Сыныптан тыс шара "Жаныңда жүр жақсы адам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Жаныңда жүр жақсы адам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс білдірудің маңызы өте зор. Қазақта «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Алғыс білдіру адамдар арасындағы өзара құрметті көрсетеді. «Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың» деп аталарымыз ұрпағына үнемі алғыс алуды өсиет еткен. «Алғыс алған арымас, Қарғыс алған жарымас», деген дана бабаларымыз. Мұнда алғыс алудың бақыт пен жақсылықтың бастауы екендігін ұрпақ санасына сіңірген. Алғыс айту адамның адамға деген шынайы ниетін білдіреді. Бабалардан қалған бұл үрдіс бүгінде өз жалғасын табуда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынытан тыс шара

Сабақтың тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»

Сыныбы: 9.10.11 сынынтар

Сабақтың мақсаты:

-оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағатын туралы өткен сабақта алған түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.


Кіріспе: Алғыс білдірудің маңызы өте зор. Қазақта  «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Алғыс білдіру адамдар арасындағы өзара құрметті көрсетеді.

«Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың» деп аталарымыз ұрпағына үнемі алғыс алуды өсиет еткен.

«Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас», деген дана бабаларымыз. Мұнда алғыс алудың бақыт пен жақсылықтың бастауы екендігін ұрпақ санасына сіңірген. Алғыс айту адамның адамға деген шынайы ниетін білдіреді. Бабалардан қалған бұл үрдіс бүгінде өз жалғасын табуда.

 Елбасы Н.Назарбаев елімізде 1 наурызды «Алғыс айту күні» деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойғаннан бері көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтілді. Алғыс айту ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты бекіте түседі.


Бейнефильм көрсету

Аллаға әуелі рахмет!

Тірлікті мынау жаратқан.

Анаға шексіз рахмет!

Ақ сүт берген, толғатқан.

Әкеге айтам мың алғыс!

Ұрпақтар жібін тарқатқан.

Бауырға туған рахмет!

Қолдаған, сүйген, жұбатқан.

Ұстазға ұлы рахмет!

Нәрімен білім сусатқан.

Балалық досқа рахмет!

Қуанған бірге мұңдасқан.

Сол жанға айтам мың алғыс!

Сезімі үшін жылытқан.

Халқыма туған рахмет!

Шыңдаған, елге танытқан.

Қазаққа дархан рахмет!

Салт-санасын сіңірген.

Жеріме байтақ рахмет!

Таза ауа үшін сімірген.

Жарыма айтам мың алғыс!

Сыйлаған ұл-қыз, түсінген.

Барша әлем, саған рахмет!

Әр күнім үшін кешірген.


Кездесуге қатысқан оқушылар «Жаныңда жүр жақсы адам» атты бөлімінде өзінің үлгі алатын адамының жақсы қасиеттерін жазады.


Алғыс айтудың маңыздылығы орасан зор. Алғыс айта білу адамның өз мәдениеттілігін, қарым қатынас мәдениетінің жоғарылығын білдіреді.

Халқымызда «Жақсы сөзге жан семіреді» деген дана сөз осының белгісі болса керек. 

Қорытынды: «Жақсы адамдар» әнін кездесу қонақтарымен бірге орындалады.



































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2018
786
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі