400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптын тыс мерекелік шара "Ивушка жұлдыздары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс өткізуге арналған шараларға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Облыстық «Ивушка» балалар туберкулез санаторийі







Тақырыбы:



«Ивушка жұлдыздары»

(мерекелік кеш)

























Мақсаты: Еліміздің жарқын болашығы үшін балалардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып,білімді де өнерлі ұл – қыздарын тәрбиелеу, балалардың әншілік дарындылығын ашу.

Дамытушылық: Өнерпаздарды жан – жақты зерттеп,әнді көпшілік алдында қысылмай еркін орындауға бейімдеу.

І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Құрметті қонақтар,балалар.Қазақ деген ,ғұлама ,өнерлі де өрелі халықтың ұрпақтары екенімізді мақтаныш тұта отырып,ән – жыр тыңдасақ деген оймен өткізгелі отырған
Ивушка жұлдыздары атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!


ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар қатысады

ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, - деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «----------------» әні орындалады.

ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең - жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, - деп келесі оқушыларымыздың өнерін қабыл алыңыздар.

Би:
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
Ән:
І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі оқушымыздың өнерін қабыл алыңыздар.

Ән:Алға Қазақстан
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Ән:
І жүргізуші: Біздің шипажайымыздың қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық.

ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.

жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Өнерпаздарды шақырайық ортаға, —Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, - деп -----------орындауында «---------» әні қабыл алыңыздар.
«өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
248
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі