Материалдар / Сыныптан тыс шара "Ізден. Тап. Ойлан" Квест ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Ізден. Тап. Ойлан" Квест ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара квест ойыны түрде құрастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2024
275
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы:«Ізден.Тап.Ойлан»

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың жабдықталуы: химия ғылымы бойынша қанатты сөздер, химиялық құрал-жабдықтар: сынауықтар, штативтер, құм, су, тамшуырлар, сүзгі қағаз, колбалар, ас тұзы, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ, интербелсенді тақта.

Сабақтың әдісі: топтастыру, іздендіру әдісі, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Ізден.Тап.Ойлан» квест ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі химиялық сайысқа 10- сынып оқушылары химия пәнінен алған білімдерін көрсетіп, ортаға салады.

 Данышпан жолмен жүрсең осындағы

Белгілі бір ғылымның ашылғаны

Ілімнің білу үшін сырын жетік

Ерінбей оқу керек химияны – дей отырып, сайысымызды бастайық. Ендеше,

ойыншыларымызды ортаға шақырайық.

Төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болайық

1._________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________

3. _______________________

Сабақтың жоспары:

І. «Ребус»

ІІ. «Мақал және жұмбақ»

ІІІ. «Кім жүйрік»

ІV. «Мықты болсаң,шешіп көр»

V. «Қызық екен»

VІ. «Құпия қобдиша»

VII. «Кімнің ойы ұшқыр»

Сайыс барысы:

І. «Ребус»

Шарты: Ребуты шешу, шешімі бөлмеде жасырылған, ол жерде келесі кезеңге тапсырма бар


Жауабы:1)Таразы 2)Молекула


Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды

Деп, сайысымыздың келесі кезеңді бастаймыз

ІІ. «Мақал және жұмбақ»

Шарты:Берілген мақалды жалғастырып, жұмбақтың жауабын табу. Сол затты класс бөлмесінен тауып әкелу.


1-топ

1.Ескі мата бөз болмас, ескі ТЕМІР біз болмас. (феррум)

2.Қойдың сүті- ҚОРҒАСЫН ( плумбум)

2-топ

1. Ол болмаса астың дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес. АС ТҰЗЫ, - NaCL

2.Арпа бидай ас екен, АЛТЫН –КҮМІС тас екен. (аурум, аргентиум)


ІІІ. «Кім жүйрік»

Шарты: Топ басшысына 1мин уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде барынша дұрыс әрі көп жауап беру керек Әр дұрыс жауап 1балл

1-топ

  1. Периодтық заңды кім және қашан ашты? (1869 жыл, Менделеев)

  2. Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті (валенттілік)

  3. Химиялық реакция типтерінің негізгі қанша түрі бар? (төрт)

  4. Сүзу әдісімен бөлінген ерітіндіні қалай атайды? (сүзінді)

  5. Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)

  6. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)

  7. Берилий, мырыш, кальций, магний валенттіліктері (тұрақты екі валентті)

  8. Химиядағы басты ұғым (химиялық элемент)

  9. Формуланың алдына қойылатын сан (коэффициент)

  10. Химиялық реакция типтерін атаңыз (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)

  11. Авогадро тұрақтысының мәні (6,02*1023)

  12. Заттардың өзара әрекеттесетінін көрсететін таңба («+» қосу таңбасы)

  13. Алмасу реакциясына қандай заттар қатысады? (екі күрделі)

  14. Зат мөлшерінің белгіленуі, немен өлшенеді? (ню, мольмен өлшенеді)

  15. Қосылу реакциясы дегеніміз (екі немесе бірнеше заттар өзара әрекеттесіп, бір күрделі заттың түзілуін айтады)

  16. Реагенттер дегеніміз (әрекеттесуші заттар)

  17. Әрбір газ қанша көлем алады (22,4 л/моль)

  18. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

  19. Темірдің валенттіліктері қанша? (2, 3)

  20. Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттардың массасына тең қандай заң тұжырымдамасы? (заттар массасының сақталу заңы)

  21. Алюминийдің атомдық массасы қандай? (27)

  22. Химиялық элементтердің горизонталь қатары (период)

  23. Металл атомы мен гидроксо тобынан тұратын қосылыс қалай аталады? (негіздер)

  24. Бейэлектролиттерде болатын химиялық байланыс (коваленттік полюссіз байланыс)

2-Топ

  1. Латынша диссоциация ұғымы нені білдіреді? (ыдырау)

  2. Диссоциациялану дәрежесі 3% бен 30% аралығында болатын электролиттер (орташа)

  3. Сулы ерітіндіде дисссоциацияланғанда анион ретінде ОН иондарын түзетін қосылыс (негіздер)

  4. Иондық реакциялар қандай жағдайда толығымен жүреді? (тұнба түзілсе, газ бөлінсе, су түзілсе)

  5. Литий, натрий, күміс валенттілігі (бір валентті)

  6. Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)

  7. Сұйық металл (сынап)

  8. Жазылуым бойынша оқысаң,элементпін

Ал керісінше оқысаң, өткізгішпін Ойлаңдаршы сонда мен кіммін?

(мыс-сым)

  1. Сүйекті қаптайтын элемент ( кальций)

  2. энергетикалық деңгейді қалай анықтаймыз? (период нөмірі)

  3. Қай элемент таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (S-күкірт)

  4. Электр шамының қылын жасайтын,ең қиын балқитын металл (вольфрам)

  5. Экзотермиялық реакция деген не (жылу бөле жүретін реакциялар)

  6. Жылу сіңіре жүретін реакция (эндотермиялық)

  7. Фенофталеиннің түсі (түссіз)

  8. Электронды беру процесі (тотығу)

  9. Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы (ас тұзы)

  10. Көмір қышқылының тұзы ( Карбонат)

  11. Қанның құрамына кіретін металл (темір)

  12. Периодтық кесте неше топтан тұрады? (Сегіз)

  13. Индекс нені білдіреді? (Атом санын)

  14. Электронды қосып алу процесі (Тотықсыздану)

  15. Ас тұзының кристалдық торы (Иондық)

  16. Кестедегі VII топтың негізгі топша элементтері (Галогендер)

  17. Кремний қышқылының тұзы (Силикаттар)

  18. Кальций карбонатының формуласы (СаСО3)

Екі топқа парақтар ұсынылады. Осы парақтарда жұмбақ жасырылған. Жұмбақтың шешуі класс бөлмесінде бар және сол жерде келесі кезең тапсырмасы жазылған. ( Гүл,Есік)

ІV. «Мықты болсаң,шешіп көр»

Шарты: Сізге берілген есеп бойынша есептеулер жүргізіңіз және есеп шешімінде көрсетілген санды сынып ішінен іздеңіз. Сол жерде келесі кезеңнің тапсырмасы көрсетілген


Shape1 80г магний оксидін тотықсыздандыру үшін 6г көмір жұмсалатын болса, оның массалық үлесі қанша?

MShape2 gO + C CO + Mg

Шығарылу жолы

80 6

MgO + C CO + Mg

40 12


24 – 100

6 – Х Х =25%



Жауабы: 25%





V. «Қызық екен» . берілген сұрақтарға жауап беріңіз, видеоны қарап, жауабын тыңдаңыз

1-топ

Қолдан торнадо жасау үшін не қажет

А.Су, сұйық сабын, алма сірке суы

Б. Калий дихроматы,сірке суымен және спирт

В.сутек тотығы ас содасы сұйық сабын

2-топ

Күнбағыс майы, су мен бояғышты араластырып, оған дәрі салса қандай құбылыс байқалады?

А. Май атқылайды

В. Көпіршік пайда болады

С. Су қатып қалады


VІ. «Құпия қобдиша»

Бұл затты 1774 жылы ағылшын ғалымы Дж. Пристли және одан тәуелсіз жолмен швед ғалымы К. Шееле 1772 жылы ашты. Латын тіліннен бізге аударғанда бұл зат << қышқыл тудырушы >> деген мағынаға ие. -218 С0 температурада қатты затқа ал сұйыққа айналу температурасы -183 С0қа тең. Бұл зат Жер планетасында ең көп таралған элемент болып есептеледі.

Жауабы: Оттек

Соңғы тапсырмаларыңыз ауада жасырылған


VII. «Кімнің ойы ұшқыр»

Сіздерге бірінші кезеңнен бастап әріптер беріліп отырған еді енді барлықтыңыз әріп жинақтап жасырылған сөзді тауып құпиясын анықтаңыз

Жауабы:Лакмус


Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.

Химия – ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Молшылық көзі-химия

Апат та өзі - химия,

Тылсым ғылым бұл - химия!

Бізбен бірге болып, сайысты тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!























































Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия








Сыныптан тыс шара


«Ізден.Тап.Ойлан»

Квест ойыны

10 сыныптар


2022-2023 оқу жылы







Пән мұғалімдері: Керімбай Б.Ә.

Танжарова Ж.И.

Әбдіғалиева Қ.Н.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!