Сыныптан тыс шара «Зерде »интеллектуалды ойыны 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара «Зерде »интеллектуалды ойыны 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал бастауыш сынып оқушыларына арналған.Балалардың интеллекутуалдық қабілеттерін дамыту мақсатында құрылған сыныптан тыс шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Зерде »интеллектуалды ойыны.

Мақсаттары: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2. Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оқу – білімге қызығушылығын арттыру.3. Оқушыларды өз елінің сауатты , салауатты азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тірек – сызбалар, сұрақтар жинағы,АКТ


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Мұғалім : Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 1ұпайдан беріледі.Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар.Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз және әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

1 – кезең: «Бәйге» сайысы. 1 оқушыға.

  1. Республикамыздың басты қаласы? (Астана).

  2. Астана нешінші жылы Астана деп аталды?(1998ж).

  3. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан).

  4. Білім қай күн? (1 қыркүйек).

  5. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай).

  6. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? (Н. Ә . Назарбаев).

  7. Апрель айының қазақша атауы? (сәуір).

  8. Республика күні қашан? (25 қазан).

  9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров).

  10. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).

2 оқушыға.

1.Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра).

2.Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк).

3.Қазақтан аты шыққан атақты суретші кім? (Ә. Қастеев).

4.Қандай мемлекеттік рәміздер бар? (Әнұран, Ту, Елтаңба).

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)

6.« Кел,балалар,оқылық!» кімнің өлеңі (Ы.Алтынсарин )

7. Күйді орындаушы адам ( күйші )

8. Орман дәрігері ( тоқылдақ )

9. Мектептегі ең жоғары баға (бес )

10. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш ( шырша )


3 оқушыға.

2. « Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім ? ( А. Құнанбаев )

3. Көру мүшесі ( көз)

4. Кітапханада кім істейді ( кітапханашы )

5. Кекілік құс па, жануар ма? ( құс )

6. Жаңа гимнің сөзін жазған кім? ( Ж. Нәжімеденов. Н. Назарбаев)

7. Тірі табиғатқа нелер жатады? ( адам, өсімдік, жануар )

8. « Айтшы , әжетай » кімнің өлеңі (Ж. Смақов)

9. 5 тің квадраты нешеге тең ( 25 )

10. Адам өмір сүру үшін не қажет? (ауа, жарық,су,тамақ, жылу )


4 оқушыға

1. Ұя салмайтын құс ( көкек )

2. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

3. Үш биді ата? (Төле,Әйтеке,Қазыбек)

4. Қазақ даласында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты. (Т.Әубәкіров)

5. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (.)

6. Пингвин құс па, аң ба?(құс)

7. Абайдың анасы? (Ұлжан)

8. Жыл басы не? (тышқан)

9. Бес дұшпанды ата?( өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)

10. Мәтін нешеге түрге бөлінеді? (3)


2 – кезең : «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.


Мұғалім : Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның 3 тілде аудармасы айтылса , 3 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 1 ұпай беріледі.

  • 1.Аяғы біреу, қолы жоқ,Шиыр – шиыр жолы көп.

  • 2.Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка.pen).

  • 3.Жазу жазып жалықпаған,Жаза – жаза арықтаған. (бор – мел.-chalk).

  • 4.Сағат сайын қағылады,Тек мектептен табылады.( Қоңырау – звонок-bell)

  • 5. Бұлаңдаған құйрығы,Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-fox).

  • 6.Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады.(қар – снег-snow).

  • 7.Көкшіл айна үйдегі Көрсетеді киноны. (теледидар – телевизор-TV).

  • 8.Жылт – жылт еткен жылғалардан өткен. (су – вода-water).

  • 9. Қабат – қабат қаптама Ақылын болса аттама. (кітап – книга-book).

10. Судан алады Суға салса өледі.(тұз – соль-sol).

3 – кезең : «Дода» сайысы Бұл сайысымызда негізгі 4 пәніне сұрақтар беріледі.Әуелі ұяшықты таңдайық

Қазақ тілі

  1. Дара етістік неше сөзден тұрады? (бір)

  2. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (кім? Кімдер? Не? Нелер?)

  3. Сөйлем түрлерін ата. (Хабарлы ,Сұраулы, Лепті)

  4. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша? (жұрнақ)

  5. Етістік дегеніміз не?

Дүниетану


  1. Мұнай шығатын жері қай жер? (Маңғыстау)

  2. Каспийде қандай өте ірі балық бар? (бекіре)

  3. «Ақ алтын »деген не? (мақта)

  4. Қазақстан Республикасы нешінші жылы тәуелсіздігін алды? 1991 ж .

  5. Адамға шөлдегенде не қажет? (су)




Математика


  1. Оқушылар барлығы 9 шелек алма терді де, балабақшаға 4 шелек алма берді. Қанша шелек алма қалды? (5 шелек)

  2. Қабырғасы 5 см шаршының периметрін тап (20 см).

  3. Манар 9 кітап , ал Жанар сонша кітап сатып алды ? (18 )

  4. алты асықты екі – екіден неше балаға беруге болады? (3 балаға).

  5. Фигураның ауданын қалай табамыз?

Әдебиеттік оқу

1.Қазына көтерген бала кім?(Қаныш С)

2.Көзді ашып жұмғанша дегенді қалай түсінесің?(тез,жылдам)

3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы?( Аңыз)

4. Зеңгібаба қай малдың пірі?( сиыр)

5. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?( А.Байтұрсынов)


4 – кезең : «Аламан» сайысы.

(20 сұрақ ішінде аудио,бейне сұрақ,фото сұрақ болады.)

1. Басты байлық не? (денсаулық)

2. Біздің облысымыз қалай аталады?( Маңғыстау)

3. Орман дәрігері? (тоқылдақ)

4. Қазақ тілінде неше септік бар?(7 септік)

5. Төбе шашы тік тұрды дегенді қалай түсінесің?(қорқу)

6. Видео сұрақ.

7. Көкжиек тұстарын ата?( батыс,шығыс,оңтүстік,солтүстік)

8. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі ( карта)

9. Негізгі сөйлем мүшесі? ( бастауыш)

10.Аудио сұрақ

11.Қазақстанның жеті кереметін ата?( Таңбалы тас суреттері,2. Алтын адам,

3. Қазақтың киіз үйі,4. Домбыра,5. Ясауи кесенесі,6. Маңғыстау жерасты мешіті

7. Астана – Бәйтерек)

12. Қазақтың палуаны кім?( Қажымұкан)

13. Қазақстанның ең биік нүктесі ? (Хан-Тәңірі шыңы 6995 метр. )

14.Қазақтың ғарышкерлерін ата?( Тоқтар Ә,Талғат М, Айдын А,)

15. Фото сұрақ.




Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары айқындалды.Қазылар алқасына сөз беріледі. Ойын жеңімпаздарына мақтау қағазы , сыйлық табыс етіледі.







«№29 жалпы білім беру орта мектебі»КММ











« Зерде»

(интеллектуалдық ойын)

4 сыныптар









Өткізген: Турегалиева Жанна Ибатовна









2019 оқу жылы





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.10.2019
2876
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі