Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестер арасында өзіндік тәжірибемен алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Білімділер мен тапқырлар сайысы"

Мақсаты: оқушыларға әр түрлі қызықты тапсырмалар орындату арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, еркін сөйлеу, тыңдау, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабағы.

Жабдығы: жетондар, сандықша, шарлар, нақыл сөздер, суреттер

Барысы:

-Сәлеметсіңдер ме, құрметті ұстаздар, балалар! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін!

-3 сынып оқушылары Наурыз туралы өлеңдерін оқиды.

Ұлыстың қадам басып ұлы күні,

Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.

Көңіл де наурызбенен шешек атсын,

Жүректің сарқылмасын жылылығы. (Лиана)

Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,

 Береке мен бірліктің жалғасуы.

 Жеті түрлі қасиетті дәмменен,

 Байтақ елдің бір толады астауы. (Жәңгірхан)

 Наурыз келіп көктем сазы білінер,

 Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.

 Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,

Наурыз ай шаттықпенен нұр берер. (Саша)

-"Наурыз" биі

-Біз бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында 3 сынып оқушылары арасында "Білімділер мен тапқырлар тартысы" атты сыныптан тыс іс-шараны өткізгелі отырмыз. Бүгін сендер өз білімдеріңді көрсетуге барынша тырысыңдар. Сайыскерлеріміз төрт топқа бөлінеді. Топтардың кезегін анықтау үшін сандықшаның ішінен жетон суыруыңыз керек. Әр топтан бір оқушы шығып жетонды алыңыз.

-Ендеше, сайыскерлеріміз орындарына жайғассын.

-Алдымен, балалар, сайыс кезеңдерімен танысып алайық. Сайысымыз төмендегідей 5 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Бәйге.

2-кезең. Үздік аудармашы.

3-кезең. Артық сөзді тап.

4-кезең. Адасқан әріптер.

5-кезең. Ұйқасын тап.

-Сайыскерлеріміздің әрбір дұрыс жауабы үшін жетон беріледі, сол жетон санына байланысты жеңімпаз анықталады.

"Бәйге" кезеңінде сайыскерлер кезек бойынша келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс. (Әр топқа екі сұрақтан).

1.Күзде нелер сарғаяды?

2.Күзде не жиі жауады?

3.Мектепте сабақ қай айда басталады?

4.Күз айларын білесің бе?

5. Қыс айларын атаңдар?

6.Көктем айларын атандар

7.Жемістерге нелер жатады?

8.Көкөністерді атап шық

9.Түстерді ата

10. Апта күндерін атап бер

11.Бір айда неше күн бар?

12.Бір жылда неше ай бар?

13.Жаз айларын ата

14.Оқу құралдарына нелер жатады?

15.Көктемде күн қандай болады?

16.Көктемде қандай мейрамдар бар?

"Үздік аудармашы" кезеңінде сайыскерлеріміз мына сөздердің аудармасын айтуы керек


денсаулық-

өшіргіш-

бөлме-

қар-

қол-

жапырақ-

ауа райы-

тақта-

терезе-

нан-

гүл-

есік-

мысық-

мұрын-

оқушы-

сыйлық-

туған күн-

түрлі түсті қағаз-

қайшы-

желім-


"Артық сөзді тап" кезеңінде сайыскерлеріміз берілген қатардан артық сөзді табады.

1.анар

Алхоры

Қызылша

Шабдалы

4.пияз

Қияр

Асқабақ

өрік

2.қант

Көйлек

Балық

Жұмыртқа

5.қалам

Өшіргіш

Балмұздақ

сызғыш

3.құлақшын

Қолғап

Етік

Сызғыш

6.құлын

Жолбарыс

Арыстан

керік

7.күрте

Пальто

Тон

Сиыр

8.түйе

Қой

Ешкі

торғай


"Адасқан әріптер" кезеңінің тапсырмасы

1.такіп, имкі (кітап, киім)

2.лебмө, ыпсын (бөлме, сынып)

3.ілкме, стекө (кілем, төсек)

4.лүтес, ғатас (үстел, сағат)

5.млұрта, қыбал (алмұрт, балық)

6.лүтік, рсаныта (түлкі, арыстан)

7.літ, қабақса (тіл, асқабақ)

8.мепкте, зөк (мектеп, көз)


Сайысымыздың соңғы кезеңі "Ұйқасын тап" деп аталады.

1.Язык - тіл

слон-

2.гусь-қаз

Лето-

3.ночь-түн

День-

4.мясо-ет

Лицо-

5.бровь-қас

Голова-

6.город-қала

Мальчик-

7.народ-халық

Рыба-

8.иди-бар

Снег-

-Осымен біздің "Білімділер мен тапқырлар тартысы" сайысымыз аяқталды. Сайыскерлеріміз жақсы білімдерін көрсетті. Оларға көп рахмет. Жеңімпаздарымызды сайыскерлеріміздің әр дұрыс жауаптары үшін алған жетондарын бірге санап анықтайық.

Сайыс жеңімпазы мақтау қағазымен марапатталады.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2018
595
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі