Материалдар / сыныптан тыс сабақ "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс сабақ "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
1024
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«№15 мектеп-лицей» КММ













Әдеби- сазды кеш «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!»















Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Тилеукулова З.К











«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!»

 

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды кеш «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!»

Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.


Видео «Туған күн»


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! Иә, бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні. «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!» сыныптан тыс шараны бастауға рұқсат етіңіздер!


2-жүргізуші:

  

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 89 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.


1-жүргізуші:

Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған ақын өлеңдеріне кезек берейік.

 

Менің анкетам" оқитын 2 «ә» сынып оқушысы .




2-жүргізуші:

Бүгін Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап, көрініп тұр. Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым жұлдыздарындай көзге оттай басылып, ыстық көрінетін ол жұлдызды басқаларының жұлдыздарымен шатастыру мүмкін емес.

Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды.



«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» тақырыбында Кеңесбек Альбина презентация дайындады. Альбинаны ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!


Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931жылы 9ақпанда дүниеге келген.Мұқағалидың азан шақырып қойған толық аты- Мұқаметқали. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Ақын ауыл кеңесінің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарады.



1-жүргізуші:

Таулар, таулар, тауларым-ай!

Сағынысып қаппыз ғой тарланым-ай!

Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,

Түн болмайды еш жерде таудағыдай.

Тау менің несібеме тиіпті ерек,

Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.

Ақсақалдар:-Таудай бол – дейтін маған,

Таудай болғым келеді биік керек.

Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті.

Ол биігі-Туған халқы, Ана тілі, Атамекені.


Мейірбек Айаруды «Отан» өлеңімен қарсы алыңыздар!


«Үш бақытым» өлеңі.


2-жүргізуші:

Махаббат бүгін және қарамады,

Қарамады...

Жанымды жаралады.

Шәміл-ау,

Білесің бе?

Шын махаббат

Осылай қарамаудан жаралады!

Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады.


1-жүргізуші:

 Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса «Махаббат диалогын»тыңдасақ. Орындайтын

Еркінбек Бексұлтан,Дүйсеналы Ескендір,Адилов Дінмұхамед




2-жүргізуші:

Шетінен өлең-жыры шұғылалы,

Әр қырын, біз түсініп болған жоқпыз, ұғып әлі.

«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды»- деген тамаша ой-толғау бар. Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

Алдарыңызда Мұхан Каусар «Поэзия» өлеңімен .


1-жүргізуші:

Мұқағали поэзиясы – мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі.


2-жүргізуші:

Алдарыңызда шағын көрініс «Мұқағали мен Нұрқасым» диалогы

Мұқағали рөлін сомдайтын- Жанәділ Хансұлтан , Нұрқасым рөлін – Ормахан Ұлан орындайды.


Көрініс «Мұқағали мен Нұрқасым»

 Мұқағали: Осы мен ақынмын ба? Шыныңды айтшы, мен саған сенейін! Ел не дейді?

Нұрқасым: Сіз - өте жақсы ақынсыз. Ел де солай дейді.

Мұқағали: Өтірік.

Нұрқасым: Сенбесеңіз өзіңіз біліңіз! Халық жақсы ақын дейді, жақсы көреді,

бірақ...

Мұқағали: Ақымақ бала, «жақсы ақын» дейсің, ә?! Жо-жоқ, мен жақсы ақын

емеспін, сұмдық ақынмын! Білем сенің де ақыл айтқың келіп тұр.

Нұрқасым: Жоқ, Мұқа, олай ойламаңыз. Мен әншейін.

Мұқағали: Түсінем, түсінем, бәрін де түсінем. Маған сенің жаның ашиды.

Олай емес! Мен өз құнымды өтедім. Енді өлуім керек! Осы мен өлетін уағымнан өткен сияқтымын?! Рас, мен енді өлмеймін.

                        «Жақындықты сеземін –

                        Жерден де аспаннан,

                        Жылулық сезінем –

                        Мұздардан, тастардан.

                        Өмірім сірә да,

                        Арыдан басталған,

                        Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

                        Осы мен

                        Өлмеймін, өлмейтін шығармын

                        Сәл ғана мызғып ап ,қайтадан тұрармын»

Мұқағали мұрасынан  «Халыққа хат» және «Автограф» өлеңдері




2-жүргізуші:

Қымбатты достар! Ақынның шығармаларының бәрін біріктіріп оқып қарағанда, оның шығармалары бір үлкен поэма іспетті.Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма.

Майгүлге

1-жүргізуші:

«Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім»,-деп тіршіліктің жұрт көзіне көріне бермес сәттерінің бәрінен сезімге толып, шарқ ұрған ақын кім? Әрине, Мұқағали.

Үсенбек Еркін орындауында «Әке»

орындауында«Әкеме» өлеңі

Ән: «Әке»орындайтын Еділбай Дария

2-жүргізуші:

Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме, өше ме- мәселе сонда! Ал Мұқағали Мақатаевтың жырлары мәңгі тозбас асылдай болып, 20ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық.

Алдарыңызда «Қарасаз» өлеңі

1-жүргізуші:

Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Алдарыңызда көрініс «Естеліктерден үзінділер».


Журналист: Жазылар естеліктер мен туралы,

                           Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                           Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

                           Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгері ұлы ақындарша дөп басып дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп-білгендердің ішінде құлаш-құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде-кем.

Құрметті көрермен қауым студиямызға тікелей эфирде ақынның анасы Нағима Батанқызы, Мұқанның зайыбы Лашын Әзімжанова, қазақ халқының ақын жазушысы Фариза Оңғарсынова мен Нұрғиса тілендиев келіп отыр. Студиямызға қош келдіңіздер.

  • Ал, енді бірінші сөздің кезегін құрметті апай ақынның анасы сізге берейік!

 Нағиман Батанқызы(Ақынның анасы) рөлде:Кеңесбек Альбина

 Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты ақыны атанарын,құдай ақы,туған шешесі мен де,өмірлік жары да,туған бауырлары да білгеміз жоқ.Көпшілік ел де кезінде білмеген

шығар..





Енді қарап отырсам,тыңдап отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп,өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты,өлеңінің қуаты шығар.Бұған да тәубе.Қайсыбірін айтайын.Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып жанады...

 

Журналист: Лашын Әзімжанова сөз кезегі өзіңізде!


Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы) рөлде:Мұхан Каусар

 Мұқағалидың тілі бай,халық тілі еді ғой.

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Мұқаң халқына піріндей сенді.

 


Журналист: Фариза апай енді сізді де тындасақ... Райымбек Еркеназ


Фариза Оңғарсынова

 Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

         Поэзияның әрі таймас сұлулығын да,барған сайын ынтызарын да көрсете білген де осы Мұқағали еді. Арамызда жоғы өте өкінішті.

          

        Журналист: - Құрметті көрермен қазір алдарыңызда Мұқағали ақынның өлеңдерін естісек.


Журналист: - Аға сіз не дейсіз?


Нұрғиса Тілендиев рөлде:

  1975-жылдың күзі.Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей,үйде шығарма жазып жатқан.Неге екенін қайдам,інімді арнайы іздедім.

       Ақыры таптым.Екеуара кең-мол әңгімелестік. Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсіндім., енді ғана танығандаймын.Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты,қарапайым.Ендеше неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың?-дедім.

    Ол әжептәуір ойланып қалды, қарсылық көрсеткен жоқ.    

    Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"

Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"

Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.


 Журналист: -Уақыттарыңызды бізге бөліп, осы студиямызға келдеріңізге көптен-көп алғысымызды білдіреміз!



Құрметті көрермен тыңдағандарыңызға рахмет! Бүгінгі кездесуімізді Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» өлеңімен аяқтасақ .


Сіздермен болған:Мейірбек Айару Көріскенше күн жақсы!


1 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.

Олай болса Мұқағали мұрасынан естелік

Тақпақтар: Қарасаз ,ұлыма,қызыма

1-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.


Олай болса,Мұқағали мұрасынан көрініс «Аққулар ұйқтағанда» 

1-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

Келесі кезекте жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.


2-жүргізуші:

Сен қазақтың қазақтығын жырладың,

Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.

Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген

Қара өлеңнің – жалындаған жырларын.

Зулап күндер, жылдар аунап барады,

Жырларыңнан қазақ бақыт табады.

Қадіріңді сәл кешірек білсек те,

Мәңгі есімің жадымызда қалады.


2-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!





2-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

1:-жүргізуші:  Келесі көріскенше амандықта болайық!

Күмісбек Жарқын «Бақыт»

Ән «Бақыт деген»









































Аққулар ұйықта

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!