Сыныптан тыс шара "Тіл - елімнің ертеңі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Тіл - елімнің ертеңі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ана тілінің қадір қасиетін ұғындыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Тіл - елімнің ертеңі"

Мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадір қасиетін ұғындыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.


Жүргізушінің кіріспе сөзі: Тіл - халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі.Біздің осындай қасиетті мұратымыз, ана тіліміз қазақ тілі. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.


Ана тілің арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Басқа тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай әркім өз ана тілін құрметтеп, мақтан тұту керек. Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып, ана тілімізге Мемлекеттік мәртебе берілді.


1 оқушы

Ана тілім-бал тілім, Өзің барда шалқыдым . Өз тілімде ән шырқап, Термелетіп балқыдым.

2 оқушы

Тілім барда мақтанам, Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

3 оқушы

Құтты шаңырақ Отан да, Тілім алған батам да

Осы тілде сөйлеген, Бабам менен атам да.

4 оқушы

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім! Туған тілім - анам тілі - өз тілім! Туған тілім - далам тілі - өз тілім! Туған тілім - адам тілі - өз тілім!


Ойын «Мақалды жалғастыр...».

1.Өнер алды ... (қызыл тіл) 2.Көп сөз күміс, ... (Аз сөз алтын) 3.Ана сүті бой өсіреді , ... (Ана тілі ой өсіреді) 4.Ақыл көркі- тіл, ... (Тілдің көркі- сөз) 5.Жеті жұрттың тілін біл, ... (Жеті түрлі білім біл.)


1-жүргізуші. Қазақ халқының салт- дәстүрінен хабар беретін асық ату ойынын назарларыңызға ұсынамыз.

1-жүргізуші. Көз жетпеген жерге сөз жетеді дегендей келесі кезекте бағанағы алған шашуларыңыздағы реттік сандарыңыз бойынша сұрақтарға жауап береміз.

1. Тілден артық не жоқ…. ( қазына)

2. ҚР қашан тәуелсіздік алды….(1991жыл 16желтоқсан)

3. Қазақ альфавитін жасаған ғалым…. (А.Байтұсынов)

4. Ұлттық киімдер қалай аталады…. ( тақия, пешпент,қамзол,сәукеле, кимешек т.б).

5. Күй атасы….. ( Құрманғазы)

6. Қазақ алфавитіндегі оныншы әріп….( е)

7. Сүңгі жарасы бітер ……. ( тіл жарасы бітпес)

8. Ек адамның сөйлесуі…… ( диалог)

9. Ана сүті бой өсіреді…..( ана тілі ой өсіреді)

10. Тіл қылыштан…… ( өткір).

2-жүргізуші. Той батасыз болмайды ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым «Батаменен ел көгерер» дегендей еліміздің болашақ ұрпағы үшін атадан бата сұрайық.

Бата беру.

1 жүргізуші.

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

Сұрақ-жауап:

1.Ұлттық ойын түрлерін ата?

2.Абай Құнанбаевтың өлеңдерін ата?

3.Қазақстан Республикасының президенті кім?

4.Жыл мезгілдерін ата?

5.Төрт түлікті ата?

6.Адамның сенімді серігі.


2-жүргізуші: Асан қайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қызыл тіл.

Әз Жәнібек Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл.


1-жүргізуші: Осы тілді жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен

Баба тілі асыл дүр – деп «Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2022
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі