Сыныптан тыс шара."Тапқыр математик" Математикалық сайыс бастауыш сыныптар арасында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара."Тапқыр математик" Математикалық сайыс бастауыш сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шараны өткізгенде ,бастауыш сынып мұғалімдерге пайдасын тигізеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тапқыр математик » Математикалық сайыс

(Бастауыш сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс шара)
Мақсаты: оқушылардың білімдердің тексеру, математикадан алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, шырпы, фигуралар.
Түрі: жарыс – сайыс.
Барысы: Ұйымдастыру.
Жарысқа
үш сынып қатысады. 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
1 - топ. 2 сынып «Бестіктер»
2 - топ. 3 сынып «Жұлдыздар»
3 - топ. 4 сынып «Тапқырлар»
Жарыс - сайыс сабақтың кезеңдері.
1 – кезең. Таныстыру. Әр топ өз аттарын қорғауы керек. Толық әрі нақты қорғаған топқа 5 ұпай, жартылай қорғаса 4 - 3 - 2 ұпайдан беруге болады.
2 - кезең. Мың бір мақал.
Құрамында сан есімдер мақалдар айтып жарысу.
• Бас екеу болмай мал екеу болмайды
• Піл күшті, піл күшті емес тіл күшті
• Бірлік болмай, тірлік болмас
• Бір тал кессең, он тал ек.
3- кезең. Ойлы болсаң тауып көр.

Мақалдың жалғасын табу.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)

2. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына)

4. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)

5. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)

6. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

7. Бір кісі қазған құдықтан, (отыз кісі су ішер)

8. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ( төртеу түгел болса төбедегі келеді)

9. Жеті рет өлше, (бір рет кес)

10. Жігітке (жетпіс) өнер де аз.

11Мыңның түсін танығанша (Бірдің атын біл.)

12. Ағайын алтау, ана (біреу.)
13. Жүзден жүйрік. (Мыңнан тұлпар)
14. Жаздың бір күні Қыстың (мың) күнін асырайды.

4- кезең

І. Викториналық сұрақтар (Жауап нақты, тез болу керек)

1 топ:

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2.Үш сызықтан пайда болған фигура. (үшбұрыш)

3. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. ( км, м, мм, см, дм)

4. Тік бұрыштан кіші бұрыш. (сүйір)

5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)

6. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3с

7. Төрт қойдың неше аяғы бар 16

2 топ:

1. Уақыт өлшемдерін ата. (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)

2. 5×7 нешеге тең? (35)

3. Санды 0-ге көбейткенде не шығады? (0)

4. 1 дм-де неше см бар? (10см)

5. Санды 1-ге көбейткенде не шығады? ( сол санның өзі шығады)

6. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 2 сағат

7. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала барды? 5

3 топ:

1. Фигураның ауданын қалай табады? ( ұзындығын еніне көбейту)

2. 9*9 нешеге тең? (81)

3. 4 аптада күн бар? (28)

4. 2 сағатта неше минут бар? (120)

5. 10 см-де неше миллиметр бар? (100 )

6. Жұп аттар 20 км жүгірді. Бір ат неше км жүгірді? 20 км

7.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды. Неше тұйеқұс қалды? ұшпайды
5- кезең. Жүзден жүйрік
Әр топ капитандарына сұрақтар қойылады.
- Фигураның периметрін қалай табамыз?
- Шаршы дегеніміз не?
- Көбейту дегеніміз не?
- 1 м - де қанша см бар?
- 1 сағатта қанша минут бар?
- 1 жылда қанша күн бар?
- Алынған бірнеше заттың құны қалай табамыз? (заттың бағасын оның санына көбейтуіміз керек)
- Бұрыш түрлерін атаңдар?
- 1 т қанша кг бар?
- Сұйық заттың өлшем бірлігі?
- 1 тәулікте қанша сағат бар?
- 1 км қанша метр бар?
6 кезең. Суретшілер.
Мына фигураларды пайдаланып (төртұрыш, үшбұрыш, шеңбер, т.б.)
бір зат құрастыру
1 топ. Адам
2 топ. Үй
3 топ. Машина құрастыру
Әр фигураға 1 ұпайдан беріледі.

Логикалық сұрақ

10 ұпай - Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр, әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)
20 ұпай - Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)

30 ұпай –Бұтақта 6 қарға отырды.Олардың 3-еуін атып алды.Бұтақта қанша қарға қалды? 0

Әртүрлі

10 ұпай - Тәуліктің 3-тен 1 бөлігі неше сағатқа тең? (8 сағ)

20 ұпай – 7 санының квадраты. 49

30 ұпай- Екі сабақ арасындағы үзіліс. қоңырау

Келесі біздің сайысымыз «Сөзжұмбақ шешу» деп аталады. Әр топқа сөзжұмбақ беріледі. Жауаптарын тауып жазу


Қорытынды және марапаттау кезеңі
Оқушылар, болашақта бұдан да жоғары сайыстарда өз білімдердің көрсетеді деп сенемін. Өйткені жарқын келешектің тізгіні сендердің қолдарыңда екені даусыз. Сонымен Зияткерлік сайысымызды аяқтаймыз.





1 – кезең. Таныстыру.

2 - кезең. Мың бір мақал

3- кезең. Ойлы болсаң тауып көр.

Мақалдың жалғасын табу.

4- кезең

І. Викториналық сұрақтар (Жауап нақты, тез болу керек)

5- кезең. Жүзден жүйрік
Әр топ капитандарына сұрақтар қойылады

6 кезең. Суретшілер.
Мына фигураларды пайдаланып (төртұрыш, үшбұрыш, шеңбер, т.б.)
бір зат құрастыру




Талпын негізгі орта білім беретін мектебі





«Тапқыр математик»

(Математикалық сайыс)



( бастауыш сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс шара)













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2020
1267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі