Материалдар / Сурет салу "Тікенекті кірпі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сурет салу "Тікенекті кірпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
7412
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

22 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта.

Тәрбиешінің аты-жөні: Тасқараева А.Т 09.02.2017 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»

Мақсаты:

Білімділік: балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру.

Дамытушылық: қысқа, түзу сызықтарды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру.

Тәрбиелік: жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық материалдар және тиін. Түрлі түсті қарындаштар, сурет дәптері.

Сөздік жұмыс: тікенекті кірпі.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға орманнан тиін келгенін, ол өзінің досы туралы жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады:

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

Таңыпты арқасына мың тікенді.

Ашуланса аяқ-қолын көрсетпейді,

Көресің көзің салсаң ғажайыпты.

Балалар жұмбақты шешкен соң тәрбиеші балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,кірпі туралы, оның тіршілігі және оның ерекше тікенектері жайлы түсінік береді. Сөздік жұмысын жүргізеді.


Балалар тиінмен сәлемдеседі. Балалар да өздерінің достары жайлы ойларын айтады. Балалар шешуін ойланып табады. Суреттегі кірпілерді тамашалап, тікенектері арқылы жауынан қорғанатыны жайлы әңгімелеп айтады. «Тікенкті кірпі» сөзін бір-біріне қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тиін балаларға өзінің досы тікенекті кірпінің суретін салуды ұсынады. Суреттің дайын үлгісін көрсетіп, кірпі туралы әңгіме жүргізеді. Кірпінің тікенектері оны жауынан қорғайтындығы туралы айтады.

Кірпінің тікенектерін салу тәсілін көрсетеді. Содан соң балаларға сурет салуға арналған ,үзік сызықтармен бейнеленген кірпі үлгісі бар үлестірмелі материалды таратып береді. Балалар алдымен үзік сызықтарды қосып, кірпінің бейнесін дайындап алады. Ішін сұр түсті қарындашпен жұқалап тегістеп бояйды. Содан соң қысқа тік сызықтар түсіру арқылы тікенектерін салады. Тәрбиеші тік сызықтардың арақашықтықтары біркелкі болуына назарларын аударады. Сурет салып болғаннан кейін барлығы бірге көзге арналған жаттығулар жасайды.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Дайын дәптерге қарындашты пайдаланып, жартылай дөңгеленген кірпінің бейнесін үзік сызықтар арқылы салады.



Тікенектерін қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы салады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Тиін әр баланың қасына барып, өте жақсы салғандарын, өзінің досы кірпіге апарып көрсететінін айтып мадақтайды. Қоштасып қайтады.

Балалар тиінмен қоштасады. Салған суреттерін кірпіге беріп жібереді. Жұмыс орындарын жинастырады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: тікенекті кірпі туралы түсінікті;

Игереді: достардың әрқашан бір-біріне көмектесу қажет екендігін;

Меңгереді: үзік сызықтарды қосып, қысқа, түзу сызықтарды сызу арқылы кірпіні салуды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!