сыныптан тыс шара:"Көңілді тапқырлар сайысы" 8-9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыныптан тыс шара:"Көңілді тапқырлар сайысы" 8-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәніне арналған сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көңілді тапқырлар сайысы

Өту уақыты: 20.11.17ж

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда әртүрлі сайыстар, ойындар, логикалық сөзжұмбақтар, эстафеталар жүргізу арқылы математикадан алған білімдерін нақтылау, жүйелеу. Өз беттерімен қорытындыға келу, шапшаң және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру.

Өту жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Таныстыру

  2. Кім жылдам?

  3. Бас қатырғыш

  4. Шахмат

  5. Кім көп біледі?

  6. Сиқырлы квадрат

  7. Логикалық жұмбақ

ІІІ.Қорытынды

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру

1-жүргізуші: Армысыздар осында жиналғандар

Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.

Рұқсат берсе біздерге көрермендер

Кешімізді басталық қол соғыңдар!

Құрметті ұстаздар, оқушылар математика топтарының арасында өткелі отырған «Көңілдң тапқырлар сайысы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Есептен сайысады қос тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік өнерлерін қызықтайық

Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

Ортаға сайысқа қатысушылар «Пирамида» және «Квадрат» топтарын шақырайық.

Көңілді тапқырлар, білгіштер.

Бар өнерін алдарына салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады

1-жүргізуші: Шеберлікті, білімді

Сараптап сендер көріңдер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер!-дей отырып, бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығаратын әділқазы мүшелерімен таныстырайық.


ІІ. Негізгі бөлім

2-жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық. Алғашқы сайыс «Таныстыру». Әрбір топ өз тобын таныстырып, топ атының мағынасын ашып, нақтылау және топ басшысын сайлаулары қажет.

1-жүргізуші: Келесі екінші сайыс «Кім жылдам?» деп аталады.

1-топ: 2-ні 5 рет пайдаланып 3 санына теңестіру қажет.

(2+2-2+(2:2)=3)

2-топ: 2-ші 5 рет пайдаланып, амалдар қолдануарқылы 5 санына теңестіру керек. (2+2+2-(2:2) 5)

2-жүргізуші: Екі топқа да бірдей, бес тоғыздықты пайдаланып, амалдар қолданып 10 санын жаз (9+99:99=10, 99:9-9:9=10)

1-жүргізуші: Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын 5 таңбалы қанша сан бар? (Бесеу: 20000, 11000, 10100,10010,10001)

2-жүргізуші: Сіздерді сайысымызға шақырамыз

Есеппен бастарыңызды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімдеріңізді толтырамыз.

Ендеше үшінші «Бас қатырғыш» атты сайысымызды бастайық.

1-топ: Бір жарым мысық бір жарым сағат ішінде бір жарым тышқанды жеп қойды, 15 мысық 15 сағат ішінде қанша тышқан жейді?

Шешуі: 1,5 мысық 1 сағатта 1 тышқан жейді

1 мысық 1 сағатта 1/1,5=2/3 тышқан жейді.

15 мысық бір сағатта 2/3*15=10 тышқан жейді

15 мысық 15 сағатта 10*15=150 тышқан жейді.

Жауабы: 150 тышқан

2-топ: Менің жасым сізден қазіргі жасыңыздай болған кездегі сіздің жасыңыздан екі есе үлкен. Екеуміздің жасымызды қосқанда 63 жыл болады. Әрқайсысымыз нешедеміз?

Шешуі: Сол кезде х жас болған.

Онда қазіргі жасы 2х болады.

Егер сізге қазір у жас болса, онда мағанда у жас болады.


Есептің шарты бойынша: 2х+у=63

У-2х=х-у 2у=3х 2/3*у=х

2*2/3у+у=63

4у+3у=184 х=2/3*27

7у=189х=18

у=27

Жауабы: Маған 36 жас, сізге 27 жас

1-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл сайысқа

Құр қарап отыру жарасама?

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй

Сонда бар жеңіске ортақ болысуға-дей келе сайыскерлеріміз дайын болғанша көрермендерге мынадай ширату сұрақтарын қойсақ:

  1. Биіктігі 10 метр ағашқа ұлу күндіз 5 метр жоғары көтеріліп, түнде 4 метр төмен түседі. Ұлу ағаштың басына неше күнде шығады? (10 күнде)

  2. Өткен мыңжылдықта мынадай жыл болды. Егер оны цифрмен қағазға жазып, сол қағазды теріс аударсақ тура алдыңғы цифр көрсетіледі, ол қай жыл? (1961, 1691)

2-жүргізуші: 4-ші сайысымыз «Шахмат» сайысы. Суретте шахмат тақтасының бір бөлігі кескінделген. Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады.

1-топ:

да

математика

Қамқоршысы

бастаушысы

жанашыры

де

сан

жаңалықтары

ғылымның

іргетасы

химия

физика


Шешуі: «Сан-математика ғылымының іргетасы»-бұл цитатаны айтқан Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков, физика-математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы 220-дай еңбегі жарияланған.


2-топ:

осы

қиғаш

жоқ

Де

Математикаға

Сәуір

өнер

Ия

Заң

да

алма

Қажет


Шешуі: «Қиғаш заң да математикаға қажет»-Асқар Жұмаділдаев

1-жүргізуші: Сайыс тағы басталды,

Ұмыт болғанды еске алды.

Қиын да болса қызықтырақ

Жұмыс істетейік бастарды.

2-жүргізуші:Архимедтей жаңалық ашар,

Болса үміткер, сайысқа атсалысар

Ұлы математиктер ізін басар

Біздерде қане жастар?!-деп ұлы ғалымдардың еңбектеріне арналған «Кім көп біледі?» сайысымызды бастаймыз.


Екі топқа:

  1. Ондық бөлшекті алғаш енгізген кім? (Әл-Кәшей)

  2. «Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын» сөзінің авторы? (Платон)

  3. «Дәреже» таңбасын кім ұсынды? (Р.Декарт)

  4. Биквадрат теңдеулерді шешу жолын кім тапқан? (Л.Ферари)

  5. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі,Ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым? (Аристотель)

  6. «Координаттар жүйесін» ең алғаш енгізген кім? (Декарт)

  7. «Математика-ғылымдар патшасы, ал арифметика-математика патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)

  8. Арифметикадан алгебраның дербес ғылым болуының негізін қалаған, ең алғашалгебра оқуын жазған Орта Азияның Үргеніш қаласында дүниеге келген кім? (Әл-Хорезми)

  9. «Геометрияға да поэзиядан кем түспейтін шабыт керек» дегшенді айтқан кім? (Әл-

  10. Жиын теориясының негізін қалаушы? (Г.Кантор)

  11. «Миллион) сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді? (ы.Алтынсарин)

  12. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? (Қ.сатпаев)

  13. Математикалық теңдеулер туралы еңбек жазған қазақ ғалымы? (О.Жәутіков)

  14. 5 және 6 сынып «Математика» оқулықтарының авторы? (Т.А.Алдамұратова)

1-жүргізуші: Алтыншы сайыс «Сиқырлы квадрат» сайысы 1 ден 9-ға дейінгі сандарды қалай қоссаңыз да 15 шығатынын кестелерге орналастыру арқылы көрсету қажет.

4

9

2

3

5

7

8

1

6


2-жүргізуші: Соңғы сайысымыз «Логикалық жұмбақ» деп аталады.

1-топ: Тау Кита жұлдызынан ұшып келген инопланетянин жерге дүйсенбі күні қонғанда «А!» деп айқайлайды, сейсенбі күні «АУ!» деп, сәрсенбі де «АУУА!» деп, бейсенбіде «АУУАУААУ» деп айқайлайды. Жұма күні ол не деп айқайлайды? Бұнда әріптердің бір жартысы келесі тұжырыммен беттесетініне назар аудару керек.

(Жұмада: «АУУАУААУУААУАУУА» дейді)


2-топ: Ертеде Үндістанда ақылды адамдар көп болған.Күндердің күнінде халық ақылдылардың ішінен ақылдысын анықтамақ болып, қараңғы бөлмеге екі қара, бір ақ қалпақ қалдырып, ақылды адамдарды бөлмеге кіргізіп, олардың бастарына қалпақтарды кигізіп, көздерін байлаған. Жарыққа шығарып, көздерін ашқанда олар бір-біріне ұзақ қарап, ойланып қалған. Екі адамның басындағы қалпақтарының түсі қандай? (Екеуі де қара)


ІІІ.Қорытынды

1-жүргізуші: Ақынжанды болмаған, математикте бола алмас.

Жақсы шумақ тумаса, көңілге әсте қона алмас.

Олар жайлы төреші көрермендер өздерің

Ақ-қарасын айырып куә болды көздерің.

Әділқазылар қорытынды бағасын шығарғанша, көрермендерге есеп жасырып, сұрақ қояйық:

  1. 60 парақтық кітаптың қалыңдығы 1 см. Сондай 240 беттік кітаптың қалыңдығы неше см болады? (2 см)

  2. Бір орынды санңа тағы сондай санды тіркеп жазғанда, сан неше есеге көбейеді? (11 есеге)

  3. Тригонометрия сөзі қай елдікі, мағынасы? (Грек сөзі, тригон-үшбұрыш және метрео-өлшеу)

  4. Прогрессия сөзі қай елдікі, мағынасы? (Прогрессио-ілгері жүру)

  5. Функция сөзі? (function-аяқтау, орындау)


2-жүргізуші: Математика барлық пәндердің патшасы

Онсыз құрылмайды өлшеусіз картасы

Нақты жауап, ой толғауын ашатын,

Жауаптарын дұрыс шешім табатын

Ғылымдардың сыр сандығын жинақтап

Дәлелдейді, шығарады салалап

Керегіне жаратамыз біз оны

Онсыз пәннің келіспейді ажары.

Осымен сайысымыз аяқталды. Осы кештен бір әсер алды деп ойлаймыз. Ойларыңыз толысып, математика саласынан жетістікке жете беріңіздер. Зейін қойып, ойларыңызбен бөліскендеріңізге көп-көп рахмет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.01.2018
1866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі