Мақсаты: Оқушыларға жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болу жайлы түсінік беру. Адамгершілікке, имандылыққа баулу
Қолданылған көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, карточкалар, сызба.
Қолданылған әдістер: сұрақ – жауап, ойын
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Құрметті ұстаздар бүгінгі 3- сынып оқушыларының өткізгелі отырған тәрбие сағатына хош келдіңіздер. Тәрбие сағатымыз «Алтын қақпа» ойыны түрінде өтеді. Тәрбие сағатымыздың тақырыбын мына құлыпты ашу арқылы білетін боламыз. Ол үшін мына сандарды өсу ретімен орналастырамыз. «Иманды елдің ұрпағы азбас»
Өте жақсы! Құлып ашылды.
Қазақта мынандай жақсы сөз бар. «Әке асқар – тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Жас ұрпаққа отбасында алған тәлім тәрбие ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, өзара сыйластығы үлкен әсер етеді.Адам бойында жақсы жаман қасиеттерболады. Бізге ақылдылық пен адалдықты, қайырымдылық пен кішіпейілділікті, имандылық пен инабаттылықты үлкендер үйретеді. Біз үлкендердің тәлімін түсініп ата-баба салтын, жақсы әдеттерді үйренуге тырысуымыз керек. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.

Тас қақпа тапсырмасы.
-
Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі не туралы?
-
Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді топтастыр.
-
Қазақтың үш биі.
Күміс қақпа тапсырмасы.
-
Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
-
Қазақтың салт дәстүрлерін ата.
-
Қазақ халқының ұлттық аспаптарын ата.

Алтын қақпа тапсырмасы.
-
Мақал –мәтелді жалғастыр. 1. Күлме досыңа .....(келер басыңа) 2. Әдепті бала арлы бала.........(әдепсіз бала сорлы бала) 3. Ұяда не көрсе...( ұшқанда сон ілесің) 4. Әдепті бала ата-анасын мақтатар.........(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар) 5. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без....(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
-
Тыйым сөздер
-
Абайдың әжесі кім?
Тыйым сөздер біздің өмірімізде өте көп. Тыйым сөздерді ата - әжелерің, әке- аналарың, апа – ағаларың үнемі айтып отырады.Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным – сенімдерінің алатын орны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Ізгі тәрбие – тағылым құралы болып табылатын қазақы тыйымдар мен ырымдар жас ұрпақ тәрбиесі үшін алатын орындары ерекше. Ырым – тыйымдардың әр түрлі түрлері бар. Адамның іс-әрекетіне қатысты, балаға қатысты ырымдар, бесікке қатысты, пышаққа қатысты, қару-жараққа қатысты, ыдыстарға қатысты тағы басқа да көптеген заттарға қатысты ырым-тыйымдар бар. Мысалы: балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге , үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады. Неге есікті керме дейді?
Есікті керсе, үйден береке кетеді.(берекесі кету – ұрыс, жанжал)
Неге сүтті төгуге болмайды? Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу - жоқшылық) Неге өтірік жылама дейді?
Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады - қайғы)
- Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?
- Жамандық.
- Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан, бұл сөздер тыйым сөздер деп аталады. Сендер қандай тыйым сөздерді білесіңдер.
Мына суреттерге қараймыз. Бұл суреттерге қарап, қандай тыйым сөздер айтуға болады? (Оқушылар суреттерге байланысты тыйым сөздерді атайды, мағынасын түсіндіріп тұрамын)

Тізеңді құшақтама. Нанды жерге тастама Жағыңды таянба
Сандық тапсырмасы.
-
«Мен әдептібаламын» шағын эссе жаз
-
«Ана» сөзіне 5 жолды өлең құрастыр
-
«Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастыр

«Ата-ананың тілегі – адам болып өскені,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскені» демекші, осындай жақсы мінез-құлықтарды әрдайым есте сақтап жүріңдер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс шара "Иманды елдің ұрпағы азбас"

шағым қалдыра аласыз