Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Шынықсаң шымыр боласың»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп дейінгі балалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Денсаулық. Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»

Мақсаты:Бір қатар сапқа тұру,қолды алға созып түзелу, шеңбер бойымен жүруге, жүгіруге,жаттықтыру.Шеңбер бойымен қолдарын жоғары көтеріп,тізені бүкпей аяқтың ұшымен жүру,қолдарын артқа қойып ұстап, өкшемен жүру, қолдарын жанына созып жартылай бүгілген аяқпен жүру. адымдап жүру, еңбектеп жүру, аяқты көтеріп, тізені алақанға тигізіп жүру, ирелеңдеп жүгіру, үшке бөлініп тұру. Кішкентай орындықтардың және қамшымен жаттығулар жасауға үйрету .Музыка ырғағының көмегімен сәйкес жаттыгулар жасату.

Негізгі қасиеттері: Шапшаңдыққа, ептілікке,батылдыққа , икемділікке, қимылды үйлесімді,әсерленушілікпен орындауға, шыдамдылықпен пен көзмөлшерді дамытуға үйрету.

Қолданатын құрал жабдықтар: кішкентай орындықтар, қамшы, көңілді табандар, геометриялық пішіндер, баспалдақ обруч, мата, лента.

Оқу қызметінің барысы:

Балалар: бір қатарда тұрып,амандасады. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлем бердік баршаға.

I-бөлім:Музыканың сүйемелдеуімен орындалатын қимыл дағдыларын бекіту. Бірқалыпты(асықпай және ширақ адымдап) жүру, жүгіруге. Тәрбиеші төмендегі тапсырмаларды орындатады:

1-Маршпен жүру. 2-шеңбер бойы қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. ( жәй жүгіру ) 3-Қолды артқа созып өкшемен жүру. ( жәй жүгіру ) 4-Қолымызды жанымызға созып, жартылай бүгілген аяқпен жүру,( жүгіру) 5-Адымдап жүру.(жәй жүгіру) 6-Еңбектеп жүру.(жәй жүгіру) 7-Аяқты көтеріп, тізені алақанға тигізіп жүру,(жәй жүгіру) 8-Ирелеңдеп журу, (жүгіру.) 9-Үш қатарға бөлініп тұру.

II-бөлім: Кішкентай орындықтың алдында тұрып, және отырып, қамшымен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары: 1. Б.қ-қамшының екі ұшына сәл жеткізбей ұстаған қолды төмен түсіріп тұру. 1-қамшыны жоғары көтеру. 2-қамшыны кеуде тұсына түсіру. 3-қамшыны жоғары көтеру 4-б.қ- қа келу (4-5рет) қайталау.

2. Б.қ-қамшының екі ұшына сәл жеткізбей ұстаған қолды төмен түсіріп тұру: 1-қамшыны жоғары көтеріу. 2- екі аяқтың ұшына тигізу. 3- қамшыны жоғары көтеру. 4- б.қ- келу (4-5рет) қайталау.

3.Б.қ-қамшының екі ұшына сәл жеткізбей ұстаған қолды төмен түсіріп тұру. 1- қамшыны жоғары көтеру. 2- оң аяқты кішкентай орындықтың үстіне қойып иіліп, қамшыны тізеге тигізу. 3-қамшыны жоғары көтеру. 4- сол аяқты кішкентай орындықтың үстіне қойып иіліп, қамшыны тізеге тигізу(4-5рет)

4. Б.қ-малдас құрып отырып, қамшыны оң қолға ұстап, амандасу. 1- аяқты малдас құрып отырып, оң қолға қамшыны ұстап, жоғары көтеру. 2- қамшыны кеуде тұсына қойып, басты төмен түсіріп, алға қарау. 3-4 (1-2) жаттыгуды қайталау. (4-5) рет

5. Б.қ- қамшыны оң, және сол қолға ауыстыру. 1- Аяқты жинап бүгіп отыру,екі қолды жоғары көтеру. 2-оң қолдан, қамшыны сол қолға ауыстыру. 3-Аяқты жинап бүгіп отыру,екі қолды жоғары көтеру. 4- сол қолдан, қамшыны оң қолға ауыстыру.(4-5рет)

6. Б.қ. қамшыны тізенің астына қойып,аяқты созу,және жинап отыру. 1-қамшыны екі тізенің астына қойып екі қолмен ұстап отыру. 2-аяқты алға созу. 3-аяқты жинап отыру. 4- аяқты алға созу(4-5рет) 8.Музыкалық сергіту жаттығу: «Топ-топ балақан»

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

*Кілемше үстіндегі түрлі түсті табандармен оң аяқ ,қос аяқ және сол аяқ, қос аяқ деп,секіріп жүріп өту.

*Бөрене, гимнастикалық орындық үстінде отырып, екі қолдың көмегімен жүріп өту.

*Кілемше үстіндегі түрлі түсті геометриялық пішіндердің үстімен қос аяқтап секіріп жүріп өту.

*Кілемше үстіндегі қақпақшалар арасынан аяқты алмастырып жугіріп өту.

*Бірінің артынан бірі жүріп матаның арасымен өту.

*Доғаның астынан еңбектеп өту.

Қимылды ойындар: 1- «Бәйге» Ойын ережесі: Ойын ойнаушылар жұптасып ( ат,атбегі немесе шабандоз) бір-біріне кедергі жасамайтындай орналасып, мәре сызығына тұрады. Бірінші ойыншы – ат-қолын артқа озып, ал екінші ойыншы –атбегі оның қолынан ұстап, екеуі жұптасып жүгіреді. Бірінші келген атбегі ілулі тұрған оюлы орамалды секіріп алуы керек.ойын ережесі: Жарыс тек белгі бойынша басталады. Орамалды атбегі ғана алады.Жарыс тек белгі бойынша басталады. Шауып келіп, орамалды атбегі ғана алады. Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке үйрету

2- «Орныңды тап» Ойын ережесі: балалар қолдарына қамшы ұстап, музыка әуенімен билейді. Музыка әуені тоқтап,ысқырық белгі бергенде, өз орындарын табу керек.(2-3) рет. Мақсаты: Музыка әуеніне байланысты би қимылдарын жасауға және балаларды көңілді билеуге қызықтыру. III-бөлім: Қорытынды бөлім. «Үлкен қол шатыр» (Қимыл-қозғалысы аз ойын ойнатылады,тыныс алу жаттығулары орындалады. ) 1.«Тыныштық» 1,2,3,4 -деп санағанда матаны жоғары көтеріп, астында жасырынады. 2. «Алақай» 1,2,3,4 -деп санағанда күлімдеп орнынан тұрады.

18 бөбекжай балабақшасы









Денешынықтыру ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»

(Қамшы құралымен)

3 «Аққу « ортаңғы тобы













Өткізген:Тәрбиеші Молдабаева Б.Ә







Қараша айы 2018ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12