Материалдар / "Сыр мен сымбат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сыр мен сымбат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал озге ұстаздарға ерек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2018
649
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мерзiм: 19.10.16

Тақырып: Сыр мен сымбат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сұлулық, жақсы көру, аялай білу, мейірімділік, адалдық

Мұғалiм: Хожабаева Жаңылсын

Сыныбы: 7

Оқушылар саны: 19

Сабақ мақсаты: Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

1. Оқушыларға сұлулық ұғымын түсіндіру.

2. Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге, жақсы көруге үйрету.

3. Оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,топқа бөлу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

Тыныштық сәті. Нұрға бөлеу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Үй тапсырмасы:

1. «Сұлулық» деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

2. Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінісіңдер?

3. «Адамның ішкі сұлулығы дегенді қалай түсінеміз?

Дәйексөз.

«Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс».

А.П. Чехов

Сұлулық туралы аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты.

Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.

Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетіңнің құны көк тиын.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  1. Тапсырма «Жалғасын тап»

  2. Тапсырма «Табиғат сұлулығы» тақырыбына постер қорғау

1-топ «Ниет»

2-топ «Қайрат»

3-топ «Жүрек»

Топпен ән айту. «Сыр сұлуы»

Жайраңдап жазда ағатын еді

Есімде қайран Сыр сұлу

Таңертең сонда баратын еді

Толқынға құмар бир сұлу

Қайырмасы:

Аңсатса Сыр өңірі

Ән тербер жүрегімді

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың



  1. Тұрғандай қарап толқынды Сырға

Бір сұлу әсем жан сыры

Сәуле боп ойнап жатқандай суда

Көзінің ерке жарқылы

Қайырмасы:



  1. Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан

Толқынды шашын күн қағып

Қала ма қарап жағада тұрған

Күріштің басы ырғалып

Қайырмасы:



  1. Сыр бойы түгел сол қызды мақтап

Жігіттер әнін шертеді

Тізілген тісі күріштен аппақ

Сырдан да жаны ерке еді

Қайырмасы:



Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

Үй тапсырмасы.

«Сыры мен сымбаты келіскен адам әрдайым да табиғаттың сұлулығын сезіне, көре білуі қажет» (пікір жазу)

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

—        Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әр уақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Осы сабақтан алған әсерлерімізді стикерге жазып білім ағашына жабьыстырайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!