«Математикалық турнир»
сыныптан тыс іс-шара
Бұл іс-шараны математика онкүндігі шеңберінде
8-сыныптар арасында өткізуге болады. Өткізілу түрі – екі топ
арасындағы сайыс.
Іс-шараның
мақсаты:
1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын
арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық
сайыс
Қажетті құрылғылар,
көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар,
фигуралар кескінделген
парақтар
Жоспары:
1.Суретті құрастыру арқылы екі топтың
ұйымдасуы, топтың атауы
беріледі
2.І-тур (блиц-сұрақтар
10/10)
3. ІІ-тур (Тіл -
өнер)
4. Қызықты
үзіліс
5. ІІІ-тур (кесуге арналған
есеп)
6. Қорытындылау,
марапаттау
Барысы:
Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді
көрермендер!
Математикалық турнирге қош
келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде
өтеді.
Математика
сырлары,
Қызықтырды
біздерді.
Ойынға бірге
қатысуға,
Шақырамыз
сіздерді!
Әділқазы алқасын
сайлау.
Шеберлікті,
білімді
сараптап сіздер
көріңіздер
Әділқазы
алқасы
Әділ баға
беріңіздер! - дей отырып
сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын
ортаға шақырамыз.
І
тур. (блиц-сұрақтар
10/10) (16-17 слайд)
1-топ
Шоколадтың бағасы 10 тг және тағы шоколадтың жартысы. Шоколад қанша
тұрады? 20 тг
7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет
таратылды? 42
Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0
болады? 1
25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз
қалды? 1
2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық
шығады? 40
Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп
айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2-де тұрса біз 10 мин
өтті д.а)
Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең
болады? (екінші
қосылғыш 0 болса)
Айнымалысы бар теңдік. Пропорция
Wunderkind сөзі нені білдіреді? Дарынды бала
Жерді өлшеу туралы ғылым. Геометрия
2-топ
Тәуліктің 24-тен 1-і 1сағат
Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м
282 саны 3-ке бөлінеді ме? Иә
Сызықтық функцияның графигін атаңыз. Түзу
Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12
Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда
болады? 6
Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ
бар? 50
Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр
бар? 10000 см2
289 нешенің квадраты? 17
Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде
неше стақан бар? 3
2 - Тур. «Тіл -
өнер»
1. Кез келген
екі нүкте арқылы нені жүргізуге
болады
(түзу
- прямая - straignt)
2. Бір нүктеден
шығып екі сәуледен құралатын геометриялық
фигура
( бұрыш - угол
- angle)
3. Бір нүктемен
шектелген түзудің бөлігі
( сәуле - луч –
beamray)
4. Тік бұрыштан
кіші бұрыш
(сүйір - острый
– sharp(keep))
5. Жоқ өзінде
бас та, қас та мойын да
Ұзындығы жазулы
тұр бойында? (сызғыш, линейка, rule
)
6. Мен бұрышты
берілген
Тең екіге
бөлемін
Жаралғалы
ғылымда
Не атанып
келемін? (биссектриса, биссектриса,
bisector)
Қызықты
үзіліс
Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар
ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз
қажет.
Жасырылған
сөздер:
Турист
Күнтізбе
Координаталық жазықтық
Боран
Піл
Жады
ІІІ
тур (24-27
слайд)
Алдарыңыздағы фигураны кесіп, квадрат
құрастыру керек
1-топ 2-топ
VIІ. Қорытынды.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға
береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.