Материалдар / Сыныптан тыс тәрбие сағаты Алтын күз

Сыныптан тыс тәрбие сағаты Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз туралы тәрбие сағатын жіберіп өзіммен қатарлас әріптестерім қолданады деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2019
310
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

[Введите название документа] 

[Выберите дату]

[Год]

[Введите аннотацию документа. Аннотация обычно представляет собой краткий обзор содержимого документа. Введите аннотацию документа. Аннотация обычно представляет собой краткий обзор содержимого документа.] 

[Введите подзаголовок документа] 





«Күз мереке,береке»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы жаңа білім беру.

Дамытушылық: Дүниетанымдарын сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Экологиялық, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жапырақтар,маскілер,жемістер,көкеністер, шарлар.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және қонақтар «Ертегілер» тобының сіздерге дайындаған «Күз мереке, береке» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Тырна көкте тыраулап,

Қош ,қош айтты «кеттім»-деп

Шөптің басы қыраулап

Күзде келді «жеттім»-дей отыра ортамызға кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

- Балалар далада жан-жақтарыңа қарадыңдарма? Қызыл, сары жапырақтар, ауа-райында өзгерістердіңболып жатқанын байқадыңдарма?(Иә)

- Бұл сыйқырды жасаған кім деп ойлайсыңдар?

-Иә, бұл күздің келгені

Ал енді күздің әдемі жапырақтарын ортаға шақырайық .

Ақерке: Кездескен соң күзіммен

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Фируза: Шырқалған егер аяулы әні

Құстың ерте оянғаны

Жапырақтардың сарғайганы

Сары күздің таянғаны

Аяла: Алтын сары,қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Тәрбиеші: Рахмет! Күз жапырақтары қандай әдемісіңдер.

-Балалар тыңдаңдаршы мынау қандай әуен , кім келе жатыр екен?

Алтын күз: Алтын түске боялды,

Тау мен қырда дала тұз

Келдім міне ортаға

Менің атым Алтын күз!

Тәрбиеші: Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтын жауыпты іздері

Құс біткен керуен түзеді

Көңілсіз неліктен күз енді?

Алтын күз неліктен көңілсізсің?

Алтын күз: Балалар , менің бүкіл даланы алтын түске бояйтын алтын қылқаламды жоғалтып алдым, сондықтанда барлық дала көңілсіз.

Тәрбиеші: Сен мұңайма бүгін мереке ғой, қылқаламың табылар . Балалар Алтын күздің көңілін көтеріп күз мезгіліне арнап тақпақтарымызды айтып берейік.

Рабиға: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Наргиз: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерді жинауға

Шақырады біздерді

Айша: Күз де келді, күз келді

Күздерін жаз үзгелі

Күз де келді, күз келді

Көкте бұлттар жүз енді.



Ән: «Алтын күз»



Жанболат: Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды

Тырнасы тізілген

Ұнатамын күзді мен

Ақнұр: Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұпар бар дәмім

Зухра: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Басымды мен иемін.

Нұрболат: Мен өрікпін, өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлап өрікпін.

Сымбат: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Тәрбиеші: Балалар кім келе жатқан әндетіп? (Түлкі)

-Балалар! Алтын күздің қылқаламын түлкі алыпты ғой.

-Сәлем түлкі, қолындағы Алтын күздің қылқаламы ғой қайтар өзіне.

Түлкі: Жоқ , неге қайтарамын менің қолыма түскен нәрсе жоғалғанмен бірдей.

Тәрбиеші: Бұл қаламды Алтын күз жоғалтып алып, даланы алтын түске бояй алмай жүр.

Түлкі: Қарай гөр өздерін, барлық жерді әдемілемекші , ал менің үйімді кім әдемілеп береді екен? Мен үйімді жөндеп безендіріп аламын да ешкімді кіргізбеймін.

Тәрбиеші: Тоқта түлкі біз сенің көңіліңді көтерсек сен бізге қылқаламды қайтарасынба?

Түлкі : Жарайды.

Азат: Жаздай күткен бәріміз

Сары алтын күз ,сары күз

Алтын ұя бақшада

Би билейміз бәріміз!

Би: «Жау-жаңбыр» 1. Зухра 2. Сымбат 3. Фируза 4. Ақнұр.

Түлкі :Ой балалар қандай тамаша билейсіңдер. Маған қатты ұнады. Мен қылқаламды Алтын күзге қайтармас бұрын сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойнауға дайынсыңдарма? Ойын : Себетке жемістермен, көкеністерді жинау.

Ойынның шартты: 2 топқа бөлінеді 4 баладан 8 бала шығады ортаға 2 себетке 1 топ жемістерді ,2 –ші топ көкеністерді музыка біткенше жинайды қай топ бірінші жинайды сол топ жеңеді.

1:Алихан, Амира, Оразгали, Айбота.

2:Ержигит, Ақерке, Аяла, Наргиз

Тәрбиеші: Ал енді Түлкімен достығымыз үшін бір ән айтып берейік барлығымыз.

Ән: «Бізде де, бар бау -бақша»

Түлкі: Ой балалар сендерге рахмет көңілім көтеріліп қалды қылқаламды Алтын күзге қайтарып берейінде орманға кетейін сау болыңдар балалар!



Айбота: Кім білмейді шалқанды

Талайлар маған таңқалды

Бәріңе сый боламын

Тауып көр меннен дарханды

Орыс халық ертегісі «Шалқан»

Ата – Елжан

Әже-Рабиға

Немере-Амира

Күшік-Оразғали

Мысық-Алихан

Тышқан-Ержігіт

Алтын күз: Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып

Сау болыңдар балалар

Келгенше жыл айналып.

Тәрбиеші: Осымен біздің «Күз мереке, береке» атты ертеңгілігіміз аяқталды . Келгендеріңізге рахмет Сау болыңыздар.





















«Күз мереке , береке»





Тәрбиеші: Г.Ш. Батталова.












2018-2019 0қу жылы



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