Сыныптан тыс.Айналайын абайла!3сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс.Айналайын абайла!3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолдан өту ережелерін балаға үйрету.Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

10 Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Майрова Береке Смановна

Сабақтың тақырыбы: Балалар, назар аударыңдар!

Сабақтың мақсаты: Сабақты түсіндіре отырып, жол ережесін жасына сай

меңгерту.

Сабақтың міндеті: 1.Білімділік: жол ережесі жайлы барлық белгілермен

таныс болу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың жол ережесі жайлы

білімдерін пысықтау.

3. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, есту қабілеттерін

арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық қабілетін

шыңдау.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Біз өз қауіпсіздігімізді сақтауымыз керек.Сол үшін жол ережелерін мұқият сақтайық.Бүгінгі «Балалар, назар аударыңдар!» атты тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймыз.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер туғызады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шана тебетіндігі, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны , қалтарыстан жолға шыға келетін салдарынан бұзылады.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесін» мұқият тыңдап , әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру заңын бұзбайды.

  • Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

  • Үлгілі , тәртіпті бала.

  • Балалар жол ережесі туралы не білеміз?

  • Жаяу жүргіншілер немесе ақ жолақ жолмен өту.

Балалардың өз ойларын ортаға салу.

Сапар шексек сіз бен біз

Сан көлікке мінеміз

Троллейбус, трамвай

Автобуспен жүреміз.

Көлік, көлік, көлік

Көліктерге мінеміз

Көшелермен, көшелермен

Күнде тынбай жүреміз


Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз

МАИ қызметкерлерінен

Сан кешірім сұраймыз

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сасаламат жүреміз

Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар

Бағдаршам дегеннің

Сырын жақсы біліп ал

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа

Балақай, ортадан өткен соң

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

-Өте тамаша. Оқушылар білетін ережелерін , өлеңдерін айтып шықты.

-Енді мен бүгін көлік жүргізушілеріне байланысты бірнеше ережелермен, белгілермен таныстырғым келіп тұр.Сендер әлі көлік жүргізбейсіңдер, бірақ велосипед жүргізесіңдер.Ол да көлік түріне жатады.

  1. Велосипедпен жиекжолда, жаяулар жүретін жол өткелдерінде жүруге болмайды.

  2. Рульді жіберіп жүруге келе жатып басқа машинаның бортына жармасуға болмайды.

  3. Бір велосипедке екі адам мінгесіп жүруге болмайды.

Жол бойындағы барлық белгілерді біз 4 топқа бөлеміз.

1.Ескерту белгісі:үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген, бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

2.Тыйым салу белгісі: дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

3. Алдын ала жазылатын белгілер: Дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген.Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

4. Ақпараттық көрсеткіш белгісі: жылдамдықты, бағытты көрсететін белгілер.

Әр топтың аттарына сәйкес партаның үстінде қиылған белгілер бар, сол белгілерді құрастырайық.

Бағдаршам шығады.

Ойын: «Қызыл Сары, Жасыл»

Бүгінгші сабаққа қорытынды:

Жаяу жүргіншілерге:

  • Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

  • Жолдың қай жағымен жүру керек?

  • Қоғамдақ көліктерге, машиналарға қай жерден мінеміз?

  • Жолдан бағдаршамның қай түсі жанғанда өтеміз?

  • Машина, автобус артына жабысуға бола ма?

Жолы болсын әркімнің,

Сақта, жолда жүру тәртібін! деп сабағымды аяқтаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі