Материалдар / Сырт киімдердің пішін бөліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сырт киімдердің пішін бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж студенттеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2021
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ

«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК







КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

__________ А.С.Керимкулова __________Л.С.Байсеитова

(қолы) (қолы)

«_____ »______ 2020ж. «_____ »__________ 2020ж.







1211000 –« Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығына

Онлайн ашық сабақ



Тақырыбы: «Әйелдер ұлттық киімдері»











Арнайы пән педагогы: М.А.Бегимова










Т.Рысқұлов 2020ж

Сабақ жоспары: № 26

Пәні: КМ.13.01. Арнайы сурет және киімді көркемдік безендіру

Сабақтың тақырыбы: «Әйелдер ұлттық киімдері»

Тобы: ЖТ-831

Күні: 24.12.2020ж

Сабақтың түрі: Онлайн, ZOOM платформасында

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге Әйелдер ұлттық киіміне сипаттама беру. Ұлттық киім көненің- көзі екендігін айтып. Ұлттық киімдер тұралы білімін шыңдау таныстыру.

Тәрбиелік: Таңдаған мамандығына және оқып отырған пәнге қызығушылығын арттыру, жұмысты ұйымдастыруға баулу, сөз мәнері мен мәдениетіне, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Студентерді әсемдік сұлулықты сезінуге тәрбиелеу өз мамандығын біліп үйрену және еңбек тәртібін жақсартуы.


Дамытушылық: : Өз ойларын қорыта айтып, дәлелдеп сөйлей білуге дағдыландыру, студенттің танымдық ізденімпаздығын дамыту, сауатты жауап беру дағдылығын арттыру, білімін өз бетінше дамытуға үйретуі.


Күтілетін нәтиже:

  • Топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

  • Әйел ұлттық киіміне сипаттама береді.



Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері:

  • «Сөзжұмбақ» әдісі

  • «Слайд»

  • «Видеоролик»

  • «Миға шабуыл» әдісі

  • «Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету әдісі

  • Пәнаралық байланыс:

  • Кәсіби қазақ тілі

Арнайы сурет және көркемдік безендіру











Сабақты жабдықтау:


1. Оқытудың техникалық жабдықтары: ноутбук, , слайдтар.

2. Оқыту орны: ZOOM платформасы



а) сабақтың көрнекілігі:

  • Видеоролик http:// modanaszycie.pI/pI/p/ Brother-hafciarka-F440-e/23093577...

  • Слайд «Әйелдер ұлттық киіміне байланысты

Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі:

1. А.Оралбекова, С.Әбдіжаббарова «Тігін өндірісінің технологиясы» Астана -2016

Қосымша:

1.brothers. com. ru. > product/brother-innov-is-f 440E

2. http:// modanaszycie.pI/pI/p/ Brother-hafciarka-F440-e/23093577...

Сабақтың барысы:

І. Сабақты ұйымдастыру: 2 мин.

Сәлемдесу. Студенттерді түгелдеу


ІІ. Өткен тақырыпқа шолу: 10мин. «Сөзжұмбақ» әдісі бойынша өткен тақырыптың мағынасын ашу, еске түсіріп қайталау. Сөзжұмбақ.Ұлттық киімдер .



,
























III. Жаңа сабақты түсіндіру: 15мин.

Әйелдер ұлттық киімдері көненің көзі болып есептеледі. Себебі, уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсетіні мәлім. Қонақ киімдерді қастерлеу, әрі құрмет тұту елдің кемеліне келген өскелең өмірін танытады. Өйткені, қазақтың ұлттық киімі ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан киімдердің бірі.

 Әйелдер ұлттық киімдері көненің көзі болып есептеледі. Себебі, уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсетіні мәлім. Қонақ киімдерді қастерлеу, әрі құрмет тұту елдің кемеліне келген өскелең өмірін танытады. Өйткені, қазақтың ұлттық киімі ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан киімдердің бірі.

Әйел киімдерінің ең бастысы көйлек, одан кейін сәукеле, бөрік, тақия, кимешек-жаулық, бергек сияқты бас киімдер мен қамзол, кәзекей, желетке. Әйел көйлегінің кеудесі мен етегі екі бөлек тігіліп, соңынан етекті кеудеге бүріп қосатын. Кеуденің етекке қосылған жерін көйлектің белі немесе бүрмесі деп атайды. Әйел көйлегінің кеудесі тар, етегі кең болады. Өңірі бүрмеге дейін ашық, оның асты-үсті әдіптеліп сырып өрнектеледі, мұны «қақпа» деп атайды. Ана болған әйел осы қақпа арқылы бала емізеді. Көйлектің жағасы тік шығарылып ол артынан, кейде бір жақ иық үстінен түймеленеді. Ал қыз-келіншектердің көйлегінің жағасы кестеленеді немесе қол инемен көркемдеп қайып тігіледі. Кейде жағаның үстіңгі шетін бүрмелеп желбірлеп қояды. Қыз-келіншек көйлегінің жағасының өңіріне бірнеше түймені тізіп қадайды.

Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын «өңір» деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жаң түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтың тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік, алқа деп те атай береді.Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік (құлақшын), қалпақ, шалма, шыткүлапара (башлық), жалбағай. Оларды теріден, ан терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, бергек т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал қатипа тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.

Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қара





Қазақ ұлты ұлыттық мәдениетке бай, тарихы ұзақ халықтардың бірі, халықымз атам заманнан бері көшпенді мал шаруашылығын негізгі өндіріс тәсілі ете отырып кең байтақ сахарада өздерінің орта табиғатына, шаруашылық жағыдайына қарай дәстүрлі мәдениет жаратып, атағы алыс-жақынға мәлім болған.

Міне осы сан-ғасырлық тарихы бар қазақ ұлытының ең мол рухани жұбанышы болған өнер түрлерінің бірі қолөнер десек, сол қолөнер мұралары ішіндегі қазақ тұлғасының көркі болған, сән-салтанатын асырған, дарыны мен даналығын, ерлігі мен өрлігін, дақандығы мен елдігін, абырой-атағын, жан сұлыулығын әйгілеген қазақтың киім-кешек мәдениеті өзгеше көз тартады. Міне осы дәстүрлі киім-кешегіміз ұлтымыздың тәбиғи ортасы мен көшпенді шаруашылықтың ерекшелігіне сәйкесуден пайда болған. Қазақ ұлтының тірлік кешкен ортасы, климат шарыт жағыдайы өндіріс тәсілі, ұрыпәдет діні, жол-жосын көркемөнері, дәстүрлі киім-кешектерінен білініп тұрады.

Міне, бұл арада тілге тиек етбекші болғаным, қазақ ұлыттық киім мәдениетінің бір түрі болған қазақ әйелдерінің ұлыттық киім-кешектері. Қазақ әйелдер киім-кешегі түсі жағынан әле түрі жағынан болсын ерлердің киім-кешегі жағынан көрікті де күрделі және көп болып, формасыда алуан түрлі болған. Олар киім-кешекке сапалы, түсі ашық ең асыл кездемелермен бұлдардан пайдаланған. Реңдері негізінен қызыл, жасыл, көк әсіресе ақ түсті көп істететін болған. Мұндай болуы шаманизімдік сенімнаныммен қатысы бар.

Қазақтың түт-тұқияны жөнінде айтылатын аққу-аспан тәңірі деп қаралады, арі аруақтың сұлбасы деп қаралады. Ақ түс – пәктік, бақыт, ұзақ ғұмыр және мейрімділіктің симовлы болған. Сондықтанда өркениетті қоғамға кіргеннен кейін де киім-кешек мәдениетінде алаіде сақталып отыр.

Тік жағаның сызбасы



Астыңғы жағаның ортасын артқы бой ортасымен , ал ұшын алдынғы бой ортасымен (немесе тіліктін өнделген шетімен )қосып , бұйымның терістеме жағына қояды. Содан кейін түйреп,қондыра көктейді . Астыңғы жағаны қондырып тігіп , тігім ұштарын бекітеді, тігіс ені 0,7-1см. Астыңғы жаға тігіс қиығын жаға ішіне қарай бүгіп көктеп , үтіктейді.Үстіңгі жаға қиығын астыңғы жаға тігістерін жасыратындай етіп , қайырып мойындықты бойлай көктейді. Тік жағаның ұшы тілік шетімен жалғасуы керек. Бүгілген тұстан 0,1 см шегініп бастыра тігіп , тілік пен тік жағаның (сыртына ) шеттеріне әрлеу тігімдерін жүргізеді. Егер өң жағына тігім түсіргілерің келмесе , онда мойындыққа үстіңгі жағаны қондырып тігіп , ал астыңғы жағаны машина тігіміне жасырын инешаншымдармен тігуге болады.

Жағаны мойындыққа қондыру қиын операциялардың бірі . Жағаны мойындыққа модель түріне және мата қалыңдығына қарай әртүрлі жолмен қондырып тігеді. Жағаны мойындыққа қосып көктеместен бұрын (тік жағадан сияқты) айналдыра көктеп, үстелге (үстіңгі жағаны астында қалдырып ) қиығын өздеріңе қаратып қойып , үтіктеп тегістеп аласыңдар. Қиықтарды бүгу сызықтары бойымен қайырып бүгіп (2-3см –ге ), созбай тігістеп қойып, шетінен 1,5-2см қалдырып,ине-шаншымдармен көктейді . Бұл жағаны дайын күйінде еркін бүгілетін жасайды. Қондырып тігу сызығы бойында астыңғы жағадағы артық матаны үстіңгі жағамен теңестіріп қияды.


















Ғылыми жұмыс жетекшісі: Дауырбаева Бибігүл Жақсылыққызы

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының

арнайы пән оқытушысы.










2018 жыл

 





 

 



 

 



 




 





 


 


 


 


 


 


 

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 





Shape1











































ВИДЕОРОЛИК








ІV. Студенттің білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту ( пысықтау), сабақты қортындылау 8 мин.





  1. «Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойыны

Шарты: Слайдта көрсетілген суреттегі тұлғалар бойынша жауап береді.

1.Қазақстан Республикасының президенті? (Қасым-Жомарт Тоқаев)

2.Отандық дизайнер кім ? (Құралай Нұрқаділова)

3.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ? (Асхат Аймағамбетов)

4.Қазақстандық дизайнер кім? Жадо (Жадыра Сахиева)

5.Қазақстандық дизайнер кім? (Берик Исмаилов)

6.Қазақстандық дизайнер кім? (Аида Кауменова)

7.Ерекше сән үлгілерімен танылып жүрген жас дизайнер кім? (Салтанат Баймұхамедова)

8. Қазақстанда, Қырғызстанда танымал жас дизайнер кім ? (Наиль Байкучуков)

9.Түркістан облысының әкімі? (Өмірзақ Шөкеев)





V. Студенттерді бағалау: Балдық жүйе бойынша

VI. Үйге тапсырма:

1.Әйел ұлттық киімін өңдеу?

2.Ұлттық киімді безендіру?







«Кәсіптік оқыту » пәндік циклдіқ комиссиясы мәжілісінде « ___ » ________ 2020 жылы қаралып, бекітілуге ұсынылды (хаттама №____)

Пәндік (циклдік) комиссия төрағасы _______ Б.Нуртаев



Арнайы пән педагогы: М.Бегимова.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!