 10 | 20 | 30 |
ҚазақстанТарихы | 10 | 20 | 30 |
Математика | 10 | 20 | 30 |
10 /Қазақ тілі/ | 20 | 30 |
Тау теңселіп, қозғалып оған қарай жақындап келеді.Қай ертегіден алынған? «Керқұла атты Кендебай» | Жиренше шешен қай ханның тұсында өмір сүрген? Аңыз бойынша ол Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол Әз Жәнібектің сарай биі, шешені болғанға ұқсайды. | Дұрыс емес таңба,Оқылмайды жазыладыБірақ сөзден табыладыОл қай әріп еді,Ойлап көрші есіңде бар ма? /Ь Ъ/ |
10 /Русский язык/ | 20 | 30 |
Сколько букв в русском языке? /33/ | Автор стихотворении«Вот такой рашянный» Самуил Маршал | Назовите падежи и вопросы существительного. Именительный : кто? что?Родительный: кого? Чего?Дательный: кому? чему?Винительный: кого?чего?Творительный: кем?чем?Предложный: о ком? о чем? |
10 /Қазақстан тарихы/ | 20 | 30 |
Қазақ халқының ежелгі баспанасы? Киіз үй | Дін ілімін зерттейтін ғылым? Теология | «Қанды жексенбі» оқиғасы қашан болды? 5 қаңтар 1905 жылы |
10 /Математика/ | 20 | 30 |
Квадраттың қабырғасы 6,5см. Квадраттың периметрін тап. 26см | Велосипедші 2 сағатта 23,6 км қашықтыққа барды. Велосипедшінің жылдамдығын табыңдар. 11,8 км/сағ | Теңдеуді шеш:5 + = 26; Х=6 |
П | М | Р | К | Б | О | И | Т | С | Ш | У | Ң | Е |
А | І | Е | Н | Ұ | Ы | Қ | Ө | Л | А | Д | С | В |
Периметр, куб, шеңбер, бір, екі, сан,он,бұрыш, қосу, бөлшек, аудан, аралас сан, өрнек, квадрат, т.б.Егер болсаңыздар әділ қазылар мүшелеріне апарып беріңіздер.
2-кезең: Сөзжұмбақты шеш:
- Бүтінді төртке бөлгендегі бір бөлігі
- Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі
- Ұзындық өлшемі
- Санауда қолданылатын сандар
- Ауырлық өлшемі
- Бұрышты өлшейтін құрал
- Орнынан қозғалмайды бірақ жүреді
- Алымы бөлімінен кіші бөлшек
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек
3- кезең: Логикалық тапсырма:1. Мына текше төбелеріндегі әріптерді төмендегі сандармен алмастыру керек. 5,6,7,8,9,10,11,12. Сонда A+B+C+D= K+E+M+F= A+D+ F+K= B+C+M+E= A+B+E+K= D+C+M+F теңдіктері орындалатын болсын. Жауабы: 34
2. Мына суреттегі 9 дөңгелекке 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын орналастыру керек, сонда ABC, MKD, TEL, BDT, CDL, ATM, KBE үшбұрыштарының төбелеріндегі сандарының қосындылары бірдей болсын. Жауабы: 15
Егер болсаңыздар әділ қазылар мүшелеріне апарып беріңіздер.
VI. «Бақытты кезең» сайысы. Бұл кезеңде әр топқа математикалық терминдер беріледі. Оқушылар «П» әрпінен және «С» әрпінен басталатын математикалық терминдер атауын жазады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.«Парасат» тобы:
- Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
- Қосу амалын өрнектейтін белгі (плюс)
- Санның жүзден бір бөлігі (процент)
- Геометриялық фигура ( парал-д)
- Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы ( принтер)
- Тік бұрыштан кіші бұрыш, яғни 900 тан кіші болатын ( сүйір)
- Шектелген кесінді (сәуле)
- Тәуліктің 1/24 бөлігі (сағат)
- Өлшем бірлігі ( сантиметр)
- Жоқ өзінде бас та , қас та , мойын да, ұзындығы жазылып тұр бойында ( сызғыш)
Рефлексия: Сайыс қорытындысын шығарғанға дейін оқушылардың алдына стикерлер ұсынылады. Әр оқушы алма тәріздес үлгіге бүгінгі өткен сабақ бойынша ойларын, ал жүрек тәріздес үлгіге бір-бірлеріне тілектерін жазып оқиды да, тоғай салынған плакатка жабыстырады.Қорытындылау. Әділқазы мүшелері ұпай сандарын есептеп, сайыс соңын қорытындылайды. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталады. «Көңілді тапқырлар» сайысында жеңімпаз топты анықтап мадақтама беріледі, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені» КММ
Тақырыбы: «Қазіргі заманғы оқыту технологияларына менің көзқарасым»Орындаған: А.Н.Тайшигирова
2016-2017 оқу жылы
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)