Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сыр бойының мәуелі бәйтерегі-Әбділда Тәжібаев»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушыларға,студенттерге,мұғалімдерге үлкен көмегі бар мәліметтер жинақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

176 орта мектеп





Секция:Әдебиет



Бағыты: Сырда туған сұңқар ақын- Әбділда Тәжібаев туралы




Тақырыбы:«Сыр бойының мәуелі бәйтерегі-Әбділда Тәжібаев»





Орындаған:6 «А» сынып оқушысы: Әділ Абылайхан Ерболұлы





Ғылыми жетекшісі:

Қазақ тілі мен әдебиеті

пән мұғалімі: Абытова Бибифатима Тыныштықбайқызы




Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті

пән мұғалімі: Сахиева Пернегүл Мархабатқызы









Қызылорда 2013-2014 жы




Мазмұны

І. Кіріспе.........................................................................................................3-4 бет



ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.І. Сырда туған сұңқар ақын.......................................................................5-6 бет

ІІ.ІІ. Әбділда Тәжібаев – толағай ақын, толастамас жыр иесі..................................................................................................................7-8 бет

ІІ.ІІІ. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тарихы...........................................................................................................9-12 бет

ІІ.ІҮ. Ақын жайлы қаламгерлер ойы..............................................................................................................13-14 бет

IY. Қорытынды..........................................................................................16-17 бет


Y. Пайдаланған әдебиеттер............................................................................19 бет






























І. Кіріспе


ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы. Бұл есім бүгінгі Тәуелсіз Елдердің Достығы қауымына, шет жұрт оқырмандарына да кеңінен таныс. Талантқа бай Сыр елінің саңылақ ұлы – Әбділда Тәжібаевтің қазақ әдебиетінің ғана емес мәдениетінің, жалпы ой санасының тарихынан орнықты орын алатыны баршамызға белгілі.

Кешегі ХХ ғасыр болса осы бір ауыз сөздің өзі бізге көп сөз айтқан болар еді, осы бір сөздің өзі көп жайтты аңғартқан болар еді. Оған еш бір қосымша түсіндірме, эпитеттердің де керегі болмас еді. Өйткені, ХХ ғасырдың басында жарық дүниеге келіп, тұтас ғасырды көзімен көріп, онымен бірге жасап, оның небір ғаламаттарын бірге жасасып, жаңалықтарын, жаңалық атымен келген небір қатыгез қылықтарын өз шығар­маларында жырлап та, сынап та айта білген, сөйтіп ғасыр шежіресін жасап ғасыр аяғында (1909-1988ж.) көз жұмған - өзі тіршілік кешкен кезеңнің мейлінше мәшһүр ұлы ақынына айналып өтті өмірден. Оны алдын­дағы аталары Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауыт­ұлы, Мір­жақып Дулатұлы білді, ол тіпті бала кезінде сол кезгі астана Қызылордада қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожан­ұлының иығына шығып тұрып өз өлеңін оқыды үлкен жиында. Темірбек Жүргенов, Нәзір Төреқұлұлы, Садықбек Сапарбекұлы, Тұрар Рысқұлұлы дарынды бала райында жақсы көріпті, Сәкен Сейфул­лин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқановпен қатар тұрып жыр қашады, Мұхтар Әуезұлы, Ғабит Мүсіреп­ұлы, Ғабиден Мұстафин, Асқар Тоқмағам­бетов, Өтебай Тұрманжанов, Ғали Орман­ұлы, Қасым Аманжолов, Қалмахан Әбдіқа­дыров, Тайыр Жароковпен сыйлас, сырлас ғұмыр кешті. Өз шығармаларында ол ғасырдың осы аты аталған әр алуан ғажап тарихи тұлғаларының шығармашылық образын сомдады. Олардың біразымен сынасты, біразымен сырласты. Дәуір солай еді. Жәй жүріп, тыныш тіршілік кешуді дәуір, дәуірдегі коммунистік идеология көтер­мейтін, ол «бай» және «кедей» деп екіге қақ жарып бөліп тастаған кеңестік қоғам қолдамайтын. Әбділда Тәжібайұлы адам ретінде де, ақын ретінде де сол қоғамның перзенті болатын. Өз кезеңінің көсемі В.И.Ленин айтқандай, ақын ком­мунистік қоғамда өмір сүре тұрып ол қоғамнан бостан бола алмайтын еді. Солай болды. Әбділда ақын өзі өмір сүрген қоғам дүбіріне құлақ түріп өсті, қоғам ұстанымына қызмет етті; қызмет ете жүріп адасты, алданды, қадамын талай рет шалыс басты, ақын құлады, тұрды, қайта құлап, қайта тұрды. Құлай жүріп жылады, жылай жүріп жырлады, оның қоғам рухымен бірге ұлт рухын тапқан, табысқан сәттері аз бол­мапты. Ұлт рухынан көз жазған сәттері ақынды сәтсіздіктер иектеген, ұлт рухымен табысқан сәттері ақынды толайым табыс, ғажап сәттіліктер қаумалаған...




Зерттеу әдістері:


Әбділда Тәжібаев жайлы газет-журналдардан, кітапханалардан, интернет сайыттарынан алынап зерттелді.



Мақсаты мен міндеті:

Әбілда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, кең байтақ Отанымыз туралы жазылған шығармалар арқылы кең байтақ Отанымызың бір кішкене бөлігі- өзіміз өсіп-өніп жатқан Ә.Тәжібаев ауылының, оның осы өңірден шыққанын таныстыра отырып, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.

 






























ІІ.І. Сырда туған сұңқар ақын

Әбділда Тәжібаев 1909 жылы қасиетті Сыр бойында, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әкесінен алты жасында айырылған ол анасы Айманкүлдыің тәрбиесінде өседі.Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады.

Алғашқы сауатын шешесі Айманкүлдің ашқан Әбекең 1922 жылы Қызылордада ашылған жетім балар мектебінің 3-класына қабылданады. Әбілда ақынның алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жариялана бастаған. Айта кетуіміз керк 70 жыл жырлаған шалқар шабыттың ақына Әбілданың алғашқы өлеңдерінен-ақ тұлпар тұяғының серпіні байқалады. Асылы талант не ғұрлым ірі болса, соғұрлым ерте нышан беріп, жемісін төге бастайтыны табиғи заңдылық болса керек.

Әбекеңнің шығармашылығын кезінде одақ ақындары Селвинский, Смеляков, Тихоновтар жоғары бағалап, бүкіл одаққа таныстырды. Әбекеңнің шығармашылығына ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезовтан бастап қазақ ғалымдырының барлығы дерлігі назар аударды. Мақалалар, зерттеу еңбектер жазылды. Ең бастысы, Әбекеңнін ақын, ғалым, қоғам қайраткері ретінде өзінің халқынан, қазақ халқынан алған бағасы. Сырда туған Әбекең алты алашқа аты жайылған азамат, халқымыздың құрметті ұлы болып қалады.

Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.

Жаңа бір түсіп, шам сөнді,

Ашыла түсіп, гүл солды, –

деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған. Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен.

Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетті (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші Қазақ» газетінде пошта-газет тасушысы болып бастаған, кейін корректор болып жұмыс атқарды.

1932-1934жж. Қарсақбайдағы «Қызыл кеші », «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде редактордың орынбасары, 1934-39жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1939-1943жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1945-1948жж Қазақ ССР ҒА Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1958-1960жж. «Қазақ әдебиеті » газетінің жауапты редакторы, 1960-1984жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақ ССР ҒА Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
























ІІ.ІІ. Әбділда Тәжібаев – толағай ақын, толастамас жыр иесі.


Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.

Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1927 жылы «Жұмысшы» газетінде, кейін 1933 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты. «Оркестр», «Құтқару», «Екі жиһан», «Абыл», «Шын жүректен», «Сүйген жүрек», «Таныс дауыстар» атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді.

«Аралдар», «Жаңа өрімдер», «Кешеден бүгінге», «Көне қоңырау», «Жастық жылдар», «Құрдастар», «Толағай » және т.б.жыр жинақтары философиялық бағытта белгіленген.

Ә.Тәжібаев «Жүректілер» пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Жыр күмбез» атты драмалық дастандарының, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш – орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» және т.б.комедияларының авторы. Қоғам мен адамның ара-қатынасын, адамның қоғамдағы орны мен еңбегі жайындағы тебіреністерін философиялық сырға толы туындылары жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Ә.Тәжібаев «Өмір және поэзия» монографиясында, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды. «Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нүрпейіс, Нартай, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов т.б. әдебиет пен өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан.

Көптеген жылдар бойы Әбділда Тәжібаев поэзия, драматургия, әдебиеттану саласында жемісті еңбек етті. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ол Жұмағали Саин, Қажым Жұмалиев,Таир Жароков секілді әдебиет қайраткерлерімен құрдас еді.

Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М. Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған. Расында да, сол кездердің өзінде ақын шын көңілден өлең жырларын жаза отырып , қазақтың қалыптасқан дәстүрлі лирикалық өлең жолдарын қолдана білді.

Ә. Тәжібаевтің шығармашылығында Сырдария өзенінің бейнесі үлкен орын алады, кейіннен ол Рейн өзенін жырлаған Гейне, Днепрді жырлаған Шевченко сияқты ол өзенді символға айналдырады. Қаһарлы соғыс жылдарында ақынның лирикасы жанрлық ерекшеліктерін тереңдете, молыға түседі. Соның бірі «Аралдар» атты жыр жинағы.

Ә.Тажібаев дастандарының тақырыптары сан алуан – революция, жаңа өмір құрылысы, халықтың өткен өмірі, көптеген адамдардың тағдыры , жаңа дәуір желісі. Заман талабына сай ақын бүгінгі таңдағы басты мәселелерден де алшақтаған жоқ.

Қай елді, қай жерді жырласа да, оның өткені мен бүгінгісі жайында, ақын реалистік қалыптан танбауымен бірге , нағыз қазақ ақынның қалпынан айнымай отырады.

Әбділда дәуірдің әрбір кезеңінен кесек-кесек көріністерін елестетіп, әрі ойлы топшылауларға құрылған философиялық сипаты бар поэма жасауға ұмтылуды. Оның «Портреттері» соның айғақ. Бұл шығармада ақын заман талабына сай адамдардың қиын тағдырлары, уақыт алдындағы жауапкершіліктері туралы мәлімдеген. Ә.Тәжібаевтің өлең-жырларының қайнар көзі – туған жер.

Драматургия Ә.Тәжібаев творчествосының екінші бір кең арналы, биік өрелі саласы болып отыр. Ә. Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н:Ф.Погодинмен бірге) «Жамбыл »атты көркем фильм түсірілген. Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған. Орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің, Г.Гейненің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

«Ленин» орденімен , Октябрь революциясы орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісімен» және медальдармен наградталған. 1985 жылы Ә.Тәжібаевқа «Қазақ ССР-нің халық жазушысы »атағы берілген.

Қызылорда қаласында көрнекті жазушылар Ә.Тәжібаев, З.Шүкіров, К.Мұхамеджановтарға ескерткіш қойылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Ә.Тәжібаев есімі берілді.


ІІ.ІІІ. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тарихы.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы - аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы және республикадағы байырғы ірі мәдени ошақтардың бірі болып табылады.

Picture 2

Кітапхана 1867 жылы Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылып, 1917 жылға дейін қалалық көпшілік кітапхана қызметін атқарған. 1938 жылы Қызылорда облыстық кітапханасы болып қайта құрылып, жазушы Максим Горький есімі берілді. Уақыт өте еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 жылы кітапханаға халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. 2009 жылы қараша айында кітапхана типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшірілді.

Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.

Кітапхана ғимараты негізгі 3 қабаттан, цокольді және техникалық қабаттардан тұрады. Цокольді қабатта кітап қорларын сақтау және қосалқы қызмет көрсету бөлмелері орналасқан.

Бірінші қабатта балалар әдебиеті бөлімі: балалар абонементі, мектепке дейінгі және 1-4 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 5-9 сынып оқушыларына арналған оқу залы, 150 орындық лекция залы, 100 орындық конференц-зал да орналасқан.

Балалар әдебиеті бөлімінде ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Кітапханадағы іскерлік кездесулер, конференциялар, семинарлар және басқа да шаралар конференц-залда, лекция залында ұйымдастырылады.

2-ші қабатта 100 орынға арналған оқу залы, абонемент, ғылыми-әдістемелік бөлім, ақпараттық-библиографиялық бөлім, мерзімді басылымдар залы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі залы бар.

Оқу залы оқырмандарды кітапхана көлемінде баспасөз шығармалары және басқа да құжаттармен шектеулі түрде қамтамасыз етуге жабдықталған зал. Бұл жерде студенттердің сабаққа, оқытушылардың лекцияға дайындалуларына, ғалымдардың диссертация жазуына, мамандарға жаңа әдебиеттермен танысуларына болады

Ақпараттық-библиографиялық бөлімде қажетті ақпаратты іздеу жылдам және сапалы орындалады. 2003 жылдан бастап бөлімде РАБИС бағдарламасы бойынша «Каталогизатор» модулімен газет-журнал мақалаларына библиографиялық сипаттамалар жазылып, электронды каталог толықтырылады. «Ізденіс.Тапсырыс» модулімен оқырмандар сұранысы қанағаттандырылады. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, аақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ барлық білім салалары бойынша Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың авторефераттары жинақталған.

Абонемент бөлімі көркем әдебиет пен ғылыми-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі жастағы пайдаланушыларға ұсынады. Бөлімнің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: ғылыми қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, зейнеткерлер, оқытушылар, студенттер, оқушылар т.б.

Мерзімді басылымдар бөлімі 1991 жылы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын 300-ге жуық аталымнан тұратын газет-журналдарды жаздырып алады. Бөлімде 1940 жылдан бергі құнды өлкетану мұрағаты және газет-журналдар қоры жинақталған.

Ғылыми-әдістемелік бөлім облыстағы әдістемелік қызметті ұйымдастырушы, біріктіруші және жетекшісі болып саналады. Бөлім мынадай бағыттарда қызмет етеді: кітапхана ісінің мониторингі, озат тәжірибені жинақтау және тарату, кітапхана мамандарының білімін көтеру, семинарлар, тренингтер өткізу.

3-ші қабатта кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі, ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, өнер әдебиеттері бөлімі, ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі, шетел әдебиеті секторы, сирек әдебиеттер қоры және дөңгелек үстел өткізуге арналған зал бар.

Өнер әдебиеттері бөлімі оқырмандарға ұлттық өнерімізді, жалпы өнер адамдары мен өнер зерттеушілерінің еңбектерін насихаттайды.

Ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі сала бойынша ғылыми қызметкерлер мен инженер-техниктерге, ауылшаруашылығы мамандарына, студенттерге қызмет көрсетеді. Бөлімде кітаптармен қатар осы сала бойынша қазақ және орыс тіліндегі мерзімді басылымдар бар.

Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі - оқырман қажетті ақпаратқа сұранысын Интернет ресурстарын пайдалана отырып қанағаттандыра алады. Мұнда компьютерлік мерзімді басылымдар және олардың электронды форматтары, ақпараттық технологиялар саласындағы әдебиеттер, электронды оқулықтар, CD-ромдар және журналдар қоры бар. Интернет-тренингтер өткізіліп, деректер базасын пайдалану бойынша кеңестер беріледі.

Облыстық кітапхана РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс.Тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жүргізеді. Оның ерекшелігі облыстық кітапхананың кітап қорын және жаңадан келген әдебиеттердің электронды базасы жасақталады, республикалық және облыстық мерзімді басылымдардардағы өзекті тақырыптар бойынша сұранымдарды электронды түрде енгізу және оқырманға жедел ақпарат тауып беру.

Қазіргі таңда кітапхана қоры 444048 дана кітапты құрайды. Оның 92525 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 28000-нан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап берілімі 146805 дана.

Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсететін 11 бөлім және 3 сектор жұмыс істейді. Оқырмандардың сұранымына сәйкес 2010 жылы шетел әдебиеттері және ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы, сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру секторы ашылды.





























ІІ.ІҮ. Ақын жайлы қаламгерлер ойы.


Қазақтың аса көрнекті ақыны Әбілда Тәжібаевтің «Сырдария» кітапханасының құрамында берілген 5 томдық шығармалар жинағының

1 томына ендірілген өлеңдері ақынның 1978 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген 5 томдық шығармалар жинағының І, ІІ томдарынан алынды. Ақын шығармалары толық қамтылғандықтан, біз осы жинақты негізге ала отырдық. Сондай-ақ ақынның республикалық, облыстық және жергілікті баспасөздерде жарияланған шығармаларын назардан тыс қалдырғанымыз жоқ. Бұл томға ақынның 1928-1960 жылдарда жарық көрген туындылары ендірілгендіктен, осы уақыттар аралығында жарық көрген жекелеген кітаптары: «Жаңа ырғақ» (1934), «Өлеңдер мен поэмалар» (1949) , «Сүйген жүректер» (1951), «Аралдар» (1958)т.б. қайтадан қарап, 1978 жылғы жинақтағы шығармалармен салыстырып алдық. Ақын өлеңдері осы жинақтардағы қалпын сақтап, ешбір өзгеріссіз алынды. Ақын шығармашылығының алғашқы кезеңдеріне тура келгендіктен бұлжинақтағы өлеңдердің көпшілігі – социалистік реализм әдісінің жемісі. Саясат, үгіт-насихаттың бағыттарға көбірек басымдық берілетін мұндай шығармалар өз уақытының үні мен сыры болғандықтан, оларды редакциялау не қысқарту біздің мақсатымыз емес. Біздің міндетіміз ақын шығармаларын мүмкін болғанынша толық қамту болып табылады.

Қазақ поэзиясының Кеңестік кезеңінің бүкіл тыныс-тіршілігі толық танылатын Ә. Тәжібаев өлеңдерін жазылған жылдарына сәйкес хронологиялық тәртіпті сақтай отырып, осы жинаққа енгіздік.

Бағдат Кәрібозұлы

Әбділда тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер. Екіншісі – поэмалар. Үшінші саласы – пьесалар болады.

Лирикалық қысқа шығармаларынан бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады. Бұл ақынның өзі туған өлке, өзеніне – Сыр бойына арналған өлең. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа, әсем әндей шыққан анық көркем жыр.

Сыршылдық шығармалардың Әбділда тудырған көркем өрнектерді көп деуге болады. Бұған «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Келіншекпен кеңес», «Қойшы жыры», «Достық жыры» және үлкен көркемдікпен қоса әлеуметтік сана-сезімін терең танытатын әрі күйлі нақысты, әрі толғаулы «Оркестрді» қосуға болады. Лирикалық шығармалардың соңғы бір кезеңінде, Әбділда ақындығының бұл жанрда – үлкен шыншылдық және шын шеберлікке жеткен сатысын танытатын жетім балалық шақты толғаған өлеңдері.

Тағы бір топ поэмалары тарихи тақырыптарға, тарихи аңызға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Кілемшілер туралы ертегі», «Толағай», «Мерген» т.б. Пьесалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» т.б.

Жыл санап өнер арттырып, жазушының мәдениетіне терең бойлап, қазақ поэзиясына қызықты жемістер беріп келген Әбділда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады.

Мұхтар Әуезов

Ол – әдебиеттің тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген, жаратылыстан қайсар мінезді, адал ер азамат еді.

Әбділда Тәжібаев – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінен ала бастаған ол содан бергі дәуірлердің барлығында да қазақ халқының өмір шындығын белсенді жырлауға үн қосып, өнерпаздық тәжірибесін жетілдірді. Оның поэзия саласындағы еңбегіне қоса, ұлттық драматургияны, әдеби-сыншылдық ойларды дамытуға қосқан үлесі де аз емес. Ақынның, әсіресе қазақ лирикасын ойлы, сырлы нақыштармен байыту жолындағы еңбегі атап айтарлықтай.

Рахманқұл Бердібаев

 























IY. Қорытынды

Сыр бойында туған сұңқар ақын Әбділда-сан қырлы талант, дарабоз ақын.Әбділда ақынның, сұңғыла суреткер, қарымды қоғам қайраткерінің, зерделі ғалымның өмірін сүрді.

Әбділда Тәжібаев Орта жүз, оның ішінде Бестаңбалы Қыпшақтың бір атасы Торының төрт баласынан тарайтын Бессары Қыпшақтың баласы. Ол 1907 жылы Сырдария өзенінің батыс бетінде Бессары ауылында дүниеге келген. Анасы Айманкүл Кіші жүздің қызы, Тереңөзек ауылынан болған. Әбділдәнің әкесі 7 жасында қайтыс болып, өмір сүру, тұрмыстық жағдайы ауыр болған соң,анасының төркініне көшіп кеткен. Әбділданың жақын немере туыстары бұрынғы Қызылдихан, қазіргі Ә.Тәжібаев ауылында Кенжеәлі, Пірімбет, Құлтай, т.б ағайындардың балалары өмір сүріп жатыр.

Әбділда1987 жылы 50 – жасқа толғанда қасында Ғ.Мұстафин, Қ.Әбдіқадіров, А.Тоқмағанбетовтар болып, бұрынғы Ленин атындағы колхозға туған күнін атап өту үшін елге келді. Қызылдихан колхозы ол уақытта , Ленин атындағы колхоздың бір бөлімшесі болып кіретін еді.

Әбділда Тәжібаев ауылы– Шиелі ауданындағы Телікөл ауылдық округінің орталығы,аудан орталығының Шиелі кентінен солтүстік батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адам (2005). Ауыл 2000 жылға дейін Қызыл дихан деп аталған. 1975 – 96 ж. қаракөл қойын өсіретін «Телікөл» кеңшарының орталығы болған. Қазіргі таңда бұл ауыл Әбділда Тәжібаев атамыздың атымен аталады.

Әбділда зерделі ғалымның да ғұмырын кешті.Қазақ әдебиетінің көптеген салаларында небір үздік шығармалар жазған ол қазақ әдебиетануының көкейкесті, өзекті мәселелерін зерттеді.

Ұлы ақын Абай «Шәкіртсіз ұстаз тұл» десе, Әбділда өзінің ұзақ ғұмырында ұстаз-ақын бола білді.Абай мен Жамбылды , Сәкен мен Ілиясты, Ғабит пен Сәбитті ұстаз тұтқан Әбділда өзінен кейінгі толқын қазақ ақындарының ұстазы болды.Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынова сияқты таланттар шоғыры Әбділданың тікелей шәкірттері.

Әбділданың шығармашылығын кезінде одақ ақындары Селвинский, Смеляков, Тихоновтар жоғары бағалап, бүкіл одаққа таныстырды.Әбділданың шығармашылығына ұлы Мұхтар Әуезовтен бастап қазақ ғалымдарының барлығы дерлігі назар аударды.Мақалалар, зерттеу еңбектер жазды.Ең бастысы, Әбділданың ақын, ғалым, қоғам қайраткері ретінде өзінің халқынан, қазақ халқынан алған бағассы.Сырда туған Әбділда алты алашқа аты жайылған азамат, халқымыздың құрметті ұлы болып қалады.




Ғылыми зерттеу жұмысыма ұсыныс


Сырда туған сұңқар ақын-Әбділда Тәжібаев жайында әлде де жан-жақты зерттеп білу керек.

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, ауыл бар.Алдағы уақытта ақынның атымен көше, мектептің аты берілсе.

Поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақынның шығармаларын жоғарғы сынып оқушыларының қазақ әдебиеті оқулығына да енгізсе.



































Пайдаланылған әдебиеттер:


  1.  Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

  2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС

  3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.

  4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. 

  5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том

  6. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2011




































1 Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз. 
А) Ережеге сай айтылу. 
B) Түбір мен қосымшаның үндестігі. 
С) Дыбыс үндестігі. 
D) Буын үндестігі. 
E) Орфографиялық норма. 
2
.Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз. 
А) Алағ-жұлақ, бөлтірік, бір тектес. 
B) Бірыңғай, ата тек, шаң сорғыш. 
С) Тауқымет, төрттаған,сүт қоректі. 
D) Қараөзек, қара шымшық, шай қурай. 
E) Бойтұмар, айы-күні, алакөз. 
3.Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз. 
А) Көл жағасынан құдық қазба. 
B) Үйінде озған – түбінде озар. 
С) Ақыл – бастан, асыл – тастан. 
D) Ақыл айтсаң – батыл айт. 
E) Егінші – мәрт, жер – жомарт. 
4.Түбір сөзді табыңыз. 
А) Ақтау. 
B) Дидар. 
С) Орманшы. 
D) Қосымша. 
E) Бөлгіш. 
5.Түбірдің ережесін анықтаңыз. 
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек. 
B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі. 
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек. 
D) Қосымша жалғанған бөлшек. 
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек. 
6.Туынды түбірлерді көрсетіңіз. 
А) Қасиеттер, парасат. 
B) Сөздік, малақай. 
С) Әділет, дәреже. 
D) Шұңқыр, домалақ. 
E) Бөлшек, жақсылық. 
7.Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз. 
А) - лық, -лік. 
B) - -гер, -паз. 
С) - сыз, -сіз. 
D) - ырақ, -ірек. 
E) - шы, -ші. 
8.Туынды түбірлерді анықтаңыз. 
А) Негізгі, мекені. 
В) Өнім, жолдастық. 
С) Тәрбие, сөздер. 
D) Береке, көрімдік. 
E) Елдік, баласы. 
9.Туынды түбірлерді көрсетіңіз. 
А) Ағажан, әкетай. 
B) Адалдық, рақымсыз. 
С) Әлдірек, кеңдеу. 
D) Жүрек, нашар. 
E) Кес, кесер. 
10.Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз. 
А) Кең өріс, балық шаруашылығы. 
B) Қағаз бастылық, қалжың бас. 
С) Дүние жүзі, бос сөз. 
D) Ала аяқ, ал қызыл. 
E) Ат спорты, ат жарыс. 
11.Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз. 
А) Орынбасар, ешқашан, бүгін. 
B) Сөзжұмбақ, Алакөл, ақсүйек. 
С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын. 
D) Алтыбақан, асқазан, қаптесер. 
E) Тоқішек, кейбіреу, қыстыгүні. 
12.Кіріге біріккен қатарды көрсетіңіз. 
А) Әнеугүні, көкжөтел. 
B) Білезік, әпер. 
С) Өнеркәсіп, биыл. 
D) Жағажай, саябақ. 
E) Абайтану, әркім. 

13.Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз. 
А) Аб жылан, ақ сұңқар. 
B) Ағаш өңдеу, адал бақан. 
С) Сықпа құрт, суық хабар. 
D) Сән құмар, сасық кеуде. 
E) Патша ағзам, мүйіз шақша. 
14.Дыбыстық өзгеріске ұшырап қосарланған сөзді анықтаңыз. 
А) Жүзбе-жүз. 
B) Малды-малсыз. 
С) Әп-әдемі. 
D) Жалт-жұлт. 
E) Қараптан-қарап. 
15.Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз. 
Кеше кешкілік көйлек-көншегін орамалға түйіп қойды. 
А) Мағынасы бір-біріне жақын сөздер. 
B) Мағынасы өзара қарама-қарсы сөздер. 
С) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер. 
D) Екі сыңары да мағыналы сөздер. 

E) Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келген сөздер. 













1.Қос сөзді көрсетіңіз. 
А) Бел буу. 
B) Бейне жазба. 
С) Бәйге ат. 
D) Бәле құмар. 
E) Бәле жала. 
2.Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз. 
А) Соңғы кезде ағамыз елдің гу-гуіне құлақ түретінді шығарды. 
B) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес. 
С) Сөзінің соңы міңгір-міңгір бірдемеге ұласты. 
D) Дәл қазір той-думанның көркіне айналғандай. 
E) Кемшілік атаулыны түп-тамырымен жоятын кез жетті. 
3.Қысқартуға болатын қатарды анықтаңыз. 
А) Ат спорты федерациясы. 
B) Жазушылар одағы. 
С) Жаңа экономикалық аймақ. 
D) Тәуелсіз Қазақстан. 
E) Бұқаралық ақпарат құралдары. 
4.Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз. 
А) Тұрақты тіркестер. 
B) Жаңа сөздер. 
С) Біріккен сөздер. 
D) Күрделі атаулар. 
E) Қос сөздер. 

5.Дерексіз зат есімді табыңыз. 
А) Болат Бурабайды бұрын көрмеген. 
B) Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді. 
С) Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың. 
D) Топтанып келіп жылқыға да шапты. 
E) Екі беті алмадай қызарып кетіпті. 
6.Жалқы есімдерді табыңыз. 
А) Намыс, Ақтөбе, Құбылыс. 
B) Шығарма, Кітап, Жомарт. 
С) Баба, Жетісу, Айнұр. 
D) Тайбурыл, Хайуан, Қарағанды. 
E) Кәмшат, Едіге, “Қазақ әдебиеті”. 
7.Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз. 
А) Тіл байлығы – ой байлығы. 
B) Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді. 
С) Сол кезде бақыт дегенді бағалай білсемші!... 
D) Қызық еді Аянның мінезі. 
E) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет. 

8.Жалқы есім де, жалпы есім де болатын дерексіз зат есімді табыңыз. 
А) Ар. 
B) Шаттық. 
С) Көңіл. 
D) Қайғы. 
E) Мұң. 
9.Туынды зат есімді табыңыз. 
А) Тымақ – қысқы бас киім. 
B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды. 
С) Таңертең Батырбек көзін ашып, дереу сағатына қарады. 
D) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да. 
E) Жетектерінде жеңіл-желпі жүгін артқан жалғыз тайынша. 
10.Күрделі зат есімді табыңыз. 
А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды. 
B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады. 
С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын ақтарып, біраз кеңескен едік. 
D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды. 
E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай. 
11.Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз. 
А) Күншілдік, білім. 
B) Салауаттылық, зиялылық. 
С) Айтыс, келісім. 
D) Мұнайшы, жолаушы. 
E) Жақсылы, ізгілік. 
12.Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз. 
А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. 
B) Ешкімге сездірмеймін деген едім. 
С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды. 
D) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ. 
E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды. 
13.Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз. 
A) Маңайда. 
B) Клубтан. 
C) Көркемөнер. 
D) Мектептің. 
E) Сөзге. 
14.Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз. 
A) Үйлерге. 
B) Қонақтар. 
C) Атыңыз. 
D) Темірсің. 
E) Таумен. 
15.Жіктелген зат есімді анықтаңыз. 
A) Баламын. 
B) Сендер. 
C) Қайтыңдар. 
D) Еліңіз. 
E) Баласы. 









































Дұрыс жауап: А

Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз. 
A) Баласын. 
B) Жиенсің. 
C) Студентпіз. 
D) Келгенбіз. 
E) Адаммын. 
Дұрыс жауап: В

Көмекші есімді табыңыз. 
А) Ертең ол Қарқаралы қаласына жүрмек. 
B) Ауылдың жаны терең сай. 
С) Қасымның үйі таудағы отарда тұратын. 
D) Бір жарлы шал есегіне мініп, жол жүріп келе жатыпты. 
E) Түркі қалаларында сауда-саттық пен қол өнері дамыған. 
Дұрыс жауап: В

Көмекші есімді қанатты сөзді табыңыз. 
А) Адам - керуен, өмір - жол. 
B) Біреудің қатесі біреуге сабақ. 
С) Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады. 
D) Жастық шақ даналықты игерер кез. 
E) Жалқаудың жанына барсаң, 
Сылтаудың астында қаласың. 
Дұрыс жауап: Е

Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз. 
Әсем сабақты жақсы оқиды. 
A) Әсем. 
B) Сабақты. 
C) Жақсы. 
D) Оқиды. 
E) Жоқ. 
Дұрыс жауап: C

Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз. 
A) Ажарлы. 
B) Шашыраңқы. 
C) Күллі, тегіс. 
D) Әкелді. 
E) Келді. 
Дұрыс жауап: B

Есім сөзден жасалған сын есімді көрсетіңіз. 
A) Ұрысқақ. 
B) Білгіш. 
C) Айтқыш. 
D) Денелі. 
E) Көргіш. 
Дұрыс жауап: D

Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз. 
A) Тарихи. 
B) Әуесқой. 
C) Өнерпаз. 
D) Бойшаң. 
E) Бітік. 
Дұрыс жауап: E

Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз. 
A) Өнерлі өрге жүзер. 
B) Айдар сымбатты болды. 
C) Ала жаздай үй салумен болды. 
D) Оқу үшін осында келдім. 
E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды. 
Дұрыс жауап: A

Туынды сын есімді атаңыз. 
A) Қара. 
B) Көк. 
C) Биік. 
D) Таза. 
E) Ашық. 
Дұрыс жауап: E

Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз. 
A) Оқыр, кеткіз. 
B) Берекелі, оқырман. 
C) Қазандай, торсықтай. 
D) Оқытқыз, жаздыр. 
E) Табиғат, әлемдей. 
Дұрыс жауап: C

Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын белгілеңіз. 
A) Барғалы, аздыр. 
B) Қалашық, айтқыш. 
C) Өнерпаз, намысқой. 
D) Пой-пой, пәлі. 
E) Он жеті, елу мың. 
Дұрыс жауап: C

Негізгі сын есімді көрсетіңіз. 
A) Киімшең. 
B) Табыскер. 
C) Ұйқышыл. 
D) Терең. 
E) Жазғы. 
Дұрыс жауап: D

Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз. 
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім. 
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім. 
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім. 
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім. 
E) Заттың мезгіл-мекенге қатыстылығын білдіретін сын есім. 
Дұрыс жауап: С

Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз. 
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім. 
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім. 
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім. 
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім. 
E) Заттың сынын білдіретін сын есім. 
Дұрыс жауап: А

Жинақтық сан есімді табыңыз. 
A) Үш-үштен. 
B) Жиырма екі. 
C) Бесеу. 
D) Оннан үш. 
E) Жүз. 
Дұрыс жауап: C

Жинақтық сан есімге тән жұрнақты көрсетіңіз. 
A) -ыншы, -інші. 
B) -ау, -еу. 
C) -тан, -тен. 
D) -дай, -дей. 
E) -лық, -лік. 
Дұрыс жауап: B

Реттіксан есімге тән жұрнақты көрсетіңіз. 
A) -ыншы, -інші. 
B) -ау, -еу. 
C) -тан, -тен. 
D) -дай, -дей. 
E) -лық, -лік. 
Дұрыс жауап: A

Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз. 
A) Нешінші? 
B) Қанша? 
C) Нешеу? 
D) Қай шамасы? 
E) Нешеден? 
Дұрыс жауап: B

Топтау сан есімін көрсетіңіз. 
A) Үштің бірі. 
B) Жүзінші. 
C) Жетеу. 
D) Жүз-жүзден. 
E) Мыңдап. 
Дұрыс жауап: E

Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз. 
A) Он төртінші. 
B) Он төрт. 
C) Төрт-төрттен. 
D) Он-оннан. 
E) Оннан екі. 
Дұрыс жауап: B

Жинақтық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Бес жерде бес – жиырма бес. 
B) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. 
C) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 
D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 
E) Елу – ердің жасы. 
Дұрыс жауап: D

Дұрыс жазылған сан есімді табыңыз. 
A) Жиырмабес. 
B) 25 ке толды. 
C) 5 сынып. 
D) 8наурыз. 
E) 7-қазан. 
Дұрыс жауап: D

Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз. 
A) 23 қатар. 
B) 105-мектеп. 
C) 10 мектеп. 
D) X 
E) XX-ғасыр. 
Дұрыс жауап: В

Қате жазылған болжалдық сан есімді табыңыз. 
A) 1000-дап. 
B) 100-деген. 
C) Сағат 5-терде. 
D) 10 даған. 
E) Қырық-елу. 
Дұрыс жауап: D

Дұрыс жазылған топтау сан есімді көрсетіңіз. 
A) 10-оннан. 
B) 10-15 тен. 
C) 20-20-дан. 
D) Бес бестен. 
E) Жүз жүзден. 
Дұрыс жауап: С

Жіктеу есімдігін табыңыз. 
A) Мен. 
B) Сол. 
C) Мынау. 
D) Кім? 
E) Барлық. 
Дұрыс жауап: A

Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз. 
A) Сіз келесіз. 
B) Атаның баласы. 
C) Қалаға бару. 
D) Көзбен көру. 
E) Болат келді. 
Дұрыс жауап: A

Сұрау есімдігін көрсетіңіз. 
A) Бұлар. 
B) Қайсысы. 
C) Мұнымен. 
D) Біздікі. 
E) Сіздер. 
Дұрыс жауап: B

Өздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз. 
A) Сен кімсің? 
B) Өзің кел. 
C) Оны көру. 
D) Кім келеді? 
E) Олар барады. 
Дұрыс жауап: B

Болымсыздық есімдікті белгілеңіз. 
A) Әлдекім. 
B) Әлдеқалай. 
C) Ешқайсысы. 
D) Қайсыбір. 
E) Мүмкін. 
Дұрыс жауап: B

Белгісіздік есімдікті табыңыз. 
A) Бәріміз. 
B) Баршамыз. 
C) Біздің. 
D) Қайсыбіреу. 
E) Өзіміздің. 
Дұрыс жауап: D

Сілтеу есімдігін белгілеңіз. 
A) Он, алтау. 
B) Тақ, жүз. 
C) Үйде, кеште. 
D) Осынау, анау. 
E) Бүгін, кеше. 
Дұрыс жауап: D

Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз. 
A) Әркімдер. 
B) Бұған. 
C) Бәріне. 
D) Маған. 
E) Өздері. 
Дұрыс жауап: B

Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз. 
A) Олар, менмін. 
B) Кетір, оқыт. 
C) Соныңыз, мынауыңыз. 
D) Ақшыл, сенсің. 
E) Оған, маған. 
Дұрыс жауап: C

Жалпылау есімдігін анықтаңыз. 
A) Ана, мына. 
B) Ақылды, бәрі. 
C) Күллі, барша. 
D) Түгел, ақылды. 
E) Ата, сол. 
Дұрыс жауап: C

Дұрыс жазылған есімдікті көрсетіңіз. 
A) Еш кім. 
B) Еш қашан. 
C) Әр қалай. 
D) Кей шақта. 
E) Әр бір. 
Дұрыс жауап: D

Еш” сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз. 
A) Еш(кім). 
B) Еш(нәрсе). 
C) Еш(қайда). 
D) Еш(қандай). 
E) Еш(бір). 
Дұрыс жауап: В

Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз. 
A) Еш(нәрсе). 
B) Еш(уақыта). 
C) Еш(болу). 
D) Еш(қашан). 
E) Еш(адам). 
Дұрыс жауап: D

Туынды етістікті табыңыз. 
A) Аз. 
B) Жүр. 
C) Көмектес. 
D) Бар. 
E) Өт. 
Дұрыс жауап: C

Қайтті? Қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөз табын белгілеңіз. 
A) Зат есім. 
B) Етістік. 
C) Одағай. 
D) Үстеу. 
E) Есімдік. 
Дұрыс жауап: B

Етістік нені білдіретінін белгілеңіз. 
A) Заттың қимылын білдіреді. 
B) Заттың атын білдіреді. 
C) Заттың түрін білдіреді. 
D) Заттың санын білдіреді. 
E) Заттың көлемін білдіреді. 
Дұрыс жауап: A

Күрделі етістікті табыңыз. 
A) Алып берді. 
B) Кел. 
C) Айтты. 
D) Жайды. 
E) Көріп. 
Дұрыс жауап: A

Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Біз тыңдап отырмыз. 
B) Олар келе жатыр. 
C) Ол оқып отыр. 
D) Мен мектептен келдім. 
E) Ерік әдебиет оқып отыр. 
Дұрыс жауап: D

Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Арман сабақ оқып отыр. 
B) Балалар мектепте отыр. 
C) Сен кешке кел. 
D) Ол келмеді. 
E) Сізді көрдім. 
Дұрыс жауап: A

Түбір етістікті табыңыз. 
A) Келтір. 
B) Барғыз. 
C) Жи. 
D) Көбей. 
E) Басқар. 
Дұрыс жауап: C

Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз. 
A) Оқы, көр. 
B) Жасар, бірік. 
C) Кір, шық. 
D) Жүрді, тұрады. 
E) Тұрды, отыр. 
Дұрыс жауап: B

Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз. 
A) Қарай. 
B) Түне. 
C) Ұшар. 
D) Ұзама. 
E) Көр. 
Дұрыс жауап: B

Негізгі етістікті анықтаңыз. 
A) Боса. 
B) Түне. 
C) Ойна. 
D) Қой. 
E) Ескер. 
Дұрыс жауап: D

Болымсыз етістіктерді көрсетіңіз. 
A) Ешкім, әлдене. 
B) Оқыма, ішпе. 
C) Жетінші, үш. 
D) Оқыған, келген. 
E) Сегіз, төртке. 
Дұрыс жауап: В

Болымсыз етістікті белгілеңіз. 
A) Көрме ашылды. 
B) Көрме досыңнан. 
C) Немереме беремін. 
D) Бөлменің есігі. 
E) Есіме оралды. 
Дұрыс жауап: В

Ырықсыз етісті табыңыз. 
A) Айтқыз. 
B) Жуынды. 
C) Орылды. 
D) Жіберді. 
E) Айттырды. 
Дұрыс жауап: С

Ортақ етісті көрсетіңіз. 
A) Алысты. 
B) Жазылды. 
C) Емізді. 
D) Керілді. 
E) Жаздырды. 
Дұрыс жауап: А

Тұйық етістікті табыңыз. 
A) Қуу. 
B) Бау. 
C) Сау. 
D) Жау. 
E) Қау. 
Дұрыс жауап: А

Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз. 
A) Бүгін. 
B) Ретімен. 
C) Тосыннан. 
D) Бұлақтайын. 
E) Ақмола. 
Дұрыс жауап: A

Туынды үстеуді табыңыз. 
A) Ақырын. 
B) Бұрын. 
C) Жорта. 
D) Жоғары. 
E) Сұңқардайын. 
Дұрыс жауап: E

Туынды үстеуді белгілеңіз. 
A) Адамша. 
B) Қазір. 
C) Кеш. 
D) Ерте. 
E) Ақырын. 
Дұрыс жауап: A

Негізгі үстеуді атаңыз. 
A) Адамша. 
B) Осылай. 
C) Қыстай. 
D) Бірге. 
E) Жылдам. 
Дұрыс жауап: E

Көнелену арқылы жасалған үстеуді атаңыз. 
A) Осыншама. 
B) Бірге. 
C) Бұлақтайын. 
D) Тездеу. 
E) Кешірек. 
Дұрыс жауап: B

























Сынып жиналысы

Хаттама

«20» сәуір 2016ж Қ.Мұхамеджанов атындағы

№1 мектеп-гимназия

8 «А»сыныбы



Қатысуға тиісті – 26Қатысқаны – 26



Күн тәртібінде: Емтихан,емтихан тапсыратын пәндер туралы.



Тыңдалды:

Сынып жетекші Жубанова Лаззат оқушыларға оқу жылы аяқталғаннан кейін сыныптан сыныпқа көшу үшін тапсыратын емтихан туралы айтты. 2015-2016 оқу жылында «Үздік» оқыған оқушылар емтиханнан босатылады.Қалған екпінді және орташа оқитын оқушылар міндетті емтихан тапсырады. Сынып оқушылары бірінші пәнге қазақ тілін таңдады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Баймаханова Назым сөз алып бұл таңдауларын қолдайтынын білдіріп,емтиханға дайындықты күшейту керектігін айтты.Екінші емтиханға тарих пәнін оқушылар таңдады.Тарих пәнінің мұғалімі сөз алып әлі де білімді жетілдіріп,тарих пәнінен емтиханға дайындалу керектігін айтты.

Сыныптағы Абдикариова Жұлдыз, Кішкенбаева Аида атты оқушылар ағылшын сабағын жақсы көретіндіктерін және одан емтихан тапсырғысы келетінін айтты. Оқушылардың дауыс беруі арқылы сынып оқушыларының басым көпшілігі қазақстан тарихы пәнін қолдады. Сынып жетекші емтихан күндері емтиханға кешікпеу,тыныштық сақтау,қосымша сабақтарға келу туралы айтты.



Осы мәселелерді тыңдай және талқылай келе қаулы қабылданды.

Қаулы:

  • «Үздік»оқитын оқушылардан басқалары емтихан тапсыруға уақыты келсін.

  • Емтиханды қазақ тілі мен қазақстан тарихы пәндерінен тапсырсын.





Хатшы: Жубанова Лаззат

Қ.Мұхамеджанов атындағы № 1 мектеп-гимназиясының 8 «А» сыныбында өткен сынып жиналысының


ХАТТАМАСЫ



Мерзімі: 20 сәуір 2016жыл





Қатысуға тиісті – 24

Қатысқаны – 24



Күн тәртібінде:

  • Сыныптан сыныпқа көшу емтиханының өткізілуі.

  • Емтихан тапсыратын пәндер.



Тыңдалды:

Сынып жетекші Әбдіқожаева Назерке оқушыларға оқу жылы аяқталғаннан кейін сыныптан сыныпқа көшу үшін тапсыратын емтихан жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 2015-2016 оқу жылында «Үздік» оқыған оқушылар емтиханнан босатылады. Екпінді және орташа оқитын оқушылар міндетті емтихан тапсырады. Сынып оқушылары бірінші пәнге қазақ тілін таңдады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әбдіқожаева Назерке сөз алып бұл таңдауларын қолдайтынын білдіріп,емтиханға дайындықты күшейту керектігін айтты. Екінші емтиханға биология пәнін оқушылар таңдады.Оқушылардың дауыс беруі арқылы сынып оқушыларының басым көпшілігі биология пәнін қолдады. Сынып жетекші емтихан күндері емтиханға кешікпеу келу,тыныштық сақтау,қосымша сабақтарға келу туралы айтты.



Осы мәселелерді тыңдай және талқылай келе қаулы қабылданды.

Қаулы:

  • «Үздік»оқитын оқушылардан басқалары емтихан тапсыруға уақытылы келсін.

  • Емтиханды қазақ тілі мен биология пәндерінен тапсырсын .



