Сурет салу "Доп"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет салу "Доп"

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрту әдісімен мақта таяқшасын қолданып сурет салуды балаларға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Кіші сала: «Сурет салу».

Тақырыбы: «Доп» (түрту әдісімен мақта таяқшасын қолданып сурет салу)

Мақсаты: Түрту әдісімен мақта таяқшасын қолданып сурет салуды балаларға үйретуді жалғастыру. Бейнелеу өнерінің дағдысы мен шеберліктерін дамыту. Қайырымдылық, бауырмалдық қасиеттеріне және өз ойыншығын ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Қос тілдік компонент: доп-мяч, секіреді - прыгает, дөңгелек - круглый, марғау – котенок.

Көрнекіліктер: Альбом парағы, мақта таяқшалары, акварель бояулары, қағаз майлықтар, су құйылған стакан.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті


Балалардың іс- әрекеті


Мотивациялық-қозғаушы


Балаларға арналған тақпақ оқимын: Т.Елеусізұлы

«Мысық»
Маған тура қарайды,

Бәлкім қамқор санайды.

Ертеңгісін тұра сап,

Бас-көзін жалайды.

Қ.Мырза Әлі

«Мысық»

Көп жұмысты күнімен

Келгендей-ақ «қиратып»,

Отыр мысық тілімен

Үш тал мұртын ширатып.

- Қазір бізге қонаққа келушіні кім біледі?

  - Ия, бізге бүгін екі кішкентай марғау келіп отыр. Марғаулар көңілсіз

Оларға не болды екен,сұрап,көрейікші.

Олардың көңілсіз болған себебі, марғауларда ойнайтын ойыншықтары жоқ екен.

- Балалар, марғаулар немен ойнағанды ұнатады?


Тақпақтарды тыңдайды.











Келген қонақты танып, айтады




Марғаулардан неге олар көңілсіз екенін сұрайды.


Балалар марғаулар немен ойнағанды жақсы көретінін айтады: доп, дөңгелек жіп, жіптер.

Іздену-

ұйымдастырушылық




Әр баланың алдына альбом парағын қоямын. Онда марғаудың суреті салынған және осы параққа марғауға арнап үлкен, әдемі доп салуын сұраймын.

Алдымен саусақтарға жаттығу жасауды ұсынамын:

Біздің үйде мысық бар.

Марғаулары оның бар.

Он марғау бар, әдемі!

Марғаулардың жұбы бар:

Толық марғау – пысықпен,

Үлкен марғау – жылдаммен,

Кіп-кішкентай екеуі,

Бірге ойнап жүгірген!!!

Қос тілдік компонент:

доп-мяч, секіреді - прыгает, дөңгелек - круглый, марғау – котенок.

Балаларға сурет салу жолдарын көрсетемін.

Түсіндіремін:

Мақта таяқшасын ұш жағынан оң қолмен ұстап, ал оның екінші шетін акварельге малып, таяқшамен бояуды алады.

Алдымен, мақта таяқшасы құрғақ кезінде, онымен ауада жаттығу үшін дөңгелек жасап көруді, содан кейін ғана бояуы бар мақта таяқшасымен қағаз парағына сурет салуды керек екенін түсіндіремін.

Жұмысты бастауды ұсынамын.

Сурет салу кезінде балаларға көмектер көрсетемін.


Балалар өз аттары жазылған альбом парақтарын және жұмысқа қажетті құралдарын алады.


Алақанды ашып, екі қолдың саусақтарын қарама-қарсы біріктіреді.


Бірге жұмылған саусақтарды, әрі-бері қозғалтамыз.

Саусақтарды бір-біріне ақырын соғамыз.




Қайталайды: доп-мяч, секіреді - прыгает, дөңгелек - круглый, марғау – котенок.

Тәрбиешінің түсіндіруін мұқият тыңдайды. Олар мақта таяқшасын қалай ұстауды және онымен сурет салуды, үш түрлі түр-түс шығуы үшін оны қандай түсті бояуға малуы керек екенін тыңдайды








Өз бетінше жұмыс жасауға кіріседі.

Рефлексивті – түзеуші


Сабақтың қорытындысы. Балаларға мақтау сөздер айтамын: «Енді марғаулардың әртүрлі, әдемі доптары көп болды. Марғаулар көңілді ойнайды!»

Жауап сөздер айтуға әсер етемін.

Көлемі, түр-түсі аталуымен қорытынды жасаймын.

Ойыншықтарды ұқыпты ұстау туралы балалардың жауаптары тыңдалады

Өз жұмыстарын қарап, бақылайды.


Күтілетін нәтиже :

Ұғынады: түрту әдісімен мақта таяқшасын ұқыпты қолданып, сурет салуды үйренеді; орыс тілінде жаңа сөздерді біледі.

Түсінеді : ойыншықтарды ұқыпты ұстауды

Қолданады: бейнелеу өнерінде құралдарды қолдануды бұрыннан білетін дағды мен шеберліктерін



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
8138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі