Күні:
Тәрбиеші: Тапалова Г.У.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:«Күн»
Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез –құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күн сәулесі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі.
Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды.
Тәрбиеші «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.
-Күн – бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады.
«Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны.
-Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?!
(Балалар жауап таба алмаса, тәрбиеші өзі айтады).
-Қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызылсары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық.
Тәрбиеші бір түсті айтады, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды айтады.
Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.
-Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз.
Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады.
Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.
Қонаққа келген Күн«Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырады. Тәрбиеші балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн рақметін айтып, шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді.
Игереді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін.
Меңгереді: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сурет салу "Күн"
Сурет салу "Күн"
Күні:
Тәрбиеші: Тапалова Г.У.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:«Күн»
Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез –құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күн сәулесі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі.
Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды.
Тәрбиеші «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.
-Күн – бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады.
«Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны.
-Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?!
(Балалар жауап таба алмаса, тәрбиеші өзі айтады).
-Қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызылсары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық.
Тәрбиеші бір түсті айтады, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды айтады.
Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.
-Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз.
Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады.
Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.
Қонаққа келген Күн«Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырады. Тәрбиеші балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн рақметін айтып, шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді.
Игереді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін.
Меңгереді: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.
шағым қалдыра аласыз













