Материалдар / Сыр сұхбат бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыр сұхбат бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
сыр сұхбат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2018
3874
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шалқар ауданының «Оқушылар Сарайы» ММ













Сыр-сұхбат бағдарламасы

(сыныптан тыс жұмыс)









«Сырлы бояу» дизайн үйірмесінің жетекшісі: С.С.ШЕШЕБАЕВА











Шалқар қаласы

2016-2017 оқу жылы.

«Cыр - сұхбат» бағдарламасы

  1. Қонақты қабылдау (бүгінгі сарайдың тыныс-тіршілігімен таныстыру)

  2. Кіріспе сөз (қонақты таныстыру)

  3. Видеоролик

  4. Сұрақ-жауап

  5. Тапсырма

  6. Сұрақ – жауап

  7. Психолог тапсырмасы

  8. Сөз директор

  9. Қорытынды


Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті көрермендер! Сыр-сұхбат бағдарламасына қош келдіңіздер! Балалар көңіл –күйлеріңіз қалай?

Бағдарламамыздың құрметті қонағын асыға күтіп отырған боларсыздар. Бүгінгі кейіпкерімізді сіздерге жасырамын. Мен сіздерге аз ғана көмек беремін. Өздеріңіз тауып көріңіздер. Олай болса мұқият тыңдаңыздар. Шалқар аудандық көркемсурет лицейінің басшысы, қарапайым жайдары мінезді ағай. Бәрекелді балалар! Олай болса «Сыр-сұхбат» бағдарламасының құрметті қонағы Төлеубаев Дәулетжан Бақытжанұлын ортаға қошеметпен шақырамыз!!! Саламатсыз ба? Қош келдіңіз! Көңіл-күйіңіз қалай? Шақыртуымызды қабыл алып, алтын уақытыңызды бөліп келгеніңіз үшін сізге үлкен алғысымызды айтамыз! Сұхбатымызды бастамас бұрын бүгінгі біздің кейіпкеріміз туралы дайындаған шағын анықтамаға назар аударайық.

Жүргізуші: Балалар бүгінігі қонағымызбен таныс болдыңыздар. Олай болса бағдарламамызды бастаймыз!

Біздің бағдарламамыздың негізгі мақсаты: сіздің қарапайым өмірдегі болмысыңызды көрсету, балалардың көмегімен әрине. Ендеше дайын болсаңыз балалардың сұрақтарына жауап беремін, дайындаған тапсырмаларды орындаймын деп уәде беріңіз. Олай болса көп созбай кезекті балаларға берейік.

  1. Сұрақ: Саламатсыз ба? есімім , мұғалім өзіңіз қалаған мамандық па? Осы мамандықты таңдауға не себеп болды?

  2. Сұрақ: Cұрақ: Есімім , суретті неше жастан бастап салдыңыз?

  3. Сәлеметсіз бе? Менің есімім Ақерке , сізге қояр сұрағым Достарыңыз көп пе, достық туралы не айтасыз?

  4. Сұрақ: Менің есімім , Балалық шағыңыз туралы айтып берсеңіз.

  5. Сұрақ: Есімім , сізге қояр сұрағым рұқсат болса,

  6. Есімім , Ұстаздық қызметіңізде кедергілер мен қолдаулар болды ма?



Жүргізуші:

Құрметті тапсырмаға кезек келіп тұр. Мына ыдыстың ішіне балалар алдын ала тапсырмалар жазып дайындап салып қойған ішінен біреуін таңдап, жауап берсеңіз. Рахмет. Бұл тапсырмадан мүдіремей өттіңіз. Балалар қандай баға береміз. Бәрекелді!

Тапсырмалар қиын болып жатқан жоқ па? Алда тағы бір тапсырма, тосын сый күтіп тұр. Ал онда кезек сіздерде балақайлар.

  1. Сұрақ: Есімім , Сіз бақытты адамсыз ба?

  2. Сұрақ: Есімім , Арманыңыз бар ма?

  3. Сұрақ: Менің аты-жөнім Отбасыңызда әке жолын қуып ұстаздық қызметте жүргендер бар ма?

  4. Сұрақ: Есімім , Елбасы жолдаған «Мәңгілік ел» ұрпақтары қандай болуы керек?

  5. Сұрақ: Есімім , Хоббиіңіз бар ма?

Жүргізуші: Рахмет. Бүгінгі бағдараламамызға психолог қатысып отыр Сағындықова Сағыныш Сағындыққызы. Ол кісінің міндеті сұхбат барысында кейіпкердің мінез- құлқына, іс-әрекетіне қимыл-қозғалысына қарап сипаттама беру. Сипаттама кейіпкердің жасырын болмысын сұхбат кезіндегі көңіл-күйін анықтайды. Кезек психологтың тапсырмасы айдарында. Бүгінгі сыр-сұхбаттан алған әсеріңізден бір сурет салып берсеңіз. Сөз кезегін психологқа береміз.

Жүргізуші:

Көптеген сұрақтар қойылды. Сұхбатымыз мән-мағынаға толы әдемі сұхбат болып жатыр деген ойдамын. Солай ма балалар? Тамаша!

Енді бағдарламамыздың дәстүрлі кезеңі келіп жетті. Сұхбат кезінде өзіңізге ұнаған ең үздік сұрақ иесіне мына кітапты өз қолтаңбаңызбен сыйға тартасаңыз.

Ағай менің қолымдағы не нәрсе екенін білесіз бе? Смайликтер

Қазіргі жастарымыздың ұялы байланыс арқылы хабарлама жібергенде өздерінің көңіл-күйлерін осындай смайликтермен білдіреді. Олай болса біз де сіздің бүгінгі кездесуімізден алған көңіл-күйіңізді білгіміз келіп отыр. Солай емес пе балаалар? Өзіңізге жақын смайликті таңдап, оны өз жүзіңізбен қайталап берсеңіз. Керемет. Рахмет.

Жоғарыда айтып өткендей сізге тосын сыйымыз бар бағдарлама барысында сізді сыртыңыздан бақылап сіздің нар тұлғалы кескін-келбетіңізді ақ қағазға түсіріп портретіңізді салып сізге «Сырлы бояу» үйірмесінің атынан бүгінгі бағдарламадан естелік болсын деп сыйға тарту еткелі отырған оқушымыз бар, суретің дайын болса келе ғой Айым. Қандай керемет ағай қабыл алыңыз, Айым саған үлкен рахмет өнерің өрлей берсін!

Сіз сияқты тұлғалармен кездесу балалар үшін біздер үшін тәрбиелік мағынасы айтпаса да түсінікті.

Сондықтан бағдарламамызға келіп балалармен сұхбаттасқаныңыз үшін үлкен рахмет. Бүгінгі сұхбат барлығымызға ұнады ма? Ендеше сіздің сұхбатыңызға үздік деген баға береміз.

Жүргізуші:

Сөз кезегі Жанар Есенғосқызына беріледі.

Жүргізуші:

Қайрат ағай бағдарламаға қатысып отырған балаларға айтар тілегіңіз.

Бүгін қызықты кездесу болды, сізді басқа бір қырыңыздан танығандай болдық. «Сыр сұхбат» бағдарламасына уақытыңызды бөліп балалармен сұхбаттасқаныңыз үшін үлкен рахмет. Сізге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, ұзақ ғұмыр отбасыңыз аман болып еңбегіңіз жана берсін демекпіз. Бағдарламаға қатысып отырған оқушыларға да үлкен алғысымды білдіремін. Оқуда озат болып ата-аналарыңды қуантып жүре беріңдер демекпін.

«Сыр-сұхбат» бағдарламасы осымен аяқталды, келесі кездескенше еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

Бағдарламамыздың соңы дәстүрі бойынша барлығымыз ортаға шығып естелікке суретке түсіп алайық.























Шалқар аудандық «Оқушылар Сарайы»ММ-де қазан айында өткізілген «Сыр сұхбат» бағдарламасының анықтамасы.

Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ –де «Сырлы бояу» дизайн үйірмесінің жоспарына сәйкес қазан айының он жетінші жұлдызында «Сыр сұхбат» бағдарламасы өткізілді.

«Сырлы бояу» дизайн үйірмесінің жетекшісі С. Шешебаева алдымен бағдарламаға қатысушы көрермендерге құпия қонақты жасырып, сипаттады. Оқушылар құпия қонақты тауып, ерекше қошеметпен. бағдарламаның құрметті қонағы Шалқар аудандық көркемсурет лицейінің директоры Төлеуов Дәулетжан Бақытжанұлын ортаға шақырылды. Бағдарламаны бастамас бұрын Дәулетжан Бақытжанұлы туралы шағын анықтама көрсетілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты: балалардың сұрақтарының көмегімен, бүгінгі кейіпкеріміздің қарапайым өмірдегі болмысын көрсету.

Оқушылар көптеген қызықты сұрақтар қойды. Сонымен қатар қызықты тапсырмалар берілді. Оның ішінде психологтың тапсырмасы деген айдар көрермендерге ерекше ұнады. Даулетжан Бақытжанұлы өмірлерің гүлдей жайнай берсін деген ниетпен сыр-сұхбаттан алған әсерін суретпен жеткізді. Психолог сұхбат барысында кейіпкердің мінез- құлқына, іс-әрекетіне қимыл-қозғалысына өз қолымен салған суретіне қарап сипаттама берді. «Сырлы бояу» дизайн үйірмесінің оқушысы Нұрлыбекқызы Жанелдің орындауында «Бақытты балалық шақ» әні шырқалды. Ең үздік сұрақ «Балалық шағыңыз туралы айтып берсеңіз» иесі Ақниетке Даулетжан ағай өз қолтаңбасымен кітапты сыйға тартты. Бағдарламаға қатысушы оқушыларға өз алғысын айтып, тілегін білдірді. Сарайымызға келген құрметті қонақтардың қолтаңбасын алу дәстүрі бойынша Даулетжан Бақытжанұлы да өз қолтаңбасын қалдырды. Сұхбат соңында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ Нұрғалиқызына сөз берілді. Дәулетжан Бақытжанұлының сұхбатына көрермендер үздік деген баға берді. «Сырлы бояу» дизайн үйірмесінің атынан С Шешебаева Дәулетжан Бақытжанұлына естелікке фотоальбом сыйға ұсынды. Бағдарламаға қатысушы көрермендер ортаға шығып естелікке суретке түсті. Бағдарлама тәрбиесі мол мән-мағынаға толы әдемі сұхбат болды.





Анықтама жазған: С. Шешебаева.

«Сыр сұхбат» бағдарламасы



Picture 5

Picture 1 Picture 2 Picture 7



Picture 15 Picture 8 Picture 11









«Сыр сұхбат» бағдарламасы



Picture 14 Picture 10 Picture 3



Picture 4 Picture 13



Picture 12









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!