Білім саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жаңа жыл».
Смарт мақсаты: Балалардың қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы білімдері кеңейеді. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы ойлау қабілеттері, сөйлеу тілдері дамиды. Сөздік қорлары нығаяды.
Билингвалды компонент: жаңа жыл–новый год, ойыншықтар-игрушки.
Психологиялық дайындық:
Сәлем,саған жаңа күн,
Сәлем саған көк аспан.
Қуанышпен әр таңды,
Қуана қарсы алайық!
- Балалар,бүгінгі күніміз көңілді өтсін деп тілеймін! Балалар,бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Себебі,бүгін біздерге қонаққа балабақшадағы апайларымыз келіп отыр. Кәне,бәріміз апайларымызға амандасып алайық!
-Сәлеметсіздер ме!
Суретпен жұмыс:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілі екенін қайдан білдік?
-Күннің салқындағанынан.Қар жауады.
-Балалар,енді мына суретке назар аударайық. Мұнда балалар не істеп жүр?
(Балалар сурет бойынша өз ойларын айтады).
Жұмбақ жасыру:
-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.Ал сендер соның жауабын табуға тырысыңдар.
Жасыл ине киемін,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласақ,
Төріндемін үйінің. (Шырша)
-Дұрыс айтасыңдар! Жұмбақтың жауабы шырша екен.Біздің тобымызда шырша бар ма?
-Бар.
-Шыршаның түсі қандай?
-Жасыл.
-Біздер шыршаны не үшін әсемдеп,безендірдік? Қандай мереке үшін?
-Жаңа жыл мерекесі үшін.
-Дұрыс,балалар. Жаңа жыл мерекесі үшін.Жаңа жылда сендерге көп сыйлықтарын алып,алыстан сендерді сағынып кімдер келеді?
-Аяз ата мен Ақшақар.
Сергіту сәті:
«Жаңа жыл» видеомен:
Ойын: «Шырша».
Балалар кезекпен тақпақтарын айтып,шыршаға ойыншықтарын іледі. Солай шыршаны безендіреді.
Смарт мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттері дамыды. Ойынға деген қызығушылықтары артты.
Ойын: «Пазл».
Балалар үстел үстіндегі суреттерден пазл құрастырады.
Смарт мақсаты: Балалардың шапшаңдыққа,жылдамдыққа деген ынталары артты.
Кері байланыс:
-Балалар,біздер бүгінгі оқу қызметінде не үйрендік?
-Не туралы айттық?
Балалардың жауаптары.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндермен танысу».
Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру.Олардың пішіндерінің бір-біріне ұқсас және айырмашылықтарын түсіндіру. Айналадағы заттардың пішіндерін анықтауды бекіту. Зеректік пен адамгершілік және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер:
Жарқырап күн ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Біз – нәп-нәзік қыздармыз,
Біз – ержүрек ұлдармыз.
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы күн, қонақтар
Сіздерді көріп қуандық!
– Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келген екен. Олай болса, біз амандасып алайық!
– Сәлеметсіздер ме?
– Қош келдіңдер, бізде бүгін өте көңілді оқу қызметі болмақ.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Балалар,сендер ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?
-Күнді көреміз.
-Күн бізге несін береді?
-Жылуын және жарық береді.
-Ал,балалар,кәне бәріміз шеңбер құрайықшы.Біз неге ұқсадық?
-Күнге,допқа,шарға.
-Балалар,бір-бірімізге күлкі сыйлайықшы.
Оқу қызметінің тақырыбы: ”Шаршы, шеңбер және үшбұрыш” деп аталады.
-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын.Таба алар ма екенсіңдер?
Атына сай балалар,
Үшбұрыш,үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар. (Үшбұрыш)
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Ендеше,ортаға үшбұрышты шақырайық
Үшбұрыш
Үшбұрышпын мен балалар,
Бұрыштарымды қане, санаңдар.
Бүйірімдегі қос қабырғам
Жалғыз табан менде бар.
– Балалар, мына пішін неге ұқсас келеді? Түсі қандай?
– Қызыл түсті, үйдің шатырына ұқсайды.
– Керемет, өте жақсы таптыңдар.
– Үшбұрыштың аты айтып тұрғандай үш бұрышы, яғни үш төбесі болады. Сонымен қатар үш қабырғасы болады.
Баймұрат:
Шеңбер:
Балалар, маған қараңдар,
Мен шеңбермін, не керек.
Жер шарындай шеңбермін
Күн де, ай да дөңгелек.
– Балалар,мына пішінді шаршы деп атаймыз. Қане, қайталаңдаршы ?
– Шаршы.
– Балалар, “Шаршы” деген төрт қабырғалары, биіктігі, ені мен ұзындықтары бірдей пішінді айтамыз. Оларды қалай теңестірсек те тең болады. Олардың бұрыштарын беттестірсек үшбұрыш болады.
Жұмбақ:
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оныцң атаңдар. (Дөңгелек)
Раяна:
Дөңгелек:
– Ал, мына пішін – дөңгелек.Ол пішінде қабырға да бұрыш та болмайды. Қалай дөңгелетсек те, ол домалай береді, яғни ешқандай кедергі жоқ.
– Қане, мынау қандай шеңбер?
– Үлкен бе, кіші ме?
– Кішкене шеңбер де, үлкен шеңбер де дөңгелейді.
– Осы дөңгелекке ұқсас нелерді білесіңдер?
– Доп, терезе, алма, күн және ай сияқты пішіндер өте көп.
– Балалар, біздің бүгінгі өтіп жатқан пішіндерімізбен біз күнде кездесіп отырамыз. Себебі, мына әлемнің өзі пішіндерден тұрады емес пе?!
Аспандағы ай мен күн дөңгелек емес пе?! Үйлер төртбұрыш болса, төбелері үшбұрыш екен, не деген қызық, балалар!
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: Балапанды құрастыру.
Ойын мақсаты: Пішіндерді дұрыс орналастыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Бала бойына ептілікті қалыптастыра білу.
Үстел үсті ойыны:
“Менің орным қайда?”
Ойынның мақсаты: Пішіндерден үйшіктің пішінін, бөліктерін тауып орналастыра білу. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқу қызметін қорытындылау.
– Балалар, бүгін біз қай пішіндермен таныстық?
– Қонаққа кім келді?
– Біз қайда бардық?
– Бәрекелді, балалар, жарайсыңдар, түгел белсенді бүлдіршіндер екенсіңдер!
– Ендеше қонақтармен де қоштасайық.
Көріскенше сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Баланың қолынан келуі: пішіндерді және олардың түстерін тани білу.
Білуі керек: ұқсас пішіндерді табу.
Баланың игергені: пішіндерді дұрыс орналастыра білу.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шырша

шағым қалдыра аласыз