Материалдар / Сыныптан тыс шара "Табиғатым-тал бесігім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Табиғатым-тал бесігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың бойында қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2022
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы. Табиғатым – тал бесігім

Мақсаты: Оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті және табиғат құбылысында болатын амалдар туралы амалдар туралы түсінік қалыптастыру.

Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.

Шығармашылық қабілеттерін жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Негізгі бөлім

-Бүгін мен сендермен бірге «Табиғатым – тал бесігім» атты сабақ жүргіземін.

Сабақта қоршаған орта табиғаты туралы, табиғаттағы құбылыстар, ырым – тыйымдар туралы түсінік аламыз. Табиғатқа деген өз көзқарасымызды, қамқорлығымызды, білімімізді сабақ барысында көрсетеміз.

«Ой қозғау»

Гүл - өсімдік ажары

Гүлдер жердің базары

Су - тірліктің өзегі,

Ақса болар өзені.

Ауа – өмір нәріміз

Тыныстайтын бәріміз.

Табиғат байлығы

Дән тамыры әріде,

Дәннен өсер бәрі де

Орман - табиғат дәулеті,

Ай мен құс әулеті

- Табиғат байлығына не жатады? Табиғат байлығын қалай пайдалану керек?

- Ол үшін не істей аламыз?

- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, құтты берекесі.

Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата - бабамыз «Жер – қазына, су - алтын, мал - байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз – осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанын еш уақытта зиян тигізбеген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.

Суретпен жұмыс

(суреттерді көрсете отырып, қандай ырым – тыйым сөздер бар екенін сұрау)

*Үйге келген жыланның басына ақ сүт құйып шығарған.

* Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

*Көкті жұлма «көктей соласың» деп жамандыққа жорыған.

*Аққу – киелі құс, атуға болмайды.

- Біздің жерімізде жаңбыр өте сирек жауады. Осындай жағдайда жаңбыр сирек жауса қандай діни ырым жасайды?

- Бүгінгі таңда ауа - райын теледидар арқылы немесе әр аудандардағы ауа - райын болжайтын синоптиктердің айтуынша біліп отырамыз.

Ал, бұрынғы кезде ата - бабаларымыз ауа - райын жан - жануарлар, өсімдіктердің, құстардың қозғалысына, тіршілігіне қарап, ауа - райын болжаған.

Мысалы,

Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ болады яғни жаңбыр ұзаққа созылады.

Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, күн ашық, төмендеп ұшса жаңбыр жауып жел болады.

Мысық бұйығып ұзақ ұйықтаса күн жылынады.

Ай шалқасынан туса шаруашылыққа ауа - райы қолайсыз болады.

«Сыңарын тап» ойыны

Мұнда мақал - мәтелдердің сыңарын табуы керек.

Сәуір болмай,......... (тәуір болмас)

Ағаш тамырымен мықты,

(Адам досымен мықты)

Жауынмен жер көгереді,

(Батаменен ел көгереді )

Таулы жер бұлақсыз болмас,

(Сулы жер құрақсыз болмас)

Қыстағы қар – жерге ырыс,

(Жердегі ылғал – елге ырыс)

Қорытынды:

Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік. Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық дей келе

«Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!» деген Фариза Оңғарсынова апамыздың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!