Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шырша безендіреміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Шырша туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: шығармашылық, қатынас

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: «Шыршаны безендіреміз».

Мақсаты: Жаңа жыл, шырша, шырша ойыншықтары туралы жалпы түсінік беру.

Әртүрлі пішіндерді мүсіндеу және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеу іскерліктерін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, шырша суреті, ойыншықтар,тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: шырша, шырша тойы.

Билингвальды компонент: шырша-елка, ойыншықтар-игрушки.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Шыршаның суретін тақтаға ілу.

Ойыншықты мұншама

Кім ілді екен шыршаға.

Маңдайында жұлдызы –

Жарқырайды соншама.

«Бірдей ойыншықты тап!» ойынын ұйымдастыру. Ұқсас бірнеше шырша ойыншықтарын беріп, бірдей ойыншықтарды тапқызу.

Суретке қарайды.

Балалар өлең жолдарын педагогпен бірге айтады.

Екі бірдей ойыншықты табуға тырысады.

Ұйымдастырушы

лық-ізденістік

Балалар, біз қандай мерекеге дайындалып жатырмыз?

Сендер де шырша тойына ойыншық жасап, шыршаны безендіргенді қалайсыңдар ма?

Олай болса шыршамызға ойыншықтар жасап, ілейік.

Сергіту сәті.

Қар жауып, далада боран соғады.

Кішкентай шыршамыз қыста тоңады.

Орманнан шыршаны үйге әкелдік.

Әдемі ойыншықтармен оны сәндедік.

Жұмыстың орындалу тәсілін түсіндіру:

түрлі түсті ермексазды бірнеше бөлікке бөлу;

әр түсті домалақтар жасау;

әр түсті сәбіз пішіндес денелер жасау;

жасаған ойыншықтарды шыршаның үстіне қою.

Балалар шығармашылықпен шырша

ойыншықтарын жасайды.

Қиналған балаларға жеке көмек көрсету.

Жасаған ойыншықтарын үлестірмелі материалдағы шыршаға орналастырады.

Шырша тойына.



Өлең жолдарын айтып, қимылдар орындайды.

Жұмыстың орындалу барысымен танысады.


Балалар өздері мүсіндеген ойыншықтармен шыршаны безендіреді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан шырша ойыншықтарының пішіні қандай болатынын, қалай жасағанын сұрау.

Балалардың жұмыстарын мадақтау.

Жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: дөңгелек, сопақша пішіндер жасап, шыршаны әшекейлейді;

түсінеді: қыс мезгілінде болатын шырша мерекесі туралы түсінікті;

қолданады: жасаған ойыншықтарын шыршаға іліп, безендіреді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.08.2018
2273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі