БҚО Ақжайық
ауданы Қаршы
ОЖББМ
«Химиктер қатарына
қабылдау"
Салтанатты
шара
Қатысқан
сыныптар: 7-11
Өткізген: химия пәні
мұғалімі Абдрахмаова
А.Т.
Лбішін
ауылы
«Химиктер қатарына
қабылдау» ( 7 сынып
оқушыларына)
Мақсаты: оқушылардың жаңа пәнге тұрақты танымдық қызығушылығын
дамыту,сыныптар арасында сабақтастық қалыптастыру және пәнаралық
байланыс жасау.
Шараның мазмұны және жүргізу
барысы::
(Музыка жіберіледі) Мұғалім
екі жүргізушіні таныстырады: Назерке- 11а сынып , Мария- 11б сынып
оқушылары, оқу озаттары, мектебіміздің «Жас экпериментшілер»
тобының мүшелері , химия пәнінен Қазақстан интернет олимпиадасының
үздік нәтиже иегерлер. Назерке: Қайырлы күн, қымбатты достар, ұстаздар және
қонақтар!
Мария: Добрый день,
дорогие друзья! учителя и гости нашего
мероприятия!
Назерке: «Химиктер қатарына қабылдау» салтанатты сайыс шарасына
қош клдіңіздер!
Мария: Мы рады
приветствовать вас на празднике-конкурсе - «Посвящение
восьмиклассников в химики».
Назерке :
бүгінгі «Химиктер қатарына
қабылдау» рәсімінде алдымен 7
сынып оқушылары өз білімдері
мен біліктерін көрсетіп, нағыз химиктер қатарына кіруге лайық
екендігін дәлелдеу керек. «Оксидтер», және «Элементтер»
командаларын ортаға
шақырамыз.(музыка)
Таныстыру(мүшелерін таныстыру,
команда атын қорғау )
Үй тапсырмасы: «Элементтер» -
«Металдар туралы» өлең;
«Оксидтер» - «Химиялық
элементтер патшалығы» ертегі
Мария: А оценивать
способности и умения конкурсантов, конечно, же, будете вы - дорогие
зрители и строгое, справедливое жюри, которое мы сейчас представим
вам :Қазылар
алқасы:
-.учитель химии Абдрахманова
А.Т.
-Тасболат Айым-10 с. оқушысы,
аудандық химия пәні олимпиадасының І орын иегері, мектебіміздің
«Жас экпериментшілер» тобының мүшесі, , химия пәнінен Қазақстан
интернет олимпиадасының үздік нәтиже
иегері
-Андрова Ранида, -9 с.
оқушысы, «Жас экпериментшілер» тобының мүшесі, химия пәнінен
Қазақстан интернет олимпиадасының үздік нәтиже
иегері,
-Төлегенова Айсана-10 с.оқу
екпіндісі,химия пәнінен мектепішілік пән олимпиадасының ІІ орын
иегері, химия саласының маманы болуды
армандайды.
-Сапаргалиев Бақдаулет-оқу
озаты
Және бүгінгі шараға
қатысушылар- жоғары сынып оқушылары:Хабдрахманов Б., Насыров
А.
Химия пәні мұғалімі
Абдрахманова А.Т.:Сергіту сәті « Химиялық алғашқы ұғымдар » тарауына
шолу .
І-топ сұрақтары (1
ұпайдан)
-
Физикалық
денелерді құрайтын нәрсе
-
Құрамына
кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы көрінбейтін қоспа
қалай аталады ?
-
Шойынның
балқуы қай құбылысқа жатады?
-
«Бөлінбейтін » ең кішкентай бөлшектерді
ата
-
Атомдардың
әр түрінен түзілген заттар қалай
аталады?
-
Натрийдың салыстырмалы атомдық
массасы
-
Мыстың латынша
аты
-
Феррум
-
О –
әріпімен белгіленетін элемент
-
Коэффициенттер және формулалар арқылы шартты
түрде жазылатын реакциялар
ІІ-топ
сұрақтары
-
Заттарды, олардың қасиеттерін зерттейтін
ғылым
-
Ағаштың
жануы қандай құбылысқа жатады
-
Атом
–молекулалық ілімді жасаған орыс
ғалымы
-
Эс
таңбасы
-
Кремнийдің латынша
аты
-
Химиялық теңдеулерді теңестіру үшін қойылатын
сандар
-
Сутегінің
таңбасы
-
Калийдің
салыстырмалы атомдық массасы
-
Заттардың
өзара ұқсастығын көрсететін
белгілері
-
Судың
молекулалық формуласы
Назерке: І.кезең «Химия тілі»
Сіздерге химия тілінде
мақал-мәтел, сөйлемдер оқып беремін, ал сіздер қазақтіліне аударып
беріңіздер. (дұрыс жауапқа
1ұпай беріледі) Команда жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қарсылас
командаға жолданады.Егер екі командада жауап бере алмаса
көрермендерге жолданады.Жауап берген көрерменге сыйлық
бар.
«Оксидтер» командасы:
1.Жылтырдың бәрі (Аu)
емес. (Жылтырдың бәрі алтын
емес)
2.-кальций
карбонатындай аппақ.
(Бор сияқты
аппақ)
3.Феррум
мінезді. (мінезі
темірдей)
«Элементтер» командасы:
1.Аз сөз –аурум, көп сөз
–аргентум. (Аз сөз алтын,көп сөз
күміс)
2.Ағын сутек оксиді
тоқтамай, тіршілік тоқтамайды.
(Ағын су тоқтамай, тіршілік
тоқтамайды.)
3.Аурум дегенім купрум
болды, аргентум дегенім жез
болды.
(Алтын дегенім мыс болды,
күміс дегенім жез болды)
Назерке: Қазылар алқасы қорытынды
шығарағанша 8 сынып құрметіне Айым(10кл.) танымдық тәжірибе
көрсетеді. «Ашушаң
натрий» (классик. музыка)
Қазылар алқасына сөз
берейік
Мария : II.кезең
«Қауыпсіздік техника ережелері»
(дұрыс жауапқа 1 балл
беріледі)
Қауыпсіздік ережелерін білетін
оқушыларғана химиктер қатарына қабылданады,сұрақтарға жауап
беріңіздер
Слайдтарда сұрақтар беріледі.
Команда жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қарсылас командаға
жолданады.Егер екі командада жауап бере алмаса көрермендерге
жолданады.Жауап берген көрерменге сыйлық
бар.
«Оксидтер» командасы:
1.Химия кабинетіне қай кезде
кіру қажет?
2.Химия кабинетінде қандай өрт
сөндіретін құрал болуы керек?
3.Химиялық заттардың дәмін
татуға болама?
4.Сынауықтың ашық аузын оқушы
қай жаққа қаратып ұстау керек?
«Элементтер» командасы
1.Керек сұйық затты немен алу
қажет?
2.Химия кабинетінде
дәріханалық қобдишада не болуы
қажет?
3.Тәжірибе кезінде зертханалық
үстелдің үстінде не болмау керек?
4.Химиялық заттарды иіскеуге
болама? Иісін білу үшін не істеу қажет?
Назерке: ІII кезең. «
Экспериментшілер» сайысы(дұрыс жауапқа 2 балл
беріледі)
Нағыз химик деп химиялық
құрал-жабдықтарды танып, қалай қолданылатынын білетіндер
атанады.. Оқушылар, үстелдегі
құралдардың аттарын атап, қайда және не үшін қолданылатынын
айтыңдар.
« Экспериментшілер»
сайысының сарамандық бөлімі.(3 балл)
Мына іс-әрекеттерді дұрыс
орындап көрсету қажет:
(музыка)
«Оксидтер» к о м а н д асына:
а)Спиртшамды жағу және өшіру
тәсілін көрсетіп
түсіндіріңіз.
б). Құммен кукүрт ұнтағын
қалай айырасыз?
«Элементтер» к о м а н д асына:
в) Сынауықтағы суды
қыздырутәсілін көрсетіп, түсіндіру
.
г)темірмен қант қоспасын
айырыңыз
Назерке: Қазылар алқасы қорытынды
шығарағанша Бақдаулет сиқырлы тәжірибесін ұсынады.Тамашалайық!
«Сүт бетіндегі
сурет»
(классик. музыка)
Қазылар алқасына сөз
береміз.
Мария .ІV кезең «Химиялық
сауаттылық»
1). Берілген элементтер қатарынан
артығын сызып тастаңдар (2
балл).
а)
металдар
қатары
S,Na,N,Fe,Mg,Cl,Ca,Zn,O
б)
бейметалдар
қатары
O,N,Cu,K,C,P,Si,Al.H
химик болам деген әр бір адам
химиялық сауатты болуы тиісті.Ал химияда сауатты адам формулалар,
теңдеулер құрастыра білу керек және оларды теңесте ала білу
керек.
Енді осындай дағдыларыңызды
тексерейік:
«Оксидтер» командасы:
а)
А1 + … = Al2S3;
б)
… + О2 = СuО;
в)
K + О2 = … .
«Элементтер»
командасы:
a) Na + …=
Na2S;
б)
…+ О2 =
Al2О3;
в)
Са + N2 =
…
«Әріпті
таңдаңыз» Аталған
құбылыстарды физикалық немесе химиялыққа
жататындығын айтыңыз.
Мария:Пока наши эрудиты решают
уравнение Хабдрахманов Бейбіт,покажет
опыт «Көпіршік
сарқырамасы» (музыка)
-
Назерке: V кезең “Құпия
сандар” Жасырылған сөздерді
табыңыз.
«Оксидтер»
командасына:
1.(77,10,105,63,98,51).
2.
(79,22,76,12)
3.(101,63,22,13,3,3)
«Элементтер»
командасына:
4.(68,3,63,12,63,10,52)
5.(33,63,90,13,28)
6.
(99,73,95,93)
Сайскерлер жауабын
тапқанша Айсана «Сиқырлы гүлдер»
тәжірибесін ұсынады.
Тамашалаңыздар! (музыка
жіберіледі)
Қазылар алқасына сөз
береміз. Марапаттау.
Жүргізушілер: Біз сіздерді химиктер
қатарына қабылдаймыз!!! Сіздерге химик эмблемалары мен
элементтердің периодтық кестесін табыстауды құрметті қонақтарымызға
ұсынамыз. (Салтанатты музыка
жіберіледі)
11 а сынып оқушысы Аманбай ант
қабылдайды: «Біз, 7-сынып оқушылары, химия сабағында
тәртіпті болуға ,қауіпсіздік ережесін бұзбауға , сабағымызды жақсы
оқуға , алған білімімізді тек адам пайдасына жұмсауға, табиғатқа
зиян келтірмеуге ұстаздар
алдында
ант
етеміз!
ант
етеміз!
ант
етеміз!
Қорытынды сөз химия пәні мұғалімі Абдрахманова
А.Т.
Құттықтау
сөздер:
қонақтарға сөз
беріледі.