Материалдар / Сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жастарымызды қоғамымыз, жастарды заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасату. Алайда пайдалы істерге әлеуметтік желілердің көп бөлігі ерекше орын алуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2018
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
Мақсаты: Қазіргі
жастарымызды қоғамымыз, жастарды заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасату. Алайда пайдалы істерге әлеуметтік желілердің көп бөлігі ерекше орын алуда.

Түрі: Пікірталас

барысы:І. Ұйымдастыру

ІІ. Барысы Жүргізуші: Құрметті оқушылар. Бүгінгі 9-10 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» атты пікірталасымызға қош келдіңізде! Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. 

Олай болса бейнесюжетке назар аударайық. (1)
Жүргізуші
. Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және whatsapp, вконтакте, instagram, twitter, agent, facebook және т.б. әлеуметтік желілер арқылы хат алысып, фотосуреттер жіберіп, лайк жинап, алыс жақыннан достар тауып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей әлеуметтік желілердің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік. Ал енді бейне сюжетке назар аударайық.
Жүргізуші
: Жаңа өздеріңіз көрген бейнесюжеттегі пікірлерге қарсы кейіпкерлерімізді ортаға шақырамыз. Ал саламатсыздар ма?! (пайдасын айтатын оқушыларды ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Бізге әуелі өзіңдеріңізді таныстырып кетсеңіздер. Оқушылар: Менің есімім ... , мен ...класс оқушысымын.
Жүргізуші: Жақсы, оқушылар күніне қанша уақытыңды әлеуметтік желіде өткізесің? Оқушылар: Мен күннің 1 сағатын интернетте өткіземін.

Жүргізуші: Интернетті, әлеуметтік желіні қандай мақсатта қолданасың?

Оқушылар:Біз үшін интернет, әлеуметтік желі тек басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе алатынымыз.Сонымен қатар мысалға, ұстаздар берген реферат, қосымша материалдармен жұмыс солардың бәрін біз интернет арқылы таба алатынбыз. Бұл енді уақыт жетпей жатқан кезде болмаса. Кітапханаға барып жүрмей үйдегі интернеттен іздейтінбіз.Интернеттің пайдасы мен үшін осы ғана. Ал зияны өте көп.

(Пайдасы жөнінде өз ойларын айту үшін оқушылар ортаға келеді.)
Жүргізуші: Жастар көбі осы әлеуметтік желіде отырады.
Мынадай қызықтарда бар, әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі екен. Ал сіздер қандай әлеуметтік желіге тіркелгенсіздер?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші:
Ал ай сайын интернетке қанша қаржы жұмсайсындар?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші:
Қазіргі уақытта оқушылар арасында әлеуметтік желілерге кіретін жасөспірімдер қарқындап артуда. Mail.ru, вконтакте, ватзап, твитер, однаклассники, инстаграмм, фейсбук, виба – онлайн жүйесінде қарым - қатынас жасауға арналған танымал желілер, Бұл бұл әлеуметтік желілерден іздегеніңді табасың. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді агент қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер.Бүгінде әлеуметтік желілер оқушылардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Олардың көбі «әлеуметтік желімен» ауыратын болды.Ендеше сол оқушыларды ортаға шақырайық.(пайдасын айтатын оқушыларды ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Бізге әуелі өзіңдеріңізді таныстырып кетсеңіздер.

Оқушылар: Менің есімім ... , мен ...класс оқушысымын.
Жүргізуші: Жақсы, барлық қолданушылардың 50% аптасына 5 сағатын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді екен. Ал сендер күніне қанша уақыттарыңды интернетте өткізесің? Оқушылар: Мен күннің көп уақытын интернетте өткіземін.Жүргізуші-1:Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ойладыңыздар ба? Оқушылар: Мен үшін әлеуметтік желі пайдалы.
Барлық жұмысымды әлеуметтік желімен бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді әлеуметтік желісіз елестете алмаймын. (Пайдасы жөнінде өз ойларын айту үшін оқушылар ортаға келеді.)
Жүргізуші:
Қандай әлеуметтік желіге тіркелгенсіздер?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-1:Тіпті көшеде келе жатқанда бір-бірлеріңнің бет жүздеріңді көре алмайсыздар? Телефон арқылы әлеуметтік желімен хат алмасып келе жатасыздар. Сонда не айтасыздар? Әлде уақыттарыңды бос өткізесіздер ме?

Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-2:Ал ай сайын интернетке қанша қаржы жұмсайсындар?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-1:Қазіргі дәл осы күні вконтакте
, инсаграм, фейсбукте тез дамыған әлеуметтік желі. Осыда отырасыздар, дұрыс па? Енді осыдағы өтетін фотобатлдар және түрлі сайыстар өмірлеріңде маңызды орын ала ма? Неліктен?
Оқушылар: Мен ....
Келесі бейне сюжет (2) 
Жүргізуші-2: Бағдарламаға қатысушы бір топ қонақтардың бұл туралы пікірін білейік. Мектебіміздің медбикесі Г.Бисенова: Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Әлеуметтік желіге кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. 
Компьютердің алдыңда көп отыру адамның көзіне әсер етеді көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтады экраннан тарайтын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиянды. Үздіксіз пайдалану жүйке жүйесі мен қоса қол буындарының ауруын туғызады Францияда жылына 80 адамға буындардың ортасындағы жүйкенің қыстырылуына ота жасалады екен.Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз.
Жүргізуші-1: 
-Ал оқушылар дәрігер айтқандай қауіпсіздік ережесін сақтасаңдар интернетке отыру зиян емес дейді. Қандай жаттығуларды білесіздер?
Оқушылар: Мен ....
Бейнесюжет (3)

Ата – ана Изтелеуова Жангүл.Мен оқушылардың әлеуметтік желіде ертеңнен кешке дейін отыруына қарсымын ол балалардың денсаулығын бұзады, сабақ үлгерімін төмендетеді, өйткені тамақты уақытында ішпейді уақытымен демалмайды. Әлеуметтік желіде үнемі отыру олардың мінезінде өзгертеді. Әлеуметтік желіден кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды. Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар. Сондықтан әлеуметтік желіге, интернетке қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің ауа райын білу үшін де қажет.Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Жүргізуші-2: 
-Тіпті ата-аналарыңыз тамаққа шақыра алмай әуре болып жатады. Есімдеріңді атап. Бұған не дейсіздер, қандай пікір айтасыздар?
Оқушылар:....
Жүргізуші-1:Әлеуметтік желі жастардың «індеті» ма немесе уақыт талабы ма? Осы туралы ой - пікірді тыңдайық.
Мектебіміздің жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Қ.Хайырманов.

Көшеде ұялы телефон пайдалану көптеген орны толмас қателіктерге соқтырады, қылмыстық істерге бой алдырады. Жолда жүру ережелері бұзылады, соның салдарынан оқушылар арасында жол апатына ұшырау көп. Оқушылардың, сол интернетке таңылғанша көзбе - көз қызу әңгіме өткізетін арнауы клубтарға жазылғаның дұрыс болар деп есептеймін.Жүргізуші-2: Қазіргі жастар «Әлеуметтік желісі бардың күні – жарық, әлеуметтік желісі жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр. М – агент, вконтакте, инстаграм, ватсап т.с.с қазір жасты да, жасамысты да жібермей өзіне матап тұрған тылсым күш тәрізді. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай әлеуметтік желіге тәуелді болып қалғандар да бар.
Мектебіміздің психологы А.Жексенова жастар агентке әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді. Агентомания – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, әлеуметтік желіге құл болмау жолын ойлау керек. Әлеуметтік желіге көп жоламауларыңыз керек, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын алу. Әлеуметтік желіге тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру. Жасөспірімдер үшін ұзақ отырмау.
Жүргізуші-1: 
-Енді әлеуметтік желі несімен ұнайды? Шын достарыңнан гөрі, вертуалды достарың көп пе?
Оқушылар:Мысалға группа ашып, үй тапсырмасын сонда лақтырамыз, қайда қыдыратынымыз туралы жазамыз.
Бейнесюжет (4)

Жүргізуші: Биология пәнінің мұғалімі Ә.Болатқызы. Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар әлеуметтік желілерге кіру арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді. Көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетін мына оқушылар секілді оқушылардың оқу үлгерімі төмендейді.
Жүргізуші:
Дәл осы әлеуметтік желі 1995 жылы кеңінен қолданылып келеді? Алғашқы болып сыныптастар әлеуметтік желісі шықты. Ал сендер алғаш бастап кірген әлеуметтік желілеріңіз қандай?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-2: 
-Ал енді неге оқушылар шетелдік желіні қолданасыңдар? 
Оқушылар:Әр кезеңге қарай әр түрлі әлеуметтік желіде отырамыз.
Жүргізуші:-Талай бала негізі бағаға емес, лайк-қа лайықтымын ба деп талпынып жүр? 1 лайк күнделікке қойылған бір «5» баға секілді. Лайктың маңыздылығы неде? 
Оқушылар:Адамның өзіне, өзін-өзі бағалауға, өзінің ортадағы беделіне байланысты.
Жүргізуші
:-Бағанадан бері әр түрлі әлеуметтік желілер туралы айтып жатырмыз.Енді осы әлеуметтік желіні, интернетті қолдану үшін қандай құрал пайдаланамыз? 
Оқушылар:Телефон, компьютер, ноутбук, планшет.
Жүргізуші1:-Әлеуметтік желілерге тәуелділік көбінесе мектептерде күрделі мәселелерге айналып отыр. Сонымен қатар сапалы білім емес, сәнді сотка мәселесі жоғары болып отыр. Енді бұл сотканы алып беретін кімдер, не үшін алып бересіздер? Ал сіздің балаңыз қандай мақсатта қолданады? 
Бейнесюжет (5)

Жүргізуші-2: Интернет желісіне қосылған кез келген адам осы әлеуметтік желі арқылы әлемнің түкпір - түкпіріндегі тұрғындармен пікір алмасып хабарлама арқылы тілдесе алады. Сондай - ақ интернет арқылы сөйлесу адамды шынайы өмірден алыстатады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық.
Әлеуметтік желілің қандай пайдасы бар? Әлеуметтік желіге кіру мәдениеттілік. Әлеуметтік желі алыс жақын адамдардың бір - бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден бір жаңа технология.Бір мезгілде бірнеше адамға хабарласуға болады. Жаңа достар табасың.Әлеуметтік желі әрі тиімді, арзан қарым - қатынас жасауға пайдалы.Интернеттің әр сайтынан түрлі жаңалықтар алуға болады.Жылдам хабар алмасуға болады, әр арзан, әрі тиімді.
Әлеуметтік желінің қандай зияны бар?
Уақытың босқа кетеді. Көп отыру көздің нашарлауына мойныңа тұз жиналуға соқтырадыКейбіреулер алданып қалады әлеуметтік желілердегілердің көбі сені алдайды. Сабақ оқуыңа кедергі келтіреді.Әлеуметтік желі – сауатсыз жазу мен сауатсыз сөйлеу.Кейбіреулер осы өмірді ұмытады, жүйкесін жұқартады.
Денсаулыққа ЗИЯН
Адам ОЙ-ӨРІСІН еш ДАМЫТПАЙДЫ
Жүргізуші-1:
ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. 
Жүргізуші-2:
« Бес саусақ бірдей емес » демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай деп біз бүгінгі «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» атты пікірталас өз межесіне жетті. Сау саламатта болыңыздар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!