Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сыныптан тыс шара. "Өнерлі өрге жүзер". 6сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Джакупова Гульжан Махасовна,
Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ,
Жымпиты ауылы, Сырым ауданы, БҚО.
Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзеді» Сыныптан тыс шара
Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Ұқыптылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Еңбек туралы ой-өрісін дамытып, өз бетімен әрекеттеніп жұмыс жасауға баулу және іскерліктерін, өнерге, қолөнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдісі: Ойын, жарыс.
Көрнекілігі: «Шебер қолдар-сиқырлы бұйымдар» көрме, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар: “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” Мал жұтайды, өнер жұтамайды. «Өнер іздеген өсер»
Жоспары (45минутке арналған).
Сайыс барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру.
ІІІ. Негізгі
бөлім.
Мұғалім: - Салеметсіздермездерме, құрметті қонақтар,
оқушылар, «Технология, авто- ісі, бейнелеу өнері, сызу» пән
бірлестігінің апталығы аясында оздырылғалы отырған «Өнерлі өрге
жүзеді» атты сыныптан тыс шарамызға қош
келдіңіздер!
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық талғамдарының дамуына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған. Сол себепті де бүгінгі сайысымызда өнерді, қолөнерді дәріптегіміз келді. Қыздарымыздың білімі мен шеберлігін көретсін.
Ендеше сайысқа 7 сыныптың
оқушыларынан құралған үш топ қатысқалы отыр, қыздарымызға іске сәт
деп, сайысымызды бастайық! Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі
топты бірге анықтайық.
Өнер, білім, өнеге тұнған
дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырсам әділқазы алқаларын:
-
Бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі: Ж.М. Бердалиева
-
Бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі: Б.А. Кубаев
Сайыстың кезеңдері:
-
Таныстыру. Топ мүшелері өздерін тансытырып өтеді
-
Білімді мыңды жығар. Сұрақ- жауап сайысы
-
«Қолөнер - сырлы өнер». Оқушылар өз қолдарымен, берілген материалдардан қолөнер бұйымдарын жасап шығады
-
«Өнер алды қызыл тіл». Көрермендер мен сайыс Жұмбақ шешу
1.
Таныстыру.
Өнер қуып сайыскерлер өтсе
дейміз
Бір басына өнерлері жетсе
дейміз
Бәске түскен сайыскерлер
кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе
дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын
орындайды)
2. Білімді мыңды
жығар. Сұрақ- жауап
сайысы
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
Жүргізуші:
Сұрақ–жауаптар.
1-ші топ сұрақтары
1. Ұлттық ет тағамдарының түрлерін атаңыздар. (қазы, қарта,
жал–жая, ет, шұжық)
2. Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді
қалай атайды? Мысалы, сумка, қолшатыр, көзәйнек, қолғап, әмиян т.
б. (Акссесуарлар)
3. Ұлттық киімдер түрлері (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле,
тақия)
4. Ұлттық ұн тағамдарын атаңыздар. (бауырсақ, шелпек, кеспе
нан)
5. Тігін машина тігіс түрлері (сырып тігу,қосып тігу, көмкеру,
қондыру, бастыру, айыра қайып тігу)
2-ші топ сұрақтары
1. Зергерлік бұйымдарды
атаңыздар (алқа, білезік, сақина, сырға, шолпы)
2. Қол тігіс түрлері (көктеу, көшіру, көмкеру, қиғаш көмкеру, қайшы
тігіс, тор тігіс, қайып тігу)
3. Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды атаңыз (құрақ)
4. Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды? (шалбар,
белдемше, шорты)
5. Ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не?
(Үтіктеу)
3-ші топ сұрақтары (орыс сыныбы)
1. Инструмент для вязания (крючок)
2. Узкая полоса по краю ткани (кромка)
3. Национальные молочные продукты. (қымыз, шұбат, сүт, айран, құрт, сүзбе)
4.
Чем отличается чертеж спинки от чертежа переда
(вырезом горловины)
5. Приспособление применяемое для снятия мерок
(Сантиметровая лента)
3. «Қолөнер - сырлы өнер». Оқушылар өз қолдарымен, берілген материалдардан қолөнер бұйымдарын жасап шығады.
Қатысушыларға қажетсіз заттар: ескі газеттер, қалбырлар, дискеталар. Ескі газеттерден декоротивті ағаш жасау. Қалбырлардан, панно немесе құс тамақтандыруға арналған ыдыс жасау(кормушка) Дискілермен сүлгі ұстатқыш немесе қорапшаны безендіру.
4. «Өнер алды қызыл тіл». Бұл кезең көрермендерге арналған. Жұмбақтар жасырамын шешуін табу қажет. Жұмбақтар шешілген соң қағазға жұмбақтардың шешімен сай мақал мәтелдердер жазып шығады.
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
Жұмбақтар:
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)
мақал- мәтел: Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)
мақал- мәтел: Доссыз адам – тұссыз ас.
3.Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)
мақал- мәтел: 1. Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық – ішуге сән.
2.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)
мақал- мәтел: Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – нан.
5. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт)
мақал- мәтел: Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.
6. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)
мақал- мәтел: Шешесін көріп, қызын ал
Ыдысын көріп, асын іш.
7. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол)
мақал- мәтел: Көз қорқақ, қол батыр.
III. Қорытындылау
Жүргізуші:
Көгере бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Барына риза болсын көрермендер,
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ .
Байқауда білгенді де, білмегенді,
Тағы да үйренерміз аман болсақ .
Мұғалім: Бүгінгі сайыс сабағымызда көп нәрсені үйрендік. Шеберлікке шек қойылмайды. Білімдерімізді жетілдіруге, үйренуге үздіксіз еңбек етуіміз керек. Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттерімізге жарата білсек, еңбектеріміздің еш кетпегені.
«Өнерлі өрге жүзеді» сайысының
Бағалау парағы
№ |
Топтар |
Таныстыру 2-5 ұпай |
Білімді мыңды жығар 5-10 ұпай |
5-10 ұпай |
Жалпы ұпай саны 25 |
1 |
«Шеберлер» |
|
|
|
|
2 |
«Ісмерлер» |
|
|
|
|
3 |
«Мастерицы» |
|
|
|
|
Толтырған әділқазы мүшесі: ___________________________________16.03.2017жыл
«Өнер алды қызыл тіл» көрермен мен сайыс
Жұмбақтар:
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)
-
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)
-
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)
-
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)
-
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт)
-
Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)
-
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол)
Мақал- мәтел:
-
ине
Оқу инемен құдық қазғандай.
Көз қорқақ, қол батыр.
Шешесін көріп, қызын ал
Ыдысын көріп, асын іш.
-
Сүт
Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.
-
Дастархан
Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – нан
-
Қайшы
1. Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық – ішуге сән.
2.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
-
Тұз
Доссыз адам – тұссыз
-
ыдыс-аяқ
Шешесін көріп, қызын ал
Ыдысын көріп, асын іш.
-
Қол
Көз қорқақ, қол батыр