Материалдар / Сурет сабағы "Бауырсақ қалай домалайды"

Сурет сабағы "Бауырсақ қалай домалайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карта
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

6 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта.

Тәрбиешінің аты-жөні: Тасқараева А.Т 18.11.2016 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Бауырсақ қалай домалайды»

Мақсаты:

Білімділік: оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту;

Дамытушылық: саусақтарының бұлшық еттерін дамыту;

Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық материалдар және ертегіге керекті кейіпкерлер, әртүрлі майлы қарындаштар, әр балаға сары түске боялған қағаздар, қол сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: қамыр, домалақ, домалайды.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Тәрбиеші балалардың есіне «Бауырсақ» ертегісін түсіреді.

-Атай мен әжей ұннан қамыр илеп,одан домалақ бауырсақ пісіріп,терезенің алдына қойған кезде, ол домалап кетеді. Түзу жолмен домалап келе жатқанда аюға,қасқырға,қоянға жолығады, ең соңында түлкіге кездеседі. Түлкі оны аяп,атай мен әжейге алып барады. Ертегі кейіпкерлерін фланелеграфқа қою арқылы естеріне түсіреді.



Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Бауырсақ үйіне келген соң, ойыншықтарға жете алмай адасып кетеді. Біз бауырсақ одан әрі адасып жүрмеу үшін оған әдемі түзу жол салып берейік.

Алдарында бауырсақтың бейнесі бейнеленген парақ қағаз бар.

Бауырсақтың бейнесінен бастап оңнан солға қарай екі түзу сызық сызасыңдар да, өздеріңе ұнаған түстермен бояйсыңдар. Бұл бауырсақтың адаспай жүруіне көмектесетін жолдар болады. Егер сендер жолды қисайтып алсаңдар,бауырсақ тағы да адасып кетуі мүмкін.

Сондықтан мұқият болуға тырысыңдар.

Тәрбиеші үлгі суретті көрсетеді. Түзу сызық сызу қолынан келмей отырғандарға көмектеседі. Балаларға салған суреттері бойынша әңгімелетеді.


-Міне, осындай әдемі түзу жолмен бауырсақ ойыншықтарға аман-есен, адаспай жететін боды.




Балалар тәрбиешінің нұсқауымен екі сызық сызып, өздеріне ұнаған түстермен бояйды.







Балалар өздерінің салған жолдары жайында әңгімелейді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Тәрбиеші балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын бағалап қорытындылайды.


Балалар өз жұмыстарын тамашалайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қарындашты дұрыс ұстау дағдысын;

Игереді: жолдың, яғни сызған сызықтарының түзу болып шығуын;

Меңгереді: солдан оңға қарай екі түзу сызық сызуды.

21 Желтоқсан 2017
8744
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі