Суретті өңдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Суретті өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
4- бөлім. Компьютерлік суреттер


Мектеп: №127 ЖОББМ

Мерзім:

Мұғалім аты-жөні: Б.П.Байтуреева

Сынып: 3

Сабаққа қатысқандар саны:


қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

 Суретті өңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану


Сабақ мақсаты:

  • графикалық редактор мәтінмен жұмыс құралдарын қолдану;

  • графикалық редакторда нысанды белгілеп орын ауыстыру;

  • графикалық редакторда файлды ашу және сақтау командаларын пайдалану.

Бағалау критерийлері:

  • суретке мәтін теріп жазды;

  • мәтін қарпін, түсін, өлшемін өзгертті;

  • редакторда мәтіннің орнын ауыстырды;

  • графикалық редакторда файлды ашты және сақтады.

Тілдік мақсаттар:


Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • сурет өңдеуге арналған компьютерлік бағдарлама міндетін түсіндіреді;

  • сурет құру үшін әрекеттер тізбегін сипаттайды;

  • әртүрлі мамандық өкілдері компьютерлік кескін жасау бағдарламасын пайдалану туралы әңгімелейді.

Пәндік лексика және терминология

Мәтін, мөлдірлілік(прозрачность), масштаб, қылқалам стилі, баптаулар.

Диалог / жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы

  • Суреттерді компьютерде салған оңайырақ, өйткені …

  • Суретке жазба қолдану керек, егер …

  • Сурет көлемін өзгерту … қажет болады.

Құндылықтарды дарыту



Сабақта практикалық жұмысты орындау жауапкершілікке баулиды.

Пәнаралық байланыс

Өнер: сәулет, ғимараттар туралы ақпарат пен суреттерді қолдану.

Бастапқы білім


Оқушылар мәзірден ашу және сақтау командаларын қолдану дағдыларына ие.

Сабақ барысы


С бүкіл сыныптың жұмысы, Т топ ішіндегі жұмыс, Ж жұп ішіндегі жұмыс, Д дербес жұмыс, О оқу эксперименті, М мұғалімнің көрсетуі, Қ қалыптастырушы бағаны қолдау


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы


Миға шабуыл.

Қазақстанның әр жерінде орналасқан 4 ғимараттардың суреті ұсынылады. Төмендегі сұрақтар бойынша талқылауды ұйымдастырыңыз.

Суретте не көріп тұрсыз?

Олар туралы не айта аласыз?

Қайсысы биік немес аласа?

Қайсысы ескі немесе жаңа?

Оқушылар ойын суретке жазба жазу қажеттігіне алып келіңіз. Суретке қандай жазба жазу қажеттігін талқылатып алыңыз. Мысалы, ғимарат атауы, биіктігі, жылы.


Сабақтың тақырыбын анықтатуыңызға болады. Кейін тақтаға әр суреттке қажетті жазбаны жазыңыз.


Оқу мақсатын талқылау.

Оқушылармен оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижелер туралы талқылау ұйымдастырыңыз.

Презентация

Сабақтың ортасы



Жұптық жұмыс.

Тапсырма

Ресурс 1” атты файлды аш. Оған жазба енгіз. Жазбаға Times New Roman қарпін қолдан. Ғимарат атауларына Ж(полужирный) стилін, биіктігі туралы мәтінге К(курсив) стилін, ал жазылған жылға Ч(подчеркнутый) стилін қолдан. Әр ғимарат астындағы жазбаны әр түсте орында.


Тапсырманы тексеру критерийі

Оқушылар тексеру критерийіне дескрипторлар құруға ат салысады.


Критерий

Дескриптор

мәтін қарпін, түсін, өлшемін өзгертті;

Жазбаға Times New Roman қарпін қолданды

Ғимарат атауларына Ж(полужирный) стилін қолданды

биіктігі туралы мәтінге К(курсив) стилін қолданды

жылына Ч(подчеркнутый) стилін қолданды

жазбаны әр түсте жазды

графикалық редакторда файлды ашты

Жұмыс үстелін таңдау алды

Файлды редакторда ашты


Өзін-өзі бағалау

Критерий бойынша өзінің жұмысын бағалау.

! Қажет жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.


Жеке жұмыс.

Тапсырма

Ресурс 2” атты файлды аш. Бөлме сызбасы және бөлмелер атаулары берілген. Қажетті атауларды орнына орналастыр. Файлды сақта.


! Тапсырманы бермес бұрын оқушылармен талдап алыңыз. Қалай орын ауыстыруға болатындығын көрсетіңіз. Жылжытпас бұрын белгілеп алуды қажеттігін естеріне салыңыз.

Презентация

Ресурс 1


Сілтемелер:

http://bilimland.kz/

















Ресурс 2


5 сынып

Графикалық ақпаратты өңдеу: масштабтау және суреттің орнын ауыстыру

Сабақтың соңы


Рефлексия

Тақтаға әр бетке басылған командалар мен құралдарды жапсырыңыз. Оқушылар бүгінгі сабақта қолданғандарын таңдап, оны не үшін пайдаланғандарын түсіндіреді.


Ресурс 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация: Практикалық тапсырмада өз таңдауларын (қаріп түрі немес түсі) безендіруде қолдану арқылы даралау. Өзара көмек ұйымдастыру.


Жұптық жұмыс нәтижесін бағалауды ұйымдастыру.


Информатика кабинетінде сақталу ережелерін естеріне салып отыру. Көзге жаттығу жасату.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2018
432
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі