Материалдар / Сыныптан тыс шара "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" (бастауыыш сынып оқұшыларына)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" (бастауыыш сынып оқұшыларына)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану екенін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2022
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

Мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;

Тәрбиеші: - Балалар. Біз бүгін сендермен салауатты өмір салтының қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой бөлісеміз.



  • Дұрыс тамақтану

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болу қажет.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғары болуына ықпалын тигізеді.

Күнделікті тамақтың сапасы мен мөлшері (нормасы) үнемі бақылауда ұстау қажет.

Дұрыс тамақтанатын адамның денсаулығы берік болады.

Дұрыс тамақтану ережелері:

· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

-тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

· таңертеңгі асты мұқият қабылдау керек. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түседі.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5. Тағамдар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуы керек.

- Пайдалы және зиянды тағамдарды (суреттерді) екі топқа бөліңдер:
Қарақұмық (гречка) ботқасы, газдалған сусын, балық, алма, ет, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки, компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пицца, балмұздақ, нан, пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, творог, шұжық, ет, шабдалы, апельсин, күріш, алмұрт, кофе, қызылша.

Қорытынды.
- Пайдалы тағамдар: нан, ұннан жасалған тағамдар, ботқалар, картоп, жеміс – жидектер.
Зиян тағамдар: қант, чипсы, кәмпит, тәтті тағамдар, кондитерлық заттар. Бұл тағамдарды сирек, аз-аздан жеген жөн.

  • Балалар, дұрыс тамақтану ережелерін сақтай білейік.
    • Тамақ құрамы туралы ойланыңдар!
    • Тамақты дұрыс шайна!
    • Тамақты артық жеме!
    • Тамақ уақытында іш!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!