Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Үздіктер сайысы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс сабақта барлық пәндер қамтылған. Үздіктердің ішіндегі ең үздігін анықтауда көп көмегі тиеді. Оқушыларға бір-бірімен сайысқа түскен өте қатты ұнайды. Сондықтан да білімділігін, сыныптың сапасын, сынып белсенділерін анықтауда көп көмегін тигізетін материал.Бұл сыныптан тыс сабақтың көрнекі құралдары өте тиімді қолданылған. Оқушылар қызығып жауап беріп, сабақ жақсы деңгейде өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үздіктер» сайысы

Күні: 25.01.19

Сыныбы: 2 «А»

Өткізген: Тастекова Ж.Е.


Мінекей сыныпта тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз.

Ал, қанекей халайық,
«Үздіктер» сайысын бастаймыз


Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Бүгінгі біздің мектебімізде 2 «А» және 2 «Ә» сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Үздіктер» сайысына қош келдіңіздер!


Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.


Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Байманасова Индира Асылбекқызы

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Найзабекова Жаухар Сәбитқызы

3. Бастауыш сынып мұғалімі – Тұрсынғалиқызы Мөлдір

- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей сайыскерлермен таныс болыңыздар.
1 – ойыншы – Амангельды Нұрдәулет
2 – ойыншы – Жақсылық Нұрдәулет
3 – ойыншы – Байтоқ Қуанышкелді
4 – ойыншы – Жақсылық Хафиз
5 – ойыншы – Серікхан Иманғали
6 – ойыншы – Айтұған Жансезім
7 – ойыншы – Ибраева Кәусар
8 – ойыншы –


Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 6 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот

3. Дода

4. «Мен математикпін»

5. «Сөз ойла, тез ойла»
6. «Сөз мәнері»


«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!


I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 7 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 1 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни, дұрыс нұсқасын дөңгелектейміз.Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

1. Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі?
а) монолог
б) диалог
в) полиглот
2. Қай сөзде қате кеткен?
а) хаюан
б) хайуан

в) хайуанат
3. Екі таңбалы санды көрсет?
а) 2
б) 215

в ) 17
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
а) сипаттау 
б) пайымдау 
в) әңгімелеу
5. Қосмекенді жануар?
а) балық
б) тасбақа
в) кесіртке

6. Рәміздер саны?

а) 4

б) 5

в) 3

7. «Кәрім» қай мәтіннің кейіпкері?

а) Байлық

б) Салақтық

в) Байлық пен ақыл


Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.


1.Шәкіртке жанашыр,

Мейірбан – жаны асыл? (ұстаз – учитель - teacher)

2.Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. ( алма – яблоко - аpple )
3.Білімнен мол сый-асы

Балалардың ұясы (мектеп - школа - school)
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
7.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(Кітап - книга - book)
8.Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап.(Доп - мяч - ball)

9.Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған.(мысық - кошка -cat )
10. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
12. Туғаннан біргемін

Бірақ санын білмедім ( шаш – волосы- hair)
13.Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар.(Сағат - часы - cloсk)

14. Пұшық келсін,

Дөң келсін.

Жаманы жоқ,

Дем берсін. (мұрын – нос – nose)

15. Бiрi – ағаш кесу құралы, 
Бiрi – шырынды бал бұлағы. (Ара – пчела- bee) 

16. Өзгені көріп екеуі,

Бір-бірін көрмей кетеді. (көз – глаза – eyes)
Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 4 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Дода» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі.
Жоғарыдағы 20- Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 аптада неше ертегі оқиды? (14 )
Ортадағы 20- Мәтін дегеніміз не? Олардың түрлері, ережесі (Мәтін – екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады. Түрлері: сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)
Төмендегі 20 – Көлік деген не? Көлік түрлерін ата?
Жоғарыдағы 30- «Қызғалдақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Ортадағы 30 Судың күйлерін ата? Мысал келтір. (қатты, сұйық, газ)

Төмендегі 30- Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

Жоғарыдағы 40 – Масса өлшем бірліктерін ата. Мәнін айт. (1кг=1000г 1т=10ц 1т=1000кг 1ц=100кг

Ортадағы 40 – Қаңқа деген не? Өз бойыңнан сүйектерді атап көрсет. (бас сүйек, қол сүйектері, төс сүйек, қабырғалар, омыртқа сүйек, жамбас сүйегі, аяқ сүйектері)

Төмендегі 40- 27 саны – қандай бірдей сандардың қосындысына тең. Бірнеше мысал келтір. (27=9+9+9, 27=3+3+3+3+3+3+3+3+3)

Ұпайы аз 4 ойыншыны шығарып саламыз.

«Мен математикпін» турына көшеміз.

Бұл турда Әр балаға 10 есеп беріледі. 1 минут уақыт беріледі. Нешеуін үлгерім орындаса, дұрыстығына байланысты сонша ұпай беріледі.

90-20= 100+29=

30+16= 60-15=

22-12= 50+23=

40+15= 46+13=

33+30= 80-72=


Ұпайы аз 4 ойыншымен қош айтысамыз.
«Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Уақыт 30 секунд. Неше сұраққа жауап берсе, ұпай саны да соның көрсеткіші болып табылады.


-Сенің атың кім? - Бүгін қай күн?
-Сен нені армандайсың? - Сүйікті пәнің?
-Қайда барасың? - Қай қалада тұрасың?
-Сен не ұнатасың? - Анаңның аты кім?
-Досыңа туған күнге не әпересің? - Жасың нешеде?
-Қыста не болады? - Кеше қайда болдың?
-Мектепке немен келесің? - Сағат неше болды?
-Демалыста қайда боласың? - Жазда не істейсің?
-Алманың түсі қандай? - Сүйікті тағамың?
-Мен қандаймын? - Болашақта кім болғың келеді?


Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.


Келесі кезекте 2 финалист «Сөз мәнері» сайысында бақ сынасады. Берілген сурет бойынша әңгіме құрайды.

Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз

Жеңімпазды анықтау. Оны марапаттау.


Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
854
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12