Хатшы: Н.Б.Әбдіқожаева


12 сәуір ғарышкерлер күніне орай өткізілген «Қазақстан – ғарыш әлемінде» тақырыбындағы сурет көрмесінің



АНЫҚТАМАСЫ




Ағымдағы жылдың 2-8 сәуір күндері, Қ. Мұхамеджанов атындағы № 1 мектеп-гимназиясында «Қазақстан – ғарыш әлемінде» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі болып өтті. Көрменің мақсаты:оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту, еліміздің мақтаныштары қазақ ғарышкерлерімен таныстыру, оқушыларға ғарышкерлер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбекқор адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу. Оқушыларға еліміздің ғарышкерлері, жалпы ғарышкерлер тарихы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар сурет көрмесіне аса белсенділікпен қатысты. Өздерінің плакаттарына түрлі мағыналар бейнеленген суреттерін салып, көрмеге көрсетілді. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Орманова Ақбаян мен «1мектеп-гимназия» бастауыш партия ұйымының хатшысы Әбдіқожаева Назерке оқушылардың жұмыстарын сараптай отырып, орындар тағайындады.

І орын – 5 «А» сыныбы

ІІ орын – 6 «Г» сыныбы

ІІІ орын – 7 «А», 6 «А» сыныбы

Апта соңында көрмеге қатысушыларды ынталандыру мақсатында оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.

















































Бекітемін:

Сабақ жоспары

Күні:21.04.2016ж

Сыныбы: 6 «В», «Г»

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» Әңгіменің композициялық құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіме мазмұнын меңгеру, әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасау, әңгіме кестесін құрғызу
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, қиындыққа төзуге үйрету тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушыларға шығармашылық талдау жасатып, өз ойларын пікірлерін жеткізе, дәлелдей білуін, әдеби тілін, ойын дамыту.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ауызша тіл дамыту, сұрақ - жауап, әңгіме кестесін құру, әңгіме композициясына талдау

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу түгендеу
Сынып тазалығына мән беру
Б) Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару
Психологилық дайындық
- Бүгінгі сабақ
- Оқу, білу салауат
- Бүгінгі мақсат
- Ұғыну, ұғу ұлағат
- Бүгінгі тәрбие
- Отанға деген махаббат

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесін оқып келуге берілген болатын. Оқушылар әңгіме мазмұнын баяндайды.
Қосымша сұрақтар
- Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?
Ала қырдың үстінде, тастау жүлгенің терістігінен
- Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?
Үш күндік жердегі құлама өрнектен
- Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?
Інісі Теңсел
- Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?
- Ол неге қуанды?
- Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?
- Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екеуін қоссақ он саусақ.

ІІІ. Шығармашылық талдау жасау
1. Әңгіме кестесін құру
Р/с ------- Тақырыбы ------ Идеясы ------ Қорытынды ------ Кейіпкерлері

2. Шығарма құрылымына талдау жасау (композициялық құрылымына талдау жасау)
Басталуы Еңсепке Байсал байдың өтініші
Байланысуы: Еңсептің құдық қазуына кірісуі
Шарықтау шегі: Құдықтың тереңдей түсуі
Шиеленісуі: Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуі
Қорытынды: «Еңсеп өлген атанған шыңырау»
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
- Қандай тастардың түрлері аталады?
(шеген тастар, сұр тас, қылауытқан тас, тастақ тал, сандық тас, сар кемік тас, тоқаш тастар, көк тас, қиыршық тас, шығар тастар)

ҮІІ Бағалау
Мадақтау әдісі бойынша бағалау

ҮІІІ Үйге тапсырма

















Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіме мазмұнын меңгеру, әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасау, әңгіме кестесін құрғызу
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, қиындыққа төзуге үйрету тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушыларға шығармашылық талдау жасатып, өз ойларын пікірлерін жеткізе, дәлелдей білуін, әдеби тілін, ойын дамыту.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ауызша тіл дамыту, сұрақ - жауап, әңгіме кестесін құру, әңгіме композициясына талдау

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу түгендеу
Сынып тазалығына мән беру
Б) Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару
Психологилық дайындық
- Бүгінгі сабақ
- Оқу, білу салауат
- Бүгінгі мақсат
- Ұғыну, ұғу ұлағат
- Бүгінгі тәрбие
- Отанға деген махаббат

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесін оқып келуге берілген болатын. Оқушылар әңгіме мазмұнын баяндайды.
Қосымша сұрақтар
- Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?
Ала қырдың үстінде, тастау жүлгенің терістігінен
- Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?
Үш күндік жердегі құлама өрнектен
- Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?
Інісі Теңсел
- Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?
- Ол неге қуанды?
- Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?
- Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екеуін қоссақ он саусақ.

ІІІ. Шығармашылық талдау жасау
1. Әңгіме кестесін құру
Р/с ------- Тақырыбы ------ Идеясы ------ Қорытынды ------ Кейіпкерлері

2. Шығарма құрылымына талдау жасау (композициялық құрылымына талдау жасау)
Басталуы Еңсепке Байсал байдың өтініші
Байланысуы: Еңсептің құдық қазуына кірісуі
Шарықтау шегі: Құдықтың тереңдей түсуі
Шиеленісуі: Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуі
Қорытынды: «Еңсеп өлген атанған шыңырау»
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
- Қандай тастардың түрлері аталады?
(шеген тастар, сұр тас, қылауытқан тас, тастақ тал, сандық тас, сар кемік тас, тоқаш тастар, көк тас, қиыршық тас, шығар тастар)

ҮІІ Бағалау
Мадақтау әдісі бойынша бағалау
ҮІІІ Үйге тапсырма

























 Жалғаулық шылаулар.

Сабақтын мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және жалғаулық шылаулар жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.

  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Дәптерлерін алмастыру.

  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Жалғаулық шылаулар» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде)байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірац, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондъщтан,сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас қүрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

  1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: м.ен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да
    (де, та, те), және, әрі.

  2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірац, алапда, дегенмен, әйтпесе,
    әйткенмен, сонда да.

  3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

  4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондыцтан, т. б.Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкескеледі.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 328-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Жалғаулықтарды тауып, олар қандай сөздерді және сөйлемдерді байланыстырып тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 329-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Жалғаулықтардың мағыналық қатынасын, қызметін анықтап, да, де, мен шылауларын септік жалғаулармен салыстырыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 330-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өз
    беттеріңмен оқып шығып, септеуліктер мен жалғаулықтарды табыңдар. Олардың мағыналық

қатынастары мен кызметтерін талдау арқылы бір-бірімен үқсастығын және айырмашылығынкөрсетіңдер. Әңгімеге ат қойыңдар

















Септеулік  шылаулар

Сабақтың мақсаты:

                                    Білімділік: септеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру.

Өзге сөз  таптарынан ерекшелігін таныту, кейбір ұқсас

формаларын ажырату жолдарын    түсіндіру. Теориялық білімді

практикада қолдана білуді дамыту.

                                     Дамытушылық:өтілген теориялық ұғымды практикада

қолдана  білуге үйрету,оқушыларды білімді, ақылды, өнегелі

тұлға етіп тәрбиелеу. Эстетикалық өнегелі  ортаны

қалыптастыру.

                                     Тәрбиелік: тілдің   құдіретін сезіндіру, берілген материалды

тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділіктері мен

шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.

Сабақтың типі:       дәстүрлі

Сабақтың түрі:       аралас сабақ

Сабақтың әдісі:       іздендіру, түсіндіру, СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: : тақырыпқа байланысты слайдтар,үлестірмелер.

Тех.құрал-жабдық: мультимедиялық  тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,музыка

Сабақтың барысы :   І  Ұйымдастыру  бөлімі

ІІ  Үй тапсырмасын   сұрау

ІІІ  Үй  тапсырмасын қорыту

1.Шылау.Шылау сөздер туралы түсінік

  1. 349 –жаттығу

Тақтамен жұмыс   Үлестірме қағаз

1.Шылауды тауып,астын сызыңдар.Матеметикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме бер.

Киіз үй көшкенде қолайлы,өйткені  ол – жиналмалы.

  1. Шылауды тауып, мақалдың мағынасын ашу, сөз табына талдау.

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін арпалыс, өлмейсің.

Үй тапсырмасын қорыту. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» сұрақтар арқылы қорыту

1.Шылау дегеніміз не?

2.Шылаудың неше түрі бар?

3.Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

Абай Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіне назар аударайық. (Бір оқушы оқиды.)

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды,ертегіні термек үшін,

Көкірегі  сезімді,тілі орамды,

Жаздым  үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тақсыр ұқпас,талапты ұғар,

Көңіліңнің көзі ашық,сергек үшін.

  • Өлеңде Абай ақындық өнер еріккеннің ермегі емес,ол-қоғамды түзетуші ұлы күш деп қарады.Өлеңдерінде жастарды өнер-білімге шақырды. Білім адамды қараңғы қапастан жарық әлемге алып шығады. Кемеңгер Абай да өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде бұл тақырыпқа жиі тоқталады. Ол ақылды, білімді болу ұғымын адам болу,толық адам деген сөздермен белгілейді.
    — Өлеңнен жеке тұрғанда өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тауып көрейік.
    — Бұл өлеңде үшін  деген лексикалық мағынасы жоқ сөздер бар.
    —  Дұрыс, бұлар – шылау сөздер.Оның ішінде септеулік шылау.

V. Жаңа сабақ.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау 

Септеулік шылау
Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.

Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті. (Ғ. М.) Мысалдағы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті деген   баяндауышпен    амалдық қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр)(телефон қай септікте   тұр?-атау септік)

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. (А) (үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттыққатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр)

Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым.(Ә.Ә) (сайын септеулігі жиналыс сөзін қақсадым етістігімен мезгілдік катынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр)

Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.( дейін шылауы түске сөзін хат жібердік дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр).

(түске дейін сөзі қай септікте тұр? Барыс септік)

Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы. (Ғ. Мұст.)( кейін шылауы жұмыстан сөзін жан тыныс дегенменмезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр).(жұмыстан кейін сөзі қай септікте тұр? Шығыссептік)
Мен әкеммен 
бірге кешке шейін жұмыс істедім. (әкеммен бірге сөзі қай септікте тұр? көмектес септік)

Ереже шығару

Септеулік шылаулар – белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп,оған қосымша(мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т.б ) мән үстеп , оны екінші сөзбен сабақтастыра ( бағындыра) байланыстыратын шылау түрлері  септеулік шылаулар септеуліктер деп те аталады.

Мысалдармен берілген кесте.

 Септіктер

 Септеулік   шылаулар

                  Мысалдар

Атау   септіктегі сөзбен   тіркесетін септеуліктер

арқылы, жайында, (жөнінде, туралы), үшін, сайын, тәрізді , сияқты,(секілді, сықылды).


Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, зымыраған поезд көрдей қараңғы түнге сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті.  (С. М.)Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктердейін , шейін, таман , қарай, салым, жуық, тарта,қарай.

Мен айтқанға дейін,ол жазып бітірді.Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктеркейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі.

Қорғана жүрерлік күнәсі болмаған соң, кеудесін жоғары ұстап келе жатыр. (Ғ. М.).Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерқатар , қабат, бірге, қоса.

Менімен  бірге үйірмеге барасың ба?

 

Септеуліктер орыс тіліндегі «предлогтар» деп аталатын көмекші сөздерге жақын.

Септеулік шылаулар атау , барыс, шығыс, көмектес септік тұлғасындағы зат есім , есімдік, заттанған сөздермен ( сын есім, есімше, тұйық етістік, т,б ) тіркесіп келіп,оларды екінші сөзбен сабақтастыра байланыстырады. Мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады.

VІ   Жаңа сабақты бекіту

 «Артық білім – кітапта»  Оқулықпен жұмыс

351 — жаттығу

Септеулік шылаулардың қай сөз табына тіркесіп,қандай мағына беріп тұрғанын талдаңдар.

1.Қонғаннан бері  – бері шылауы қон етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Қонғаннан бері шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

Кеш сайын-сайын шылауы кеш зат есімді сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Кеш сайын   атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

2.Жәрмеңкесінен кейін— кейін шылауы жәрмеңке зат есімді сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Жәрмеңкесінен кейін шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .

 

Оқып болғаннан кейін— кейін  шылауы болған етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Оқып болғаннан кейін  шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

3.Нөкерімен бірге— бірге  шылауы нөкер зат есімді сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Нөкерімен бірге көмектес  септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

4.Биеге қарай— қарай шылауы бие зат есімді сөз табымен тіркесіп,мекендік мағына беріп тұр. Биеге қарай барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

5.Шығардан бұрын -бұрын шылауы шығар  етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Шығардан бұрын   шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .

 

Әкелгеннен кейін— кейін  шылауы әкел етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Әкелгеннен кейін   шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

Көпке дейін-дейін шылауы көп үстеу сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Көпке дейін  барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

Қамысқа қарай— қарай шылауы көп қамыс зат есім сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Қамысқа қарай   барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

Адам сияқты-сияқты шылауы адам зат есімді сөз табымен тіркесіп,амалдық қатынаста байланыстырып тұр. Адам сияқты атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .

352 – жаттығу

Септеулік шылауларды  тауып,олардың қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар.

Өткен(нен)  соң –шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

Шыңғысқа қарай –барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр(-қа барыс септігі)

Тобықтыға қарай- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

Басқан сайын-атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.(бас-қан есімше есімдерше түрленіп,есім қызметін атқарып тұр.яғни басқан сайын  атау септігінде тұр)

Жүзге тарта- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

Содан бері- шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

Аяғына шейін- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

 

Үйдің ығына қарай- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.(-ық-түбір,-н табыс септігі,-а барыс септігі.

 

Отырған сияқты едім- атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

Себумен қабат- көмектес септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

Көмір тапқаннан кейін- шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

Балқашқа дейін— барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.

«Ойлан, тап»

Бірде шылау,бірде үстеу қызметінде қолданылатын септеулік шылауларды ажырат.

Бұдан әрі оның сөзін  ести  алмадым.(ш)

Әрі жығыл десең,бері жығылады.(ү)

Содан бері оны көрмедім.(ш)

Оны бұрын көрмеген екен. (ү)

Оның ойын   кейін білдім.(ү)

Одан бұрын хабарды жеткізіпті. (ш)

Бірге жатқан момындарға  күн көрсетпейді(ш)

 

 «Суретті тапсырма» Суреттің орнына сөз, сызықтың орнына шылау қойып жазу.Ғарышкер тақырыбын алуым керек.(ауызша орындат)1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылықазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия,  медицина салаларысонымен қатар Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесінен кейін сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.

1991 жылы 10 қазанда Жергеоралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы  ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге,әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

«Бұл кім?» сергіту сәті

Әдеби кейіпкер.

Футбол командасының капитаны

Өзін көпшілікке таныстырады.

Ол жақсы оқиды, бірақ тентек.

Оқулығы сай бала, көңілі жай бала.

-Дұрыс , балалар. Әрине, бұл «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаберген екен.

Қожаның тапсырмалары.

Мына сөйлемдерден шылауларды тауып, септеулік шылауларға ажырат. Кімнің сөзі?

-Қадыров ,сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз,білесің бе?-деді (Ахметов)

-Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.(Қожа)

-Мен үшін сенің адам болғаныңнан  артық  ешқандай бақыт жоқ,-деді  (мамасы)

Өзіңе дейін неше оқушы қалғанын ,сенен қашан сұрауы мүмкін екенін біліп отырасың.(Қожа)

 353-жаттығу. Шығармашылық тапсырма орындаймыз.Септеулік шылауларды  қатыстыра отырып, «Досым туралы »атты шағын әңгіме

«Біліміңді байқап көр»

 Сөйлемдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жаз.

Ғылыми еңбек жазу үшін ,көп іздену керек.Ұлы отан соғысына дейін кен институтын бітірген жас маман Қарағанды қаласына қызметке жіберілді.Өткен ғасырға дейін садақты аңшылық кезінде пайдаланған.Театр жыл сайын Халықаралық Театр күніне орай өз фестивалін ұйымдастырды. Осы биылға шейін өмірім өзенің ағын суындай бір арнамен аға берген. Орысша жақсы білетін сияқты.Тезек бықсып жанбаған соң,келіншек үрлеп отты жандырды.

Керекті шылаулар: сайын, дейін шейін, соң ,сияқты,үшін(шылаудың орнына көп нүкте қой)

 

«Жұмбақ сұрақ»

  1. Толық мағыналы сөзден бұрын тұрса – сын есім, кейін тұрса – шылау(ақ)

  2. Екі сөзден құралған шектік демеуліктің бірі – одағай, бірі – үндескен демеулік. Ол    қай сөз? (тек қана)

  3. Сан есім мен сын есімнен құралған шылау. Шылаудың қай түрі? (бірақ)

  4. Сөйлемді қолдайды,

Бірақ өзі бар ғой

Сөйлем мүшесі болмайды (шылау)

 

VІ   Жаңа  сабақты  қорыту

«Ашық сабақта» Тірек сөздер (септік , қосымша мән,сабақтастыра  байланыстыру,сөз тіркесі) арқылы қорыту

YIІ   Үйге тапсырма беру.

354-жаттығу. Көркем шығармадан әрі,бері,кейін,бұрын сөздерінің бірде шылау,бірде үстеу қызметінде қолданылатын жайларына 8 сөйлем жазыңдар.

 

YІIІ  Білімдерін бағалау



































Бекітемін:

Сабақ жоспары

Күні:8.04.2016ж

Сыныбы:5 «А»

Тақырыбы: Сөз екпініне жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:Сабақтың түрі: Өткен сабақты қайталау.
Сабақтың әдісі: СТО әдістері , ақпараттық технологиялар, проблемалық – ізденіс әдісі, ойын элементтері.
Жұмыс түрлері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, компьютер, тестерлер, кестелер, А. Құнанбаевтің портреті, оқулық.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет ( А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы) Бейнелеу өнері (портрет)
Сабақтың барысы
1. Қызығушылықты ояту: /2 - 3/ минут
a) Сәлемдесу
ә) Сынып оқушыларын түгелдеу

  1. «Көңілашар»ойыны
    Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,
    Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
    Айдарымнан сипап өткен самалды,
    Қазағымның алақаны деп білем.
    Қайда жүрсең атамекен,
    Көкейіңде жатады екен.
    Күннің көзі қимай оны,
    Ұясына батады екен.
    Осылайша сыныпты үш топқа бөліп аламын.

    2. Сыныппен жұмыс: Психологиялық дайындық: «Өрмек» ойыны арқылы жүзеге асырылады. Онда оқушылар бір - біріне жіпті ұсына отырып, сабаққа, бүгінгі күнге жақсы тілек, сәттілік тілейді.

    3. Проблемалық жағдай. Тақтадан екпін дұрыс қойылмаған сөздерді көрсетемін. (Оқушы екпіннің дұрыс қойылмағанын өзі анықтауы керек.)
    Тәлім - тәрбие, ата - ана, естіп алды, тыңда, көрсет, көп сөйледі. Дұрысын айтады.
    - Ендеше балалар екпін бізге не үшін қажет?
    - Дұрыс сөйлеу үшін
    - Жақсы, ал екпін туралы не білеміз?



  2. 4. Екпін ассоциация құрау

    II. Мағынаны тану
    I. «Білімділер» сайысы
    1. Тақтадан А. Құнанбаевтың суреті көрсетіліп кім екені сұралады
    2. ББҮ стратегиясы арқылы үш жақты күнделік толтырады.
    Білемін Білгім келеді Үйрендім

    Әуелі өз білгендерін, білгісі келетіндерін толтырады, жаттығуды орындағаннан кейін үйренгендерін жазады.
    3. Енді, балалар біз А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білгенімізді ортаға салдық, қазір кітабымыздың 153 - бетіндегі 348 - жаттығуға назар аударайық.
    (Оқушылар жеке - жеке орындарында оқиды, сосын жұптасып талдап, содан соң топқа жиналып «үйрендім» жолын толтырады)

    4. Тақтамен жұмыс. Ә - леу - мет - тік, қи - ял, жү - йе - лі, мей - ір - ім - ді сөздерін тақтаға шығып, буынға бөліп жазу керек.

    Сергіту сәті:
    Қазақтың бас ақыны
    Жазушы
    Жазба әдебиетінің негізін қалаушы
    Адам
    Әділет

    (слайд арқылы көрсетіп, бір слайд сайын сөздерін алып тастап отырамын)

    III. Ой - толғаныс
    1. Мен Абай атаммен кездессем... (эссе жазады)
    ..................................................................................
    (Оқушының әр жұмысы жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышты жетондар арқылы бағаланады)
    Мына жұмбақтың шешуіндегі өзгешелікті түсіндір.
    К - дан бастап оқысақ,
    Құс атауы қарашы.
    Е - ден бастап оқысақ,
    Жалқау бала бағасы./кекілік, екілік/екпін қай буынға түсіп тұр?
    2. Екінші буыным қайда?

    ( Әр топ жетондар арқылы бағаланды )
    3. Тақырыпқа байланысты тест жұмысын алу компьютерде тест жауабы және қай оқушының дұрыс жауап бергені шығып тұрады

1 Фонетиканың зерттейтін саласы?
А) тіл дыбыстары
Б) сөздер
В) сөз тіркестерін
2 Тіл қатынасына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік
Б) жуан, жіңішке
В) ашық, қысаң
3 Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 3
В) 4
Б) 2
4 Екпін деген не?
А) фонетикалық құбылыс
Б) сөздердің жазылуы
В) дыбыстардың жазылуы
5 Сөз екпіні деген не?
А) бір дыбыстың ерекше айтылуы
Б) бір ойдың ерекше айтылуы
В) бір буынның көтеріңкі айтылуы
6 Тіркес екпінінің басқа екпіндерден ерекшелігін көрсет?
А) бір ойды басқа оймен салыстырады
Б) бірнеше сөз тізбектеліп келіп бір екпінге ие болады
В) сезім бір сөз арқылы жетеді
7 Дыбыс екпіні қалай жасалады?
А) дыбыс арқылы
Б) сөз арқылы
В) сөз тіркестері арқылы
8 Сөйлемнен ой екпіні түсіп тұрған тіркесті тап. Апасы бүгін қалаға кетті
А) бүгін кетті
Б) апасы бүгін
В) қалаға кетті
9 Сөйлемде екпін қай буынға түседі?
А) бірінші буынға
Б) екінші буынға
В) соңғы буынға
10 Ура, алақай, жаса сөздері екпіннің қай түріне жатады?
А) тіркес екпіні
Б) дыбыс екпіні
В) ой екпіні

IV. Оқушыларды бағалау:

V. Үйге тапсырма: Деңгей бойынша тапсырмалар беру
1 - деңгей
Абайдың «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу
2 - деңгей
«Жазғытұры» өлеңінен ой екпінін тауып белгілеу
3 - деңгей
«Мен екпінмін» эссе жазу























































































































Бекітемін:

Сабақ жоспары

Күні:12.04.2016ж

Сыныбы: 6 «В», «Г»

Сабақтың тақырыбы: М. Мағауин. «Бір атаның балалары» әңгімесіндегі кейіпкерлеp бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік; әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау;
Дамытушылық; оқушы қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, ойын нақты жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік; адамгершілік, қайырымдылық, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді нақтылау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтау, талдау, салыстыру.
Көрнекілігі: жазушы портреті, кітаптары, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жазушы М. Мағауиннің әр жылдары жазған еңбектеріне шолу
2. Кестені толтыру
Авторы Шығарманың аты Оқиғасы
М. Мағауин «Бір атаның балалары» Соғыс кезі. Қиыншылық. Күйзеліс. Жетім балалар.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен үзінді Кімнің сөзі?
- Ал, ағайын, тегіс жиналсақ, сөзіме құлақ сал.
- Неміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә.
- Менің ағам әлі тірі.
- Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау.
басқарма
Ахмет
Конақ бала
Дәуренбек
Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру.
Кейіпкерлер Іс - әрекеттері Мінездеме
Ахмет Зигфридті таңдайды, ат қойып, той жасайды, бағады, тәрбиелейді. Адал, балажан, қонақжай, еңбекқор, мейірімді, парасат - ты, ақылды кісі.
Зигфрид Тез тіл табысады, тіл үйренеді, еңбекке араласады. Тіл алғыш, пысық, көпшіл, ақылды, жайдары, бауырмал, кекшілдігі жоқ.
Дәуренбек Сақтандырады, таяз ойланады, қыңыр сөйлейді. Қыңыр, ашушаң, өр мінезді.
Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастыру
Салыстыру
Соғыс кезіндегі балалар өмірі Біздің замандастарымыз
Осы шығармадағы кейіпкерлер әлемі сендерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар, повестің атауы дұрыс таңдалған ба? Зигфридтің тағдыры арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады?
Ой - түйін; достық, татулық туралы мақал - мәтел айту.
Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие аламын?
Оқулықпен жұмыс
Мәтіннен тұрақты тіркес, мақал - мәтел, бейнелі сөздерді табу.
Тұрақты тіркестер Мақал - мәтел Теңеу сөз, портрет
ІV. Сабақты бекіту
Тест тапсырмалары
1. Балаларды ауылға не үшін алып келді?
а) жұмыс үшін; 
ә) соғыс болғандықтан; 
б) жетім қалғандықтан.
2. Бригадир Берден қай баланы алды?
а) Нартайды, 
ә) Ертайды, 
б) Яковты.
3. Сол ауылдан соғысқа қанша азамат қатысты?
а) 43; 
ә) 52; 
б) 39.
4. Нартайды кім алды?
а) Бригадир; 
ә) Берден; 
б) Жақып молда.
5. Ауыл бойынша ойнаған ойын атауы?
а) « Көкпар»; 
ә) «Айгөлек»; 
б)»Сақина салу»
6. Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде, Ахметпен жанжалдасқан кім?
а) Басқарма; 
ә) Дәуренбек; 
б) Бәйбішесі.
7. Ахмет қай ауылға көшті?
а)»Қызыл ту»; 
ә) «Қайрат»; 
ә) «Балдырған».
8. Ахмет пен Зекен арасындағы ұқсас қасиеттер?
а) бұзықтық; 
ә) ширақ; 
б) адалдық.
5. Білімді бағалау.
V. Үйге тапсырма: Зигфридке хат жазу.
VІ. Қорытынды: Достығымыз жарасқан













































.ІІІ тоқсан бойынша 5-7 сынып оқушыларының жазба жұмыстарының нәтижесі,білім деңгейі



Сыныбы

5 «а»

5 «ә»

5 «б»

5 «В»

5 «г»

барлығы

Оқушы саны

20

24

24

24

24

116

«5»

14

10

12

12

5

53

«4»

5

11

9

5

10

40

«3»

-

-

1

4

5

10

«2»

-

-

1

1

-

2

Білім сапасы

100%

100%

79%

77%

75%

80%

Үлгерім сапасы

100%

100%

91%

95%

100%

88%



Сыныбы

6«а»

6 «ә»

6 «б»

6«В»

6«г»

барлығы

Оқушы саны

25

30

25

25

21

126

«5»

1

11

9

15

8

44

«4»

14

14

9

7

6

50

«3»

9

4

7

3

6

29

«2»

-

-

-

-

-

0

Білім сапасы

60%

83%

72%

88%

70%

74%

Үлгерім сапасы

100%

100%

100%

100%

100%

100%



Сыныбы

7«а»

7«ә»

7 «б»

7 «В»

7«г»

барлығы

Оқушы саны

25

25

24

16

24

114

«5»

8

9

10

4

5

36

«4»

14

11

9

4

10

48

«3»

3

4

3

7

8

25

«2»

-

-

-

-

-

0

Білім сапасы

88%

80%

79%

53%

65%

73%

Үлгерім сапасы

100%

100%

100%

100%

100%

100%



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2018
1462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12