Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Т.Әбдікұлы "Қонақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Төлен Әбдікұлының шығармасы "Қонақтар"жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы шоқтығы биік туындының бірі – «Қонақтар» әңгімесі. Шағын ғана әңгіменің идеясы мен айтар ойы тереңде.Бір қарағанда, «Қонақтар» әңгімесі әке мен ұлдың арасында немесе ата-ана мен бала арасында ренішті, көңілтолмаушылық пен зілді суреттеген шығарма болып көрінуі мүмкін. Алайда әңгіменің айтар ойын одан да терең, одан да биік ұғымдардан іздеуге болады.Ерғабыл қарияның жалғыз ұлы Сапабекке көңілі толмайтыны, үміті мен разылығын ақтамаған перзенті екені рас. Алайда Сапабектің өзі елге белгілі геолог, шетел аралаған, табысы мол маман. Бірақ Ерғабыл қарияға мұның керегі шамалы. Оған ұлының қара шаңырақты құрметтеп, ата салтты ұстанғаны, ата-ананы сыйлап, қамқорлық танытқаны қажет.Жазушы Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпаған үлкен әлеуметтік мәселені көтерген шығарма. Шығарма тақырыбының идеясы – ата-ана, ата-ана алдындағы бала парызы, туған жер, қара шаңырақ. Шығарманың түпкі идеясын ашуда бар жүкті Ерғабыл шалдың ой-толғанысы, іс-қимылы, сөзі мен өзгелермен қарым-қатынасы көтеріп тұр десе болғандай. Курорттан қайтып келе жатып, соғып кететіндігінен хабар берген, жылына бір рет қана келіп кетер баласы Сапабекті күткен әкенің ойы, арманы, Жаратқаннан күтер тілегі бар. Бірақ оны сөз саптасымен немесе қимылымен білдірмесе, ашып көрсетпейді. Ұлттық болмыстан айырылып бара жатқан жалғыз баласы Сапабектің табыстары, жер дүниені кезіп, шетелдерде болып, көпті көргендігі әке үшін мақтаныш емес. Қол-басы, омырау тұсы ашық киім киген, орысша сөйлеп, ауыл тұрмысына жат қылықтар көрсеткен келіні Томаға да, қазақша түсінбейтін немересіне де шалдың көңілі толмайды. Ерғабыл шал үшін түтінін өшірмей, қара шаңырақты ұстап қалған ұрпақ қана адал сүт емген, ата-ана алдындағы парызын өтеген бала. Ауыл адамдарына әңгіме айтып, көсіле сөйлеп отырған баласын сөзден зеки тыюында да, кетерінде немересін тастап кетуге қимаған баласына: «- Алып кет өзіңмен бірге, оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп шығар деп, түнере сөз айтуында да осы бір шалдың баласына деген наразылығы айқын сезіліп отырады. Ерғабыл шал – ұлттық болмыспен құндылықтарды сақтаушы, қара шаңырақ деген киелі ұғымды қастерлеуші тұлға. Сапабек әкесі үшін – адам бойына туғаннан берілетін мәңгілік құндылық – парыз-қарыз, борыш ұғымдарын ұғына жете түсінбейтін, бүгінгі күнмен ғана өмір сүруші бала. Көтерген тақырыбы ауыр болғанымен, сөз орамдары мен айшықты сөздер еркін қолданылған шығарманың тілі жеңіл, оқушыны баурап аларлық сюжеттер желісі айқын.Қонақтар» әңгімесі – әлі күнге дейін өзегін жоймаған шығарма. Қазіргі қоғамы да осы дерттен айыға алмай отыр. Ұлттық мұраны, халық салт-дәстүрі мен ата жолды ұстануды ұмытып барамыз. Дүбәра ұрпаққа айналған жұрт бұл өмірде «қонақ», яғни, бары да, жоғы да білінбейді.Әңгіменің «Қонақтар» аталуында да сыр бар. Ерғабыл қарияның қара шаңырағына келген өзінің туған ұлы мен немересі емес, оның аман-саулығын біле келген, жүре соққан құдайы қонақ қана. Олардың қария үшін қадірі қонақтық қана. Өз үйіне өзі қонақ болып отырған ұрпақ, шын мәнінде, өте ауыр әрі қасіретті жағдай деп білемін.Жазушы осынау ғаламдық идеялардың барлығын шағын шығармаға ғана сыйдырып, атауына ерекше мән берген.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2021
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12