Супер әжелер сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Супер әжелер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
әжелер сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.Жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты балалар, құрметті қонақтар! Бүгінгі көктем мерекесі- наурыз мейрамына хош келдіңіздер! Наурыз- бұл табиғат оянатын, ең жарқын әрі асыл армандардың орындалатындығына сенім мен үміт сыйлайтын көктемгі мереке. Ендеше біздің ересек топтар арасында ұйымдастырылған «Супер Әжелер» сайысын ашық деп жариялаймыз.Әділ қаз алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

Сайыс бес кезеңнен тұрады:

1- кезең: Таныстыру. (әже шығып өлен жолдарымен өзін таныстырып өтеді)

2-кезең: Саусағынан бал тамған шебер әже. (үйден дайындап келген қолөнер бұйымын көсетіп, жасалу жолын айтып өтеді)

3-кезең:Ұлттық құндылық. (ертегі, бесік жырын айту)

4-кезең: Мақал-мәтел жарысы.

5-кезең: Ұлттық ас! (Дайындау тәсілі, әдемілігі, дәмділігі)

Беташарын біз сайыстың біз бастайық.

Көрерменді бір сейілтіп тастайық.

Сайыскер өзінің кім екеніңді атап шық.

Әжелерді ду қол соғып қостайық,- деп сайысымыздың бірінші кезеңі:

1. «Таныстыру» кезеңіне сөз берейік.

Әділқазылар өз бағасын бергенше «Ақбота» ІІ кіші тобының тәрбиеленушісі Абдрахман Ақтілекті «Айгөлек» әнімен қарсы аламыз.

Жарайсың өнерің өрге жүзсін.

Әділқазылар таныстыру кезеңі бойынша өз бағаларын берсе....

2. Қошқармүйіз, қосмүйіз,

Ботамайын, қармақты,

Осы оюдың қазекең,

Қай бұйымға арнапты?

Бәрін айтып береді.

Әжелеріміз салмақты – деп келесі сайысымыз бастайық. Келесі кезең «Саусақтарынан бал тамған шебер әже». Әжелер өздерінің үйден дайындап келген қолөнер бұйымдарының таныстыру , жасалу жолын айтады.

Бұл кезең бойынша әділқазылар өз бағасын бергенше «Ақбота» ІІ кіші тобының бүлдіршіндерін «Ғасырдан ғасырға ғажайып би» биін тамашалайық.

«Ақбота» ІІ кіші тобының бүлдіршіні Аязхан Аружанды «Бала тілегі» әнімен қарсы аламыз.

Әділқазылар бағалары дайын болса.

3. Келесі кезең « Ұлттық құндылықтар» әжелер өздері білетін ертегі немесе бесік жырын айтулары тиіс. Сайысымызды бастаймыз.

Әділқазылар өз бағасын бергенше «Ақбота» ІІ кіші тобының бүлдіршіндерінің «Домбыра» әнін қабыл алыңыздар. Әні мен сөзі: Бота Байсенова.

Әділқазылар өз бағасын береді.

4. Әжелерге әсемдік жарасады,

Ай көрікті биіктетер аласаны

Болмаса сұлу, қыз ару әйел

Табысып әркімдерен таласады–дей келе «Мақал-мәтел жарысын» бастаймыз. Бұл сайыста мақал мәтелдердың басы оқылады ал ажелер кезек бойыгша озіне берілген ғ мақал –мәтелдің соңын табулары тиіс.

1. Балаға байқап сөйлесең,

Ақылыңы көнер,

(Байқамай шайқап сөйлесең,

Көрсетер бір өнерін)

2. Қарағайға қарап тал өсер,(Құрбысына қарап бала өсер)

3. Балапан ұяда не көрсе,(Ұшқанда соны ілер)

4. сырлы аяқтың сыры кетседе,(Сыны кетпейді)

5. Ананың ізін қыз басар,(Атаның ізін ұл басар)


1. Әдепті бала- арлы бала,(Әдепсіз бала сорлы бала)

2. Күйесіз қазан жоқ, (Қайғысыз адам жоқ)

3. жақсы адам жасына жетпей қартаяр,(асыл адам жасына жетпей марқаяр)

4. Кісін кейде таршылық сынайды,(кейде баршылық сынайды.)

5. Жұмсақ ағаш құртқа жем, (жұмсақ адам жұртқа жем).


1. Қағазға тіл бітірген-қалам, (Жансызға жан бітірген-адам)

2. Адакам ойға тоймас, (Бөрік қойға тоймас)

3. Жақсы сыйлағанның құлы, (жаман қорыққанның ұлы)

4. Ормансыз жер жалаңаш, (Армансыз ер-жалаңаш)

5. Еңбек адамның көркі, (Адам заманның көркі)


1. Ақымақ ішкен –жегенін айтады, (Ақылды көрген білгенін айтады)

2. Көргенді кісі, көргенін айтар. (Көргенсіз кісі, бергенін айтар).

3. Жақсы өз басынан көреді, (Жаман жолдасынан көреді).

4. Жақсылыққа жақсылық, әр кісінің ісі. (Жамандыққа жақсылық, ер кісінің ісі).

5. Ат жақсысын мақта, (адам жақсысын жақта).


Мақал мәтел жарысы бойынша әділқазылар ойланып, өз бағасын бергенше «Аққу» тобының жігіттерін «қамшы» биімен қарсы аламыз.

Әділқазылар төртінші кезеңнің өз бағасын көрсетеді.

5. Бойларында от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық,

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Үй тапсырмасы: Ұлттық ас дайындау . Біздің әжелеріміз өздері дайындаған тағамдарын алып келіп, дайындалу тәсілін түсіндіру.

Сайысымыздың 5-кезеңі бойынша өз бағасын бергенше «Бәйшешек» тобының бүлдіршіндерін «Қара жорға» биімен қарсы аламыз.

5 кезең бойынша әділқазылар өз бағасын береді.

Әділқазылар сайысымыздың қорытынды бағасын бергенше «Ақбота» ІІ кіші тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Наурыз-көктем» әнімен қарсы алайық. Сөзі мен әні: Бота Байсейітованікі.

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Бірінші нөмердегі әжеміз « Саусағынан бал тамған шебер әже» номинациясымен марапатталады.

Екінші нөмердегі әжеміз « Супер әже» номинациясымен марапатталады.

Үшінші нөмердегі әжеміз «Сүйкімді әже» номинациясымен марапатталады.

Төртінші нөмердегі әжеміз « Әнші әже» номинациясымен марапатталады.

Жүргізуші:

Сүйдірген баршаны өз өнерімен

Жүзінен таң нұрланды.

Қуандырып сіздерді шаттандырған

«Супер әжелер» сайысы аяқталды.



«Супер әжелер» сайысына қатысып өз өнерлерін көрсеткен әжелерге мың да бір рахмет. Сол әжелерге қошемет көрсеткен барлықтарыңызға рахмет!

Көктем мерекесі, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2018
843
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі