Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің
№ 2 мектеп-лицейі» КММ
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Кожасагитова Г. Д.
Қазақ халқының көрнекті жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Сырбай Мәуленов Ұлы Отан соғысына қатысып, ұрыс даласында солдаттардың қиян-кескі шайқасының бел ортасында жүріп, тағдыры шын мәнінде ауыр болған еді.
1940-жылдың жазы. Сырбайдың он сегізге толған шағы. Бұйра шашы желге желбіреген, аққұба, денелі, көзге түсіп жүрген келісті жігіт болды. Ойда жоқ жерден әскери комиссариаттан шақыру қағаз келіп, көп ұзамай қатарына міндетін өтеу үшін бір топ жастармен эшелонға отырып, алыс сапарға аттанып кеткен. Содан әскери борышын өтеп жүрген басқалармен бірге Дондағы Ростовта қатардағы жауынгер болды...
«Он сегізде жүрдім Дон алабында,
Үлкенмін бе, әлде жас баламын ба.
Қара жаңбыр, қара түн, қара жел де,
Қақпа алдында тұрамын қарауылда...»
деген өлең жолдарын жазғаны сол жолы. Бір жылға толмайтын уақыт ішінде денсаулығы сыр беріп, әскер қызметке жарамсыз болып, елге қайтарылған.
1941-жылдың жазында соғыстың басталғаны туралы хабар жұртты бір есеңгіреткенде, күзде Сырбай өз тілегімен соғысқа аттанатын болды. 1941-жылы жазылған мына өлеңнің:
«Тыңда, жолдас комиссар,
Жібер мені майданға.
Қан жорықта жүрейін,
Қайырламай қайранға...»- дейтін жолдары сол жылдардың куәсі.
Содан Сырбай майданға аттанып кетті. 1942 жылы Сырбай Мәуленов Волхов майданында лейтенант болып, саяси мәселелер жөніндегі командирдің орынбасары болды. 43-жылы Волхов майданы бойынша Ленинград бағытына жойқын шабуыл жасалды. Лейтенант, комиссардың орынбасары Сырбай Мәуленов Волхов бағытындағы шайқастарда көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, кейін «Ленинградты қорғаушы» медальімен марапатталған. Он тоғызға толмай жатып соғысқа аттанған жас жауынгер сол кезде де жүрегінен қан ағызғып отырып, майдан тақырыбына жалында жырларын арнаған. 1943 жылы Ленинград қоршауы бұзылған кезде жауынгер Сырбай ауыр жарақат алып, ауруханада емделгеннен кейін әскерден қайтарылды. 1943-1950 жылдары Сырбай Мәуленов Қостанай облыстық газетінің редакторының орынбасары міндетін атқарып, кейін Жазушылар одағының кеңсесінде жұмыс істеді. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1948 жылы жарық көрді, содан кейін отыздан астам поэтикалық кітабы басып шығарылды. Соғыс тақырыбына көп қалам тартқан Сырбай Мәуленовтың мынадай еңбектері орыс тіліне және КСРО халықтарының тіліне аударылды:
«Қайтармыз Қазақстанға», «Майдан жолында», «Волхов» , «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Солдат туралы баллада», «Шекара түні» «Ұшқан ұяда», «Жорық жылдың хаттары», «Соғыс жайын сұра сен», «Жығылды жаудың жалауы».
Белгілі сыншы, академик Серік Қирабаев «Сырбай -классик» деген мақаласында: «Сырбайдың көзін аша көргені әскери өмір, Ұлы Отан соғысының қанды қырғыны екені белгілі. «Әскери өмір менің өмірімнің мектебі болды» деп оны өзі де айтқан. Соғыста ол өлім мен өмірдің жекпе -жегін көрді, өлімнің өзімен жалғасып туындап жатқан өмірді таныды, шындықтың қоғамдық, адамдық мән мағынасын терең пайымдады, адам сырына үңілді. Сырбайдың «Сәлем, Волхов орманы», «Назияда күн ашық», «Синявино шайқасы» тағы басқа өлеңдерінде ақын Ленинград жеріне ыстық сезімін, сүйіспеншілік көңілін суреттейді.
Сырбай Мәуленовты заманауи ақын деп те айтамыз, себебі бүгінгі заман оның барлық өлеңдерінде бар уайыммен және үреймен өмір сүреді. Бірақ бұл тақырып жер бетінде өмір сүргендердің ең басты жауапкершілігі – өткен мен болашақ алдында бағынышты. Мәуленовтың өлеңінің лирикалық кейіпкері өлімді жеңіп, майдандас достарын қайта тірілтеді. Өйткені, олардың алда жаңа биіктер мен шекаралар, жеңіске жетудің ұлы жолы тұрды. Ақынның поэзиясы бізге адамдар бәрін жеңе алады, олар жақсы болашақты құра алады деген мақсатты тағы да еске салады. Ақын туған жеріне, табиғатқа үлкен құрметпен қарайды. Сол себепті ақын шығармаларында Отан қай жерде болмасын, адаммен бірге жүретін, аспанда қалықтаған қарлығашпен байланыстырылады.
Қайтармыз Қазақстанға
Асқар тауға шығармыз,
Бұлтымен бір бұлдырап.
Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны,
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.
Сырбайдың 1941 жылы Волхов майданында жазған мына өлеңінде
«Жауынгермін құшағымда
Керілген көк, кең дала.
Дауылды ермін, құшағымда,
Еркін ескен жел ғана.
Жайнаған от, шарлаған оқ,
Қаулаған өрт айналам.
Көкірегімде лаулаған кек,
Бұрқ-сарқ етіп қайнаған.
Жерге болмас шек десе де,
Жерге сыймас бұл кегім.
Аспанда шек жоқ десе де,
Сыймас оған жүрегім»- деп, ақын сезімі селдей тасып-ақ тұр. Өз сөзімен айтсақ «бұрқ-сарқ қайнап тұр». Соғыс көрдім, қан майдан кештім деп жасымай, керісінше, жастық жалынын жасын жырмен суарып, жүрегін атқан таңның шапағымен, сұлу сөздің мақамымен әлдилеген ақын үшін өмірдің әр сәті әдемі өлеңнен тұратындай.
Ал мына бір өлеңі 1942 жылы жазылыпты.
«Сіздің жақта осы күні жаз екен,
Біздің жақта қыс болып тұр, жанеркем.
Сәлем жолдап көшкен бұлттан отырмын,
Бұлт жолына қарашы өзің таңертең.
Майдан деген сапырылған қан екен,
Қиын-қиын қилы жолы бар екен.
Шың қияда, шыңырауда келемін,
Шын күтсең тек, оралармын, жанеркем».
Ақын бізге «соғыс құрсын» деп ақыл айтпайды, ол адамзатқа, сосын оқырманына соғыстың қып-қызыл қаннан тұратынын ескертеді. Қолында берені, ойында өлеңі бар жап-жас ақын үшін әр кез өмір мен өлім арасындағы арпалыс болғаны шындық. Сонда да ол мына тіршіліктен, елінен, жерінен үмітін үзбейді. «Мен ораламын» деп асқақ мінезбен, айдарлы қалыппен сөйлейді. Жүрегі нені қаласа, тағдыры соны бұйырып, ақын соғыстан аман-есен оралған екен..
Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұтас бір майдан сарынын алып келген даладай дарынды ақын Сырбай Мәуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қалдырды.
1. М.Қаратаев «Шығар шың алда» Алматы 1972ж
2. С.Мәуленов «Екі томдық шығармалар жинағы»
3. «Қазақ Совет әдебиетінің очеркі» Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институты дайындаған. 1958ж.
4. Қазақ әдебиеті «Соғыста қайтқан Сырбай»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сырбай Мәуленов шығармашылығы

шағым қалдыра аласыз