Материалдар / Сыныптан тыс шара Құстар табиғат байлығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара Құстар табиғат байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар арасында өткізілген құстар туралы сыныптан тыс шара. Балаларға пайдалы ақпараттар айтылып, құстар туралы әңгімеленді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2022
750
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Масалимова Рысгул Ергазиевна

Тақырыбы: Құстар-табиғат байлығы

Мақсаты: Оқушыларға құстар жөнінде түсінік беру.Құстарға қамқор болуға, аялауға тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал-мәтел,жұмбақты,болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

Түрі:Сыныптан тыс жұмыс

Әдісі: Сұрақ, жауап

Көрнекілігі: Слайдтар, үлестірмелі материалдар

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық.

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Топқа бөлу: қарлығаш, торғай, қарға

Құстар туралы мәлімет

Құс табиғат байлығы. Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар. Біздің елімізде 474 құстың түрі бар. Көктемде құстар оңтүстіктен оралады. Құстар-достар дегендей адамдардың ең жақсы көретіні-құстар. Құстарсыз орманның сәні келіспейді. Құстардың дауысы орманға бір сиқырлы көрік беріп тұрады. Құс табиғатқа тек көрік беріп тұрады десек онымыз дұрыс болмас себебі, құстардың тіршілігі орман,бау-бақша зиянкестерді жойып, адамға көп көмегін тигізеді. Алакөл өңірінде сұржақ, ала гагара, бірқазан,сұңқылдақ, аққу, ақбас үйрек, реликті шағала, үкі, жапалақ тіркелген.(тақтаға құстардың суретін көрсету).

Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі-құстар. Халық ежелден –ақ құстарға әуес. Оларға сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамдарын құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.

Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе ,төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, Отан үшін жанын қиятын ерлерін қыранға елден асқан сұлуын аққуға теңеген.

Олай болса, біздің бүгінгі кешіміз сайыс түрінде өтпек:

1. Анаграмма «Құстар» Үш тілде айту (3)

2. Құстар туралы жұмбақ жасыру (1)

3. Құстардың суретін аяқтап салу (3)

4. Берілген құсқа сөйлем құрастыру (3)

5. Сен білесің бе? Құстар қалай дыбыстайды?(1)

6. Ұйқасын тап, мәнерлеп оқы (2)

  1. Анаграммалар: ҮІК-

ҚУАҚ-

ӨККЕК-

ДАҚЫЛТОҚ-

ҒАШҚАРЛЫ-

НАТЫР-

КІТБҮР-

ШІНГЕРКӨ-

2.Құстар туралы жұмбақ жасыру

Ұшқаны қызық жалпылдап

Өзі сондай қарқылдақ. Бұл не? (қарға)


Салатын ұяны.

Өткiр көзi шегiр,

Бүргенiн құртар тұяғы.   (Бүркiт)


Кеудесi қайқандап,

Жүредi байпандап.   (Қаз)


Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп?    (Тырна)


Сирағы ұзын,

Тырнағы ұзын.

Балықты сүзбей,

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы бiздей.    (Тырна)



Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа.   (Қарлығаш)


Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады,

Айдын судың түлегi,

Шабақ iлiп жүредi.    (Шағала)


Тұмсығы қашау.

Кәсібі ұя жасау.

Ағашты қорғап.

Зиянкестерді асау. (тоқылдақ)


4. Берілген құсқа сөйлем құрастыру. Қарлығаш, тырна, торғай, қарға, тоқылдақ суреттеріне сөйлем құрастыру

7.Сен білесің бе? Құстар қалай дыбыстайды? Қатені тап!

Бұлбұл қаңқылдайды

Қаз сайрайды

Әтеш шырылдайды

Торғай шақырады

Шымшық шықылықтайды

Тоқылдақ туралы тақпақ
Тоқылдақтар тоқылдап
Ешбір тыным көрмейді
Ағашты қанша тессе де,
Жұмысы бір өнбейді.


Қарға туралы тақпақ

Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.


Қарлығаш туралы тақпақ

Адамзаттың жақыны
Қарлығаш та ақылды
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды


Торғай туралы тақпақ

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.


Тырна туралы тақпақ
Тырау, тырау тырналар
Жем іздесең қырға бар
Қырда бірақ, түлкі бар,
Сақ болмасаң жұлмалар

Жанкүйерлерге: Екі бірдей әріпті сызу арқылы құстың атын айт

У, т, у, қ, т, а, з, -қаз Ж, ү, и, ж, р, е, к-үйрек

Оқушылар парақтарына әріптерді жазады.Екі бірдей әріпті сызып сөзді шығарады. Қаз және үйректі екі оқушы сипаттайды.

Ең... ең... ең...

1.Жер бетінде ең алып құс-африкалық түйеқұс. Жер бетінде ең кіші құс-калибр салмағы 1,5 грамм.

2.Құстардың ішіндегі ең жүзгіші-пингвин. Ол сағатына 30 шақырым жерге дейін жүзе алады.

3.Құстардың ең қырағысы-сұңқар. Ол 1км қашықтықта титімдей жәндікті көреді.

Бағалау

Қорытындылау:

Адамзатқа құс не береді?

1.Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.

2.Құс адамға қуаныш сыйлайды.

3.Ән, қимыл-қозғалыс,шабыт арқылы келеді.

4.Бостандықты көзбе-көз көру,әсемділікті түсіну үшін құс адамға көп нәрсе береді.

5.Қуанышты сезіне білуге көмектеседі,қанаттандырып отырады.

6.Құссыз әлем қаңырап бос қалады.

11.Біздің міндетіміз-қанатты досымыз құстарды қорғау.

Сондықтан да құстарға қамқор болайық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!